21 Қазан, 2016

Түркияда экстремизмге қарсы күресте жастардың рөлі талқылануда

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
vyr Бүгін Ыстамбұл қаласында Түркі кеңесі мен БҰҰ Өркениеттері альянсының (UNAOC) бірлесіп ұйымдастыруымен «Экстремизмге қарсы күресте жастардың рөлі» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Жиынның ашылу салтанатында сөз алған БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Нәсір Абд әл-Әзиз Ан-Насер, Түркия премьер-министрінің орынбасары Тұғрыл Түркеш пен Түркі кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасанов әлемдік экстремизмнің жастарға әсері мен төндіретін қауіпі жайлы кеңінен баяндады. Салтанатты шараға БҰҰ жанындағы ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері, Түркия үкімет мүшелері, халықаралық ұйым басшылары, дипломаттар, сонымен бірге мемлекет және қоғам қайраткерлерімен қатар Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) делегациясы қатысты. fyvr Екі күнге жалғасатын ғылыми жиынға Африка және Орталық Азияның 40-қа жуық мемлекетінен көрнекті ғалымдар, жас көшбасшылар мен білікті сарапшылар келген. Жалпы конференцияда экстремизмнің саяси, әлеуметтік даму аспектілері мен лаңкестік топтардың пайда болу себептері, сондай-ақ экстремизммен күресуде жастардың рөлі секілді бірқатар келелі мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасу жоспарланған. Айта кету керек, бұл конференцияның нәтижелері биыл қараша айында Қырғызстанда «Жастар және спорт» тақырыбында өтеді деп жоспарланған Түркі кеңесі Мемлекет басшыларының алтыншы саммитінде ұсынылатын болады.