Үстіміздегі жылдың 5 қыркүйегінде Рудный қаласының Ленин көшесіндегі 9 қабатты үйдің тұрғындарын түгелдей сыртқа көшіруге тура келді. Біреу 1 қыркүйекте 9 қабатты үйдің лифтіне қара маркермен 5 қыркүйекте осы үйде бомба жарылатыны туралы жазып кеткен. Әбден зәрезап болған тұрғындар «бомба» деген сөзден қорқып, полицияға хабарлайды. Арнайы қызметтің мамандары «жарылғыш затты» әбден іздеп болып, біржақты шешім айтқанға дейін жұрт дүрлігіп, екі күн бойы үйіне кіре алмай жүрді. Оларды туыстарының үйіне, мектепке, қонақ үйлерге орналастырды.
Жарылғыш зат ақыры табылған жоқ, есесіне жұртты осынша дүрліктірген күдікті анықталып, ұсталды. Ол 23 жастағы Ерлан Ақмұрзаев деген азамат болып шықты. Рудный қалалық соты террорлық акт туралы жалған лақап таратқан оған үкім шығарып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Айыпты жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. Мұның сыртында ол «бомбаны» іздеген шығынды жабу үшін кемінде 3 миллион теңгені де өтеуі керек.
Айта кетейік, әдетте, ҚР Қылмыстық кодексі бойынша террорлық акт жөнінде жалған ақпарат таратқаны үшін 6 жылға дейін беріледі. Бұл жолы прокурор мен күдіктінің арасында қорғаушыларының қатысуымен сотқа дейінгі процессуалдық келісім болды. Көп балалы, тәртіпті отбасында тәрбиеленген Ақмұрзаевтың ешқандай радикалдық топтармен қатысы жоқтығы анықталды. Оның адвокатының айтуынша, 9 қабатты үйдің подъезі, лифтісі өте лас, ол үйдің 7- қабатында тұратын апасының үйіне көтерілгенде лифтіні біреулер дәретхана ретінде пайдаланғанын көреді. Оған шыдамаған Ақмұрзаев өзінің ызасын осылай көрсетіпті. Тегінде ойлап сөйлемеген осылай от басары анық.
Нәзира Жәрімбетова
Суретті түсірген Сергей Миронов
• 21 Қазан, 2016
Рудныйда теракт туралы жалған ақпарат таратушы екі жылға сотталды

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше