«Агробіліктілік орталығы» ЖШС түйе шаруашылығы жөніндегі үш күндік семинарында отандық және шетелдік сарапшылар теориялық-тәжірибелік сабақтар өткізді. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына хабарлайды.
Шара барысында БҰҰ жанынан құрылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының түйе шаруашылығы жөніндегі халықаралық деңгейдегі сарапшысы Бернард Файе, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының оқытушысы, phD докторы, профессор Гаухар Қонысбаева және Қазақ ұлттық аргарлық университетінің биотехнология және тағам қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі Әсия Серікбаева сынды мамандар дәріс оқыды.
Семинарда мамандар түйе шаруашылығымен және түйе сүтін қайта өңдеумен айналысатын фермерлер мен кәсіпорындарды түйе сүтін қайта өңдеу технологиясымен таныстырып, кеңестер берді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
«Облыста өсімдік шаруашылығы бойынша 24 семинар, мал шаруашылығы бойынша 9 семинар өткізу жоспарланған. Статистика департаментінің мәліметі бойынша, облыста 40 мыңдай түйе бар екен. Семинарды осы бағыт бойынша қызығушылық танытушы тұлғаларға ақпарат беру, сондай-ақ жаңа ғылыми білімдерді жетілдіру, өндірісте жаңа технологияларды пайдалану мақсатында «Атамекен» ҰКП өткізуде. Сондай-ақ «Агробіліктілік орталығы» ЖШС жанынан құрылған www.fermers.kz сайты мен 88000808010 телефон нөмірі жұмыс істеп тұр. Онда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер барлық мазалап жүрген сұрақтарына жауап ала алады», - деді Кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Алма Пірманова.
• 20 Қазан, 2016
Қызылордада шетелдік маман шұбат туралы дәріс оқыды

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше