20 Қазан, 2016

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ №15-07/670, №600

294 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2015 жылғы 20 шілде №15-07/670 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы 8 тамыз №600 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 15-бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ______________ А.МАМЫТБЕКОВ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________________ Е.ДОСАЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы ___________________С.АЙТПАЕВА 2015 жылғы «___» _____________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі №15-07/670 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 тамыздағы №600 бірлескен бұйрығымен бекітілген нысан Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағы Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт___________________________________________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ___________________________________________________________ Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН______________________________________________________ Орналасқан мекенжайы___________________________________________________________________________ № Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Қойылатын талаптарға сәйкес келеді Қойылатын та­лаптарға сәй­кес келмейді 1 2 3 4 5 6 Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға, бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру, тұқым өсіру шаруашылықтарына және тұқым өткізушілерге қойылатын жалпы талаптар Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар 1 Меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізде (кемінде бір жыл мерзіммен иелену) ғимараттың (үй-жайдың) болуы 2 Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесі тiзiлiміне енгiзiлген және Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес салыстырылып тексерілген зертханалық жабдықтың және өлшем құралдарының болуы 3 Тұқым сапасын анықтау әдiстерiне нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес тұқымның сапа көрсеткiштерiн анықтауды қамтамасыз етуге арналған құрал-сайманның болуы 4 Кемінде бір штаттық тұқым сарапшысының болуы Бірегей тұқым өндірушілер 5 Бірегей тұқымдарды өндіруді жүргізу үшін егістік алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы 6 Бірегей тұқым өндіру жүргізілетін, ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған және бірден кем емес айналымнан өткен, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы 7 Жалпы егіс алаңының 30 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы 8 Бірегей тұқым өндірісі (бастапқы тұқым шаруашылығы) бойынша 6 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы 9 Нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсі­ру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы 10 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған бірегей тұқым өндірушінің аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер бірегей тұқым өндірушінің аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде де болмауы тиіс 11 Дақыл жөнінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар кемінде бір маман-селекционердің болуы немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен бірегей тұқым өндірісі бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыруға шарттың болуы 12 Кемінде бір агроном-тұқымшының және әр дақыл бойынша маманның сондай-ақ, дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыстың ерекше әдістерін меңгерген техникалық персоналдың кемінде үш адамының болуы 13 Дақыл мен сорттың биологиялық белгілері мен қасиеттерін ескеретін сызбаларға қатаң сәйкестікте бірегей тұқым өндірісін қамтамасыз етуі 14 Кейіннен элиталық тұқым өндірісін қамтамасыз ету мақсатында бірегей тұқымның жоспарланған көлемін өндіруге қажетті ассортиментте және көлемде сорттың тұқымдық материалының (жеміс, жидек дақылдарының және жүзімнің көшетін өндірушілер үшін аналық екпе ағаштардың) болуы 15 Мынадай: бастапқы буындардың негізін қалау үшін - 100 пайыз; суперэлита үшін - 50 пайыз қажеттілікте тұқым сақтандыру қорларының болуы 16 Бiрегей тұқым өндiру жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi түрлерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiру жөнiндегi жұмыстардың бүкіл кешенiн қамтамасыз ету үшiн мен­шiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы ма­ман­дандырылған арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының болуы 17 Тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқа­рудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйым­дылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қойма­лардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаң­дардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы 18 Бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойын­ша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқым­ның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, іріктеу, сорттық, түрлік және фитопа­толо­гиялық отаулар (тазалаулар), егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, бірегей тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдарды есепке алу журналы (ол тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс), тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдардың аттестаты) есеп жүргізуі 19 Сортты шығару әдісін, ата-аналық нысандар, сорт белгілерінің ерекше сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсететін сорт жөніндегі құжаттаманы жүргізуі 20 Тұқым шаруашылығы жөніндегі есеп материалдарының алты жылдан кем емес мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз етуі Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары 21 Элиталы тұқым өндіру жүргізілетін және кемінде бір ротациядан өткен ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы 22 Нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсі­ру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы 23 Жалпы егіс алаңының 25 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы 24 Соңғы үш жылдағы өнімділіктің орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болуы 25 Тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесі төрт жылдан кем болмауы 26 Жалпы өндіріс көлеміндегі қызметтің негізгі түрінің (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз ету 25 пайыздан кем болмауы 27 Тұқым шаруашылығы жүргізілетін егілетін дақылдардың саны 4-тен көп болмауы 28 Аттестаттау мәніне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны 3-тен көп болмауы 29 Суперэлиталық тұқымды егуге қажетті тұқымның сақтандыру қоры - 50 пайыз болуы 30 Дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы 31 Аудандастырылғандар тізбесіне енгізілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы 32 Тұқым материалдарын өсіру жұмыстарының барлық түрлері мен оның сапалық көрсеткіштері көрсетілетін құжаттаманы жүргізуі және есепке алуды ұйымдастыруы 33 Элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде негізгі тұқым материалының (бірегей тұқым) аудандастырылған және перспективті сорттарының болуы 34 Аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде екі жыл мерзімге элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде аудандастырылған және перспективті сорттардың бірегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткізу туралы бірегей тұқым өндірушімен жасалған шарттың болуы 35 Ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен элиталық тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы 36 Элиталық тұқымның жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз етуге арналған меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлейтiн техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы 37 Тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқа­ру­дағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйым­дылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қойма­лардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаң­дардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы 38 Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаттары, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс) есеп жүргізуі 39 Тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде бес жыл сақталуын ұйымдастыруы 40 Жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (ортадан кейінгі немесе жоғары) штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы 41 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы тиіс 42 Элиталық тұқымдарды өндiруге қойылатын талаптарға сәйкес оларды өндiрудi жүргiзу үшiн егiстiк алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етiлген ауыспалы егiстiктiң) болуы тиіс Тұқым өсіру шаруашылықтары 43 Тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесінің екі жылдан кем емес болуы 44 Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес олардың өндірісін жүргізу үшін егістік алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы 45 Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес енгізілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы 46 Жалпы егіс алаңының 20 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы 47 Тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақылдардың саны - 3-тен көп болмауын сақтауы 48 Аттестаттау мәніне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны - 3-тен көп болмауын сақтауы 49 Аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде үш жыл мерзімге бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым ендіру үшін элиталық тұқым жеткізу туралы элиталық тұқым өсіруші шаруашылықпен жасалған шарттың болуы 50 Ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы 51 Нақты агроэкологиялық аймақ үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру агротехнологиясын сақтауы 52 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен­дегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекет­тік инспекторы растаған тұқым өсіру шаруашылығы аумағында карантин­дік объекті­лердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер тұқым өсіру шаруашы­лығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы 53 Кемінде бір агроном-тұқымшының болуы 54 Дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы 55 Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы 56 Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде негізгі тұқым материалының болуы 57 Бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдардың жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстардың бүкіл кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлеуге арналған техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы 58 Тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқа­рудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйым­дылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қойма­лардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаң­дар­дың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы 59 Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаты, тұқымдардың куәлігі, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (ол ауданның тиісті жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс) есеп жүргізуі 60 Тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде үш жыл сақталуын қамтамасыз етуі Тұқым өткізушілер 61 Жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (ортадан кейінгі немесе жоғары) штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы 62 Кейіннен сату үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын жеткізу туралы тұқым өндірушілермен (тұқым жеткізушілер тұқымды шетелдік жеткізушілерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда) жыл сайын жасалатын шарттың болуы 63 Тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқару­дағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйым­дылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қойма­лардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаң­дар­дың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы 64 Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарын сақтау, тазалау және өткiзу жөнiндегi барлық жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк құқығындағы немесе лизингке немесе мүлiктiк жалға не сенiмгерлiк басқаруға алынған мамандандырылған техниканың болуы 65 Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының әр партиясы бойынша өткізілетін тұқымның саны мен сапасының, шыққан тегінің есебін, тұқымды құжатталуы, нөмірленуі, тігілуі және облыстың тиісті жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы қол қоюы тиіс тұқымдарды есепке алу журналын жүргізуі 66 Тұқымдарды сақтау және өткізу материалдарының кемінде үш жыл сақталуын қамтамасыз етуі 67 Қазақстан Республикасы қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатқан жағдайда «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес патент иесі (лицензиар) тұқым өткізушіге (лицензиатқа) селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын беретін лицензиялық шарттың болуы 68 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған карантиндік объектілердің болмауы. Тексеру жүргізетін лауазымды тұлға (тұлғалар): ________________________________________________ ______________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы (қолы) ________________________________________________ ______________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы (қолы) Тексерілетін субъектінің басшысы: ________________________________________________ _____________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы (қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12068 болып енгізілді.