21 Қазан, 2016

Баскетболшының өліміне «Серпін» бойынша оқитындардың қатысы жоқ

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
vatyp Петропавлдағы түнгі клубтардың бірінің жанында ауыр соққыға жығылып, соққы салдарынан ауруханада жан тапсырған баскетболшы Игорь Нанаевтың өліміне «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан жастардың қатысы жоқ. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деді. "Бұл қылмыстық оқиғаға «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан жастардың қатысы жоқ. Облыс әкімі, облыстық Ішкі істер департаменті қазір бұл оқиғаны қадағалауға алды" деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров. Қазанның 2-нен 3-не қараған түні Петропавлға жарысқа келген өскемендік баскетболшы түнгі клубтардың бірінің жанында соққыға жығылған болатын.