20 Қазан, 2016

ЭКСПО-2017 қарсаңында 1600 полицей ағылшын тілін меңгеріп жатыр

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЭКСПО-2017 қарсаңында шетелдік туристермен еркін тілдесуі үшін 1,6 мың полицей ағылшын тіліне оқытылып жатыр, деп хабарлайды "Егемен-ақпарат" ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Алдын ала болжамдарға сәйкес, «ЭКСПО-2017» көрмесіне 100-ден астам мемлекет қатысады деп күтілуде және 2 миллионнан астам турист келеді деп топшылануда. Осы орайда, шетелдік туристермен еркін байланыс орнату мақсатында ЭКСПО көрмесіне тартылатын ішкі істер органдарының 1600 қызметкеріне ағылшын тілінің курстары ұйымдастырылды», - деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрлігі «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында. Еске сала кетейік, ЭКСПО көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін жалғасады. Оған 2 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы - Болашақ энергиясы». Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге бүкіл әлемнен энерготиімділік, баламалы энергия көздері саласындағы жаңа технологиялар әкелінеді. Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан ЭКСПО мамандандырылған көрмесіне ең көп қатысушы мемлекеттерді тарта білген үздік үш ұйымдастырушылардың қатарына енуі ықтимал.