Мемлекеттің қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысында 127 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәлім етті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Кооперация туралы» заң қабылданды. Облыста 127 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Оған 8,6 мың адам және өзіндік қосалқы ауыл шаруашылықтары қосылып отыр. Шамамен 30 мың бас ірі-қара бар. Біз бұл жұмысты жалғастырудамыз. Олар сүт сатып алу пунктерін, мал бордақылау алаңдарын ашуда. Облыста биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 40-қа тарта сүт қабылдау пункттері ашылды. Бұл үлкен қолдау, біз оларды субсидиялауды бастап кеттік. Үшінші тоқсанда біз жарты миллиард субсидияны ауыл шаруашылығы кооперативтеріне аудардық», - дейді әкім орынбасары.
Айта кеткен жөн, өңірде мал шаруашылығы қарқынмен дамуда. Бұл сала ауылдық жерлерде жыл бойы жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сондықтан біз бұл бағытқа үлкен маңыз беріліп келеді. Ет және ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы да өз жемісін беруде.
«2011 жылдан бері алыс және жақын шет мемлекеттерінен 11 мыңнан астам асылтұқымды ірі-қара әкелінді. Олар ангус, герефорд, сементау және лимузин тұқымдас сиырлар. 40-қа тарта асылтұқымды мал басын көбейтетін репродукторлар құрылды. Қазіргі уақытта асылтұқымды аналық бас сиырлар жергілікті шаруашылықтарға да таратылуда. Облыста 14 ірі сүт кешені жұмыс істейдіә, - деді А. Сапаров.
Сонымен қатар өңірде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін 154 кәсіпорын бар. Облыста ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің арнайы картасы жасалды. Оның аясында жалпы сомасы 191 млрд теңгенің 62 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Бұлар негізінен ет пен сүт өңдеу, ұн және макарон өнімдерін жасау, сонымен қатар майлы дақылдарды өңдеу жобалары. Картаға 9 жоба енгізілді.
• 21 Қазан, 2016
Солтүстік Қазақстанда 130-ға жуық ауыл шаруашылық кооперативі құрылды

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше