20 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №46

404 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 28 қаңтар, Астана қаласы «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 болып тіркелген, «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есеп­тік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; аталған бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; аталған бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; аталған бұйрықпен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; аталған бұйрықпен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын; аталған бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын; аталған бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын». 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б. Ж. Әбдірайымға жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.ИМАШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрі А. ИСЕКЕШЕВ ____________________________ 2016 жылғы 5 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев _________________________ 2016 жылғы 2 ақпан Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 46 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына 1-қосымша «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді: 1) Министрліктің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі 4. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) Мемлекеттік корпорацияға: жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын, (өкілдіктерін) қоспағанда), қажетті құжаттарын қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі; сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, үлгілік жарғы болып табылмайтын, қызметін жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі; саяси партиялардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттары қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтер көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды; 2) Министрлікте: саяси партияларды қоспағанда, қызметін үлгілік жарғы болып табылмайтын, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді филиалдары мен өкілеттіктері есептік тіркеу, қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі; саяси партияларды мемлекеттік тіркеу, қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтер көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды; 3) порталда – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, өтініш берілген сәттен бастап бір жұмыс күнінің бір сағатыішінде көрсетіледі. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі туындаған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін немесе тиісті қорытындыны (сараптаманы) алғанға дейін көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік тіркеу мерзімі тоқтатылады. Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, сонымен қатар, саяси партияларды, шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүзеге асырады. Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың қауымдастықтарын мемлекеттік тіркеу, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, есептік тіркеуден шығару тиісті облыста және Астана және Алматы қалаларында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады. Министрлікте тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті облыстардаєы аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште. 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) не осы стандартың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді қағаз жеткізгіште бас тарту; Порталға «жеке кабинетіне» жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілген қызмет нәти­жесі куәландырылған электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы стандартқа 4-қосымшасына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем портал арқылы «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші: Министрлікте және аумақтық әділет органдарда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін. 2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондау мүмкін болады. 3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат арқылы өкіліне) Мемлекеттік корпорацияға және Министрлікке жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті үшін қажетті құжаттардың тізбесі: заңды тұлғалар үшін: 1) осы стандартқа 5, 6, 7 және 8 - қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) заңды тұлғаның жарғысын немесе ережесі; акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) берілмейді; 3) жарғыны қабылдаған құрылтай жиналысының (қоғамдық және діни бірлестіктер үшін – конференция, съезд) хаттамасы; 4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, түбіртек немесе тіркеу алымы сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат; 5) қоғамдық бірлестіктер, бірлестікті құрудың бастамашылары туралы мәліметтерді қоғамдық бірлестік орналасқан жерін табыс етеді; 6) діни бірлестіктер орналасқан жерді растайтын құжатты, электрондық және қағаз жеткізгіште, діни бірлестікті құрған бастамашы азамсаттардың тізімін, діни оқудың пайда болу тарихы мен негізін ашатын және оған тиісті діни қызметтер туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдарын береді; 7) саяси партиялар саяси партия басшысы қол қойғанпартия бағдарламасын екі данада; электрондық және қағаз жеткізгіште саяси партия мүшелерінің тізімін береді; 8) шетел қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе қосымша: сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен қоса берілген басқа да заңдастырылған құжатты; нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжатты табыс етеді; 9) қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсаты қосымша беріледі; 10) тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне жататын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилинрленген тұлғалар үшін, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады; 11) тұтыну кооперативтерi азаматтың – тегін, атын, әкесiнiң атын, тұрғылықты жерін және оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, сондай-ақ, егер тұтыну кооперативының мүшесі заңды тұлға болып табылса, ұйымның атауын, тұрған жерін және банктік деректемелерін көрсете отырып, тұтыну кооперативі мүшелерінің тізімін табыс етеді; Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiрi не жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі шетелдiк жеке немесе заңды тұлға болса, құрылтайшы уәкілеттік берген орган қол қояды және тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе мемлекеттiк органға не Ұлттық Банкке береді. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны тіркеуші органға береді; Филиалдар (өкілдіктер) үшін: 1) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуге өтінішке осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және ол заңды тұлғаның мөрімен (бар болған жағдайда) бекітіледі. 