2017 жылдың 12 шілдесінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі Германия Ұлттық пафильонының ашылуы болады. Бұл туралы Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың Германия Федеративтік Республикасы Парламенті Бундестагінің депутаты Сибилле Пфайфермен кездесуі барысында мәлім болды.
Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Бундестаг депутатына Астанада өтетін ауқымды шараға дайындықтар барысы жөнінде мағлұмат берді. Сондай-ақ, келер жылдың шілде айында Германия Ұлттық павильонының ашылуына қатысатын мәртебелі меймандарды қазақстандық тарап қонақжайлықпен қарсы алатындығын жеткізді.
Бұл күнгі кездесу барысында қос тарап Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімді іске асыру мәселесіне ерекше назар аударды. Келісімнің жүзеге асуы өзара сауданың одан әрі өрістеуіне, Қазақстан мен ЕуроОдақ елдері арасындағы әріптестіктің нығаюына үлес қосатынына сенім білдірді.