20 Қазан, 2016

Бүгін Ассамблея өткізген журналистік байқау жеңімпаздары марапатталады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан халқы Ассамблеясы – Президенттің ұжымдық әріптесі, халқымыз құруға ұмтылып отырған Болашағы біртұтас елдің моделі! Сондықтан да Ассамблея елдік мәні бар іс-шаралардың әрдайым көш басында келеді. Солардың бірі – биыл еліміз Тәуел­сіз­дігінің 25 жылдығына арналып өткі­зілетін, Ассамблея этножурна­лис­тика саласында жыл сайын ұйымдас­тырып келе жатқан «Шаңырақ» шығар­машылық конкурсы. Уақыт өткен сайы­н қанатын кеңге жайып, мазмұны байып, қатысушылары көбейіп келе жат­қан «Шаңырақ» шығармашылық конкурсында соңғы 5 жылдың өзінде рес­публикалық дейгейдегі бұқаралық ақ­парат құралдарының – 17, өңірлік дең­гейдегі бұқаралық ақпарат құрал­дары­­ның 25 өкілі жеңімпаз деп танылды. Бұл конкурс еліміздің ширек ғасыр­лық шежіресін құрайтын жайларды, соның ішінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, қасиетті қазақ жерін мекендеген жүзден астам этнос­тардың өзара татулығы мен барша ұлысты ұйытып отырған қазақ елінің өр­кендеуін жазып-көрсетуге үлес қосып келе жатқан белсен­ді журналистерді ынталандыруды көздейді. Биылғы, Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығына арналған «Ша­­ңырақ» конкурсының үздіктерін салтанатты марапаттау рәсімі 21 қазан күні сағат 15.00-де «Ша­быт» ұлттық өнер универ­ситетінде өтеді. «Егемен-ақпарат»