2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгендігін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат; Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері), сондай-ақ акционерлік қоғамдықтар үшін заңды тұлға бекіткен қазақ және орыс тілдерінде үш данада филиал (өкілдік) туралы ереже, жарғының көшірмесі (ереже) және филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның сенімхаты (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) қосымша табыс етіледі. Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеуіне: филиал (өкілдiк) құратын шетелдiк заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын сауда тiзiлiмiнің заңдастырылған үзiндi көшiрмесі, шетелдiк заңды тұлғаның құрылтай құжаттары немесе басқа да заңдастырылған құжаты, сондай-ақ салықтық тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетіле отырып, шетелдік заңды тұлғаның шет ел корпорациясы еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат қосымша ұсынылады. Филиалды (өкiлдiкті) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдеріндегі аудармасымен бірге табыс етіледі. Мемлекеттік кәсіпорын филиал (өкілдік) құрған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) филиал (өкілдік) құруға келісімін растайтын құжат қосымша табыс етіледі. Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, Қазақстан Республикасының зандарында өзгеше көзделмеесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған бар заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын куәлікті (не сенімхатты) көрсеткен кезде жүзеге асырады. Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай ішінде жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сауал салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Порталда: шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу туралы өтініш береді. Портал арқылы жүгінген жағдайда ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі алынған күні мен уақыт көрсетіле отырып хабарлама жіберіледі. 10. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін (шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны қоспағанда): 1) заңды тұлғаны құру қайта тiркеу және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеуі; 2) беру актiсiн немесе бөлу балансын табыс етпеу не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры туралы ережелердің болмауы; 3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылуы; 4) егер заңды тұлға құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылуы және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылған және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы, және (немесе) қайтыс болды деп жариялануы, және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болуы, сондай-ақ, егер заңды тұлға құрылтайшының (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға) басшысының, заңды тұлғаны құрған заңды тұлға құрылтайшының және (немесе) басшысының мерзімді төлемдерін өндіру туралы атқырушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан аса мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ тұлғаларды қоспағанда, атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылуы; 5) жоғалған және (немесе) жеке басты куәландыратын жарамсыз құжаттарды табыс ету; 6) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салу, қамауға алу) болуы негіз болып табылады. Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартудың қосымша негіздері «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді. Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген филиалды (өкiлдiктi) құру тәртiбi бұзылған, есептiк тiркеуге табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеген жағдайларда жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 3. Көрсетілетінқызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi 11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: 1) шағым осы стандарттың 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға өтініш иесі қол қояды. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылданғанын растау оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамының тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орын көрсетілген тіркеу (мөтабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. 2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар арқылы не: 1414 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жіберіледі. Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылдануын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс телефоны арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінтен» портал арқылы шағым жіберген кезде өтініш туралы ақпаратқа қолжетімділігі болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі қою, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Денсаулығында организмнің өмірлік қызметін шектейтін тұрақты бұзылған ақауы бар көрсетілетін қызметті алушыларға, мемлекеттік кызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда: 1414, Бірыңғай байланыс - орталығы арқылы көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдау үшін тұрғылықты жеріне барып жүргізіледі. 14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайы интернет-ресурстарда орналастырылған: көрсетілетін қызметті беруші - www.adilet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі; Мемлекеттік корпорация - www.con.gov.kz. 15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. 16. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс- орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі/ (нұсқа: (Аймақтық әділет органы ________________________) Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы анықтама ______________________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмiрi ________________ 20__ жылғы «___» _________________________________________________елді мекен Атауы: ____________________________________________________________________________________ Орналасқан жері:___________________________________________________________________________ Анықтама Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберiнде құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтi жүзеге асыру құқығын бередi Берілген күні «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (нұсқа: (Аумақтық әділет органы) ________________________) Заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тiркеу туралы анықтама _________________________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмiрi ________________ 20__ жылғы «___» ________________ елді мекен Заңды тұлға филиалының (өкiлдiгiнiң) атауы: ___________________________________________________ Заңды тұлғаның атауы: ______________________________________________________________________ Заңды тұлға филиалының (өкiлдiгiнiң) орналасқан жері: ____________________________________________ Анықтама Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберiнде құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтi жүзеге асыру құқығын бередi Берілген күні «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Нысан (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.) не ұйымының атауы) ___________________ (көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы) Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхаты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атаулары: 1) ___________________________________________________________; 2) ___________________________________________________________; 3) ___________________________________________________________; толық тапсырмауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды. (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) Т.А.Ә. ___________________________________________(қолы) Орындаушы: Т.А.Ә. _________________________________________________ Телефон __________________________________________________________ Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./___________________/қолы 20__ жылғы «___» ___________________________ «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша Алым мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылын белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды: р/с № Тіркеу әрекеттерінің түрлері Алым мөлшер­лемелер (АЕК) 1. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін: 1.1 заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: 1.1.1 заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін 6,5 1.1.2 шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін 2 1.1.3 саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін 14 1.2 бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: 1.2.1 қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін 1 1.2.2 қайта тіркегені үшін 0,5 1.3 балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: 1.3.1 мемлекеттік тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) 2 1.3.2 қызметінің тоқтатылуын қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеуден шығарғаны үшін: 1 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша Нысан _______________________________ тіркеу органының атауы Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініш 1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз) 1) заңды тұлға _________________ 2) филиал ________________ 3) өкілдік ________________________ 2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы _________________________________________________ 3. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз) 1) иә _____________________________ 2) жоқ __________________________________ 4. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мекенжайы Пошталық индексі: __________________ Облыс: _______________________________________________ Қала, аудан, қаладағы ауданы: _____________________________________________________________ Елді мекен (ауыл, кенті): ___________________________________________________________________ Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _____________________________________________ Үйдің нөмірі: ______ пәтер, бөлме: ________________ Телефон нөмірі (факс) _________________________ 5. Басшының Т.А.Ә. ________________________________________________________________________ 6. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз, саны цифр мен белгіленген түрінде): 1) заңды тұлға _________________________________ 2) жеке тұлға ______________________________ Заңды тұлғаның атауы ______________________________________________________________________ Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ Үлес сомасы (мың теңге) __________________________________ Жеке тұлғаның Т.А.Ә (бар болған жағдайда).___________________________________________________ Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ Салым сомасы (мың теңге) _________________________________ Егер құрылтайшылар саны біреуден асатын жағдайда олар туралы мәліметтер: Т.А.Ә. (жеке тұлға үшін) атауы (заңды тұлға үшін) сондай-ақ олардың жарғылық капиталдағы үлесі пайыздық және ақшалай көрінісінде жеке парақта өтінішке қоса тіркеледі. 7. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: ______________________________________ 8. Жарғылық капиталдың мөлшері ____________________________________________________________ 9. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны ________________________________ 10. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _______________________________________________________________ 2) орта кәсіпкерлік субъектісі ________________________________________________________________ 3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _________________________________________________________________ 11. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) қайта құру ___________ 2) қосылу ____________ 3) бөлініп шығу ___________ 4) бөліну _______________ Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20 жылғы «___» (қолы) _________________________________________________________________________________________ Өтінішке: _____________________________________________________________________ қоса беріледі. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша Нысан _______________________________ тіркеу органының атауы Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш 1. Заңды тұлғаның атауы ____________________________________________________________________ 2. Ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) толық серіктестік _____________________ 3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік _____________________ 2) сенім серіктестігі _________________ 4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік ___________________ 3. Құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) иә ____________________________________ 2) жоқ _________________________________________ 4. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) иә ____________________________________ 2) жоқ _________________________________________ 5. Заңды тұлғаның орналасқан жері Пошталық индексі: ___________________________ Облыс: _______________________________________ Қала, аудан, қаладағы аудан: _______________________________________________________________ Елді мекен (ауыл,кент): ____________________________________________________________________ Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _______________________________________________ Үйдің нөмірі: __________ пәтер, бөлме: ________ телефон нөмірі (факс) _____________________________ 6. Басшының Т.А.Ә. ________________________________________________________________________ (ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің деректері көрсетіле отырып) _________________________________________________________________________________________ 7. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _______________________________________ 8. Жарғылық капиталдың мөлшері _______________________