Тәуелсіздік жылдары еліміз еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер мен халықаралық ұйымдардың нұсқауларына негізделген әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құрды. Конституцияға сәйкес, Қазақстан әрбір азаматқа оның лайықты өмір сүру деңгейі үшін қажетті барлық игіліктерді кепілдендіретін әлеуметтік мемлекет болып жарияланған. Өйткені, қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқаты көбіне осыған байланысты.
Бұл тұрғыда азаматтардың әрбір өтінішіне түсіністікпен қарап, олардың тарапынан туындайтын көптеген мәселелерге жауап беретін әлеуметтік сала қызметкерлері де маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн. Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің басты қызметі – адамдарға қамқор болу. Олардың міндеті – мұқтаж жандарға уақытында көмек қолын созу екені белгілі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің де күні аталып өтіледі.
Әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің күнін белгілеу – біздің мемлекетіміздің әлеуметтік бейімділігінің тағы бір куәсі. Қазақстандықтардың адами әлеуетін дамыту мен әл-ауқатын арттыру үшін әлеуметтік қызметтер көрсетудің маңыздылығын қоғамның мойындауы және әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін бағалауы.
Әлеуметтік мекемелер қызметкерлері жұмысының тиімділігі әрбір азаматтың әлеуметтік кепілдіктермен қамсыздандырылу деңгейіне, оның ішінде халықтың әлсіз топтарының – қарт адамдардың, мүгедектердің, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының және басқа топтарының әлеуметтік қамқорлыққа алынуына байланысты болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік қызметкерлердің көрсететін қызметтері өміріміздің барлық кезеңінде қатар жүреді. Жүйелі әлеуметтік саясатты жүргізу мемлекет қызметінің басымдықтарының бірі және ол сөзсіз азаматтарымыздың әл-ауқатын көтеруге алып келді.
Кедейшілікті төмендету және аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бірқатар қайта құруларды жүргізді. Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын жүзеге асыру аясында әлеуметтік көмек алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін, олардың жұмыс іздеуде және өзін өзі қамтамасыз етудегі уәждемелерін арттыру, ел экономикасы мен қоғам өміріне қатысу дәрежесінің ұлғаюы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Яғни, бұл күнкөрісі төмен азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруына жағымды әсер етеді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) жаңа форматының енгізілуімен күнкөрісі төмен отбасылар (азаматтар) үшін үш әлеуметтік төлем бірыңғай АӘК (18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысы, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, ескі форматтағы АӘК) болып ауыстырылады. Жаңа форматтағы АӘК отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтылу шараларына міндетті қатысуы шартымен күнкөрісі төмен азаматтарға беріледі.
Сонымен қатар, 2018 жылы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың кейбір санаттарын өзгерту қарастырылуда. Мүгедектер үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны біріктіру жоспарлануда, бұл жәрдемақыларды ресімдеу процедураларын оңайлатады. Бұл ретте, қабылданған осындай шаралар, алынатын төлемдер мөлшері азаймайтындықтан, мүгедектер құқығына нұқсан келтірмейді. «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы болып қайта аталатын болады және бұл «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңымен реттеледі.
Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысындағы тағы бір жаңалық азаматтарға қолайлы болуы үшін ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданылуы. Заманауи ақпараттық технологиялар мен олардың ресурстарын қолдану әлеуметтік жүйенің қызметінде қажетті элемент болып отыр. Қазіргі уақытта тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі азаматтар өздеріне қандай да бір қызметті алу үшін аса ыңғайлы және қолжетімді тәсілді таңдай алатын, халықтың уақытын үнемдеуге бағытталғанын айтсақ та жеткілікті.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік басқарудың заманауи жүйесінің құрамдас бөлігі, ал ол қызметтерді электронды түрде көрсету заманауи мемлекеттің бүкіл жүйесін құрудағы маңызды міндет. Сондықтан, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттар тізімі барынша азайтылған.
Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында 2015 жылы азаматтардың жекелеген санаттары мен жұмыссыздар үшін композиттік қызметтер көрсетуге мемлекеттік қызметтер тізілімін жандандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Қызмет алушы жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш бере алады. Әлеуметтік қызмет көрсету саласында мүгедектерге көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін композиттік қызметтер енгізілген. Өтініш беруші медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) өтініш беріп, мүгедектігін және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылуын алғашқы белгілеу бойынша қызметтерді алумен қатар, мүгедектігіне мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы және МӘСҚ еңбек ету қабілетінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беруге құқылы.
Бір рет өтініш бере отырып, бірнеше мемлекеттік қызметтер алу нәтижесіне мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы ақпараттық жүйелерді жетілдіру есебінен қол жеткізілуде. Сонымен бірге, оңалтудың жекелеген бағдарламаларын жүзеге асыру үшін алғашқы куәландыру кезінде МӘС бөлімшелерінде құжаттарды қабылдауды қосып, композиттік қызметтерді кеңейту мәселесі де қаралуда («Протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу», «Мүгедектерді сурдо-тифло-техникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Есту қабілеті төмен мүгедектер үшін қимыл тілі маманы мен қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметтерін ұсыну үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу», «Мүгедектерге кресло-арба беру», «Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»).
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алушыларға республикалық бюджеттен зейнетақылар мен жәрдемақыларды және МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді уақытында төлеу қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, жәрдемақыларды, зейнетақыларды және әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде тағайындау үдерісі де қамтамасыз етілген. Осылайша, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы инновациялық технологиялардың одан әрі дамуы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін, сонымен бірге азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, әлеуметтік-еңбек саласына одан әрі реформалар жүргізу тұрғындарға қызмет көрсетуде әлеуметтік қамсыздандырудың міндеттерін одан әрі табысты шешуге мүмкіндік береді. Бүгінде халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде телекоммуникациялық технологиялар саласындағы соңғы жетістіктерді белсенді түрде енгізіп және қолданып жедел және сапалы түрде қызмет көрсетуге дайын мамандар қызмет етуде. Кәсіби мәртебеге қойылатын талаптар мен әлеуметтік қызметкерлердің жауапкершілігі жоғары, ал олардың қамқорлығымен мыңдаған адам өз қиыншылықтарын еңсеретіндігі анық.
Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері кәсіби мерекелерін жаңа жетістіктермен ғана емес, сондай-ақ азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсету үдерісін жетілдіретін жаңа міндеттермен қарсы алады. Қазіргі заман жағдайында әлеуметтік жұмыстың кәсіби беделі әлеуметтік мекемелердің ағымдағы қызметі, осы саладағы мамандар жұмысының нақты нәтижелері туралы, тікелей әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешетін адамдар мен сол кәсіптің өзі туралы қоғамдағы сенімді және уақытында берілетін ақпаратпен расталады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қарсаңында осы салада Қазақстан халқы тарапынан үлкен сенім мен құрметке ие, жоғары деңгейлі кәсіби мамандар жұмыс істейтінін сеніммен айтуға болады. Олар борыштарын адал атқарады және қызмет көрсетудегі маңызды міндеттерді мүлтіксіз орындауға әркез дайын.
Светлана ЖАҚЫПОВА,
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі