20 Қазан, 2016

Өзбекстанда әскери тікұшақ құлап, 9 адам қаза болды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ферғана облысында Өзбекстан Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ми-171 тікұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 3 экипаж мүшесі мен бортта болған Өзбекстан Қарулы күштерінің 6 әскери қызметкері қаза тапты. Оқиға 18 қазан күні жоспарлық ұшу кезінде болды, деп хабарлайды UzDaily.uz елдің әскери ведомствосына сілтеме жасап. «Апат себептерін анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Ел билігі қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - делінген хабарламада. Ми-171 - Ресейде жасалған азаматтық тасымалдаушы тікұшақ. Экипаж мүшесі 3 адам, 26 жолаушы тасымалдай алады.