Қазақстан 20 жаңа су қойманың құрылысын 2018 жылы қолға алады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында министрліктің су ресурстары комитеті су шаруашылық мекемелерін дамыту және пайдалануға беру басқармасының жетекшісі Мұрат Бейсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басқарма басшысы сөз басында Қазақстандағы су қоймалардың санына және оларды басқару принципіне тоқталды.
«Осы жылдың 1 қазанындағы мәліметке сүйенсек, Қазақстан Республикасының аумағында 309 су қоймасы бар. Оның ішінде 83-і республикалық меншікте, 191 су қойма коммуналдық меншікте, 35-і жекеменшік. Су ресурстары комитетінің аумақтарда сегіз бассейндік инспекциясы бар. Жалпы, Қазақстанда су ресурстарын басқару принципі бассейндік принципке негізделген. Сондықтан да, су ресурстары комитетінің бассейіндік инспекциялары ірі су қоймаларының жұмысына үнемі мониторинг жүргізеді»,-деп хабарлады М.Бейсенов.
Екі жыл бұрын осы су ресурстары комитетінің басшылығы Қазақстан 2020 жылға дейін 20 жаңа су қойма салу туралы бағдарлама әзірледі деп хабарлаған еді. ҚазАқпарат тілшісінің осы мәселе төңірегіндегі сұрағына жауап берген М.Бейсенов ол су қоймаларды қаржыландыру тек 2017-2018 жылдары басталатынын хабарлады.
«Елбасының тапсырмасы бойынша, су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында 21 су қойма салынады деп көзделген. Әзірге, экономикадағы дағдарысқа байланысты, ақша бөлінген жоқ. Бүгінгі таңда «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары жаңа су қоймаларын салу жөніндегі техникалық негіздеме әзірлеп жатыр. Қаражат 2017 жылдан бастап әуелі техникалық экономикалық негіздеме әзірлеуге, содан кейін жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге, 2018 жылдан бастап осы жобаларды жүзеге асыруға ақша бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда әзірге қаржы бөлінген жоқ. Бюджеттік кодекске сәйкес, біз жаңа талаптарды орындап, ұлттық экономикалық министрліктің қорытындысын алуымыз керек», - деп түсіндірді М.Бейсенов.
• 20 Қазан, 2016
Қазақстан 2018 жылы 20 жаңа су қоймаcын салуды бастайды

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58