20 Қазан, 2016

Универсиада шығындарын қалай азайтуға болады?

292 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
yvr Италияның Милан қаласында 2017 жылғы XXVIII қысқы Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нұров халықаралық студенттер жарысын ұйымдастыру мәселелері бойынша 2013 жылғы қысқы Универсиада ұйымдастыру комитетінің бас хатшысы Филиппо Баззанелламен кездесті. Осы арада 2013 жылы қысқы Универ­сиада Италияның Тренто қаласында өткенін еске сала кетейік. Жарысқа әлемнің 700 университетінің өкілдері қатысқан болатын. Сол жарыста 51 елден 1700-ден астам студент 12 спорт түрі бойынша сайысқа түсіп, Ойындар Тренто қаласының 12 провинция­сында өткен еді. Универсиадалар тарихындағы ең үнемді спорт сайысы 2013 жылғы екенін айта кеткен жөн. Универсиаданың операциялық бюджеті 5 миллион 125 мың еуроны құрап, бюджеті ең аз ойын болды. – Универсиаданы ұйымдастыру комитеті үшін Тренто тәжірибесі өте маңызды. Әсі­ресе, шығынды тиімді жұмсауын үлгі етуіміз керек. Ақшаны үнемдеп-ақ, жарыс­ты жоғары деңгейде өткізуге болады. Осы орайда, Трентоның тәжірибесі біздерге Универсиаданы аса қымбат емес етіп өткі­зуге көмектесуі керек деп атап өтті, деді дирекция жетекшісі Наиль Нұров. Өз кезегінде 2013 жылғы Универ­сиа­даның бас хатшысы Алматыдағы Уни­­версиадаға дайындық Халықаралық студенттер спорты федерациясының бар­лық талабы бойынша жоғары деңгейде өтіп жатқанын жеткізген. Ал Филиппо Баззанелла мырза Алматы қаласының FISU тарихындағы ең үздік Универсиаданы өткізетініне сенетіндігін білдірді. – Өйткені, қыркүйек айында дәстүрлі делегация басшыларының кездесуінің өзін жоғары деңгейде өткізді. Алма­тыдағы қысқы Универсиадаға кәсіби мамандардан құралған топ жұмыс істеуде. Бұл жарыс сіздердің қалаларыңызда сту­денттік спорттың дамуына серпін бе­­реді, – дейді 2013 жылғы қысқы Уни­вер­­­­сиаданы ұйымдастыру коми­тетінің бас хатшысы. Мысал ретінде ол Италияның Турин қаласын да атап өтті. Бұл қалада 2006 жылы қысқы Олимпиада өткен. Артынша 1 жылдан соң қысқы Универсиаданы қабылдады. Осының арқасында спорт аталымы бойын­ша Турин мен Трентиноға оқуға келген шетелдік студенттердің саны 10 есеге арт­қан. Кездесу барысында қос тарап, көлікпен қамтамасыз ету, тамақтану, Ойындарды басқару орталығының жұмысы, жарыс­тың ашылуы мен жабылу салтанатын ұйымдастыру, мәдени Универсиада тақырыбында әңгіме өрбітті. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