20 Қазан, 2016

"Моана" мультфильмінің қазақша трейлері шықты

1342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
fyvmp Дисней студиясы ұсынған толықметражды "Моана" мультфильмінің қазақ тіліндегі трейлері жарық көрді. Мультфильмнің тұсаукесері 2016 жылы 1 желтоқсанға жоспарланған. Бұл туралы kaz.tengrinews.kz хабарлайды. Фильмнің сюжеті бойынша, қиял әлемінде өмір сүретін 14 жастағы Моана өзінің ойындағы ертегі кейіпкері Мауиді іздеу үшін мұхитқа саяхаттайды. Бұл оқиға шамамен 2000 жыл бұрын Тынық мұхитындағы аралдарда болады.

 

Айта кетейік, фильмді дубляждауға танымал әншілер мен актерлер тартылған. Олардың арасында Мақпал Исабекова, Бүркіт, Лидия Кәден және басқа да әншілер мен актерлер бар. Ал дубляждың режиссері Рита Әбішева болса, музыкалық орындаушысы - Күнімгүл Борамбаева. "Моана" - Уолт Дисней студиясында түсірілген 56-шы мультфильм. Бұл мультфильмді түсіруде режиссерлер Рон Клементс пен Джон Маскер жұмыс істеген. Олар бұдан бұрын "Су перісі", "Аладдин", "Геркулес", "Ханша мен Бақа" мультфильмдерін де түсірген екен. Disney "Моанасының" ағылшын тіліндегі нұсқасын Аулии Кравалхо (Моана), қаһарман образын сомдап жүрген Дуэйн Джонсон (Мауи) дыбыстаған. Сонымен қатар, Джемейн Клемент (Таматоа), Рэйчел Хаус (Тала), Темуэр Моррисон (Туи), танымал әнші Николь Шерзингер (Сина) дыбыстаушылар тізіміне енген.