Петропавлда 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға арналған іс-шара болып өтті. Оған Рио Олимпиадасына қатысушы, «Astana Pro Team» велоклубының белді мүшесі, жерлесіміз Бақтияр Қожатаев арнайы келді.
Алауды тұтату рәсімі 25 қаңтар күні Астанадағы Зияткерлік мектебінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетіні белгілі. Қызылжар – алау эстафетасын қабылдайтын алғашқы өңір. 26 қаңтар күні aлау эстафетасы ең бірінші болып Петропавл қаласына келеді. Қазіргі таңда осыған орай мұнда дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 60 азамат алауды өңірдің 12 шақырымға созылатын ең көрікті жерлерімен алып өтеді. Ал байрақты бәсекеге облыстан 9 спортшы қатысып, конькимен жүгіруден және шаңғыдан бақтарын сынайтын болады.
Қаладағы қазақ мектеп-гимназиясында бірінші өткен «Универсиадаға дейін 100 күн» мәдени-спорт жобасы аясында белгілі спортшымен таңғы бой сергіту жаттығуына жүзден астам оқушы қатысты.
– Мұндай шаралардың спортты насихаттауда, балалар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруда маңызы зор. Еліміз қысқы Универсиада қатысушыларын алғаш рет қабылдайтындықтан, жан-жақты әзірлік жоғары деңгейде жүргізілуде. Қазақстандық спортшылардың барынша көп жүлде ұтып аларына сенемін, – дейді Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Б.Қожатаев.
Қысқы Универсиаданы қолдау мақсатында ұйымдастырылған аймақтық акция бес жүзден астам білім ошақтарында жалғасты.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
ПЕТРОПАВЛ

Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42
Ұлбосын Есенбекова: «Ақылды» машиналар жылдам дамыған сайын адамдарға жақындай түседі
Технология • Бүгін, 17:35
Алматыда Ұлттық метаболикалық код мәселелері талқыланды
Медицина • Бүгін, 17:17
Киелі аспапты жанына серік еткен «Қобыз әже»
Өнер • Бүгін, 17:14
Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты
Ғылым • Бүгін, 16:57
Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:48
Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Хоккей • Бүгін, 16:42
Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:35