20 Қазан, 2016

Ватикан ЭКСПО-да ашатын павильоны бойынша жұмыс істеуде

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ұйымдастырушы кеңсесінде апостолдық нунций архиепископ Фрэнсис Чулликатт болды деп хабарлайды Премьер-министрдің ресми сайты. «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу барысында Ватикан елшісі алдағы «Астана-ЭКСПО-2017» көрмесі тақырыбының маңыздылығын жоғары бағалап, одан даму келешегін көретіндігін айтты. Сонымен қатар, архиепископ ЭКСПО халықаралық көрмесіндегі Ватиканның ұлттық павильонының тақырыптық тұжырымдамасын жақын арада ұсынатындығын хабарлады. А. Есімов, өз кезегінде, нунцийды көрмеге дайындық барысымен таныстырды. Ол бүгінгі таңда 104 мемлекет пен 17 халықаралық ұйымның қатысатындығын растағандығын және көп ұзамай барлық қатысушы мемлекеттерге павильондарының өткізілетіндігін айтты. Сондай-ақ, екі жақ павильонның техникалық дайындығын талқылады.