2016 жылғы 28 қаңтар Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру
шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 21 қаулысына қосымша
Тізбе
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3894 тіркелген).
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 73 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5349 тіркелген).
3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 117 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6036 тіркелген).
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 243 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7981 тіркелген, 2012 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 746-751 жарияланған).
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 252 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10220 тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 21 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру
шеңберінде аукциондар өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын (бұдан әрі – ақша-кредит саясаты) іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу тәртібін айқындайды.
2. Ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес өтімділікті беру және алу үшін Ұлттық Банк мынадай аукцион түрлерін өткізеді:
1) бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы;
2) бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы;
3) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының аукционы;
4) депозиттік аукцион.
3. Қағидаларда 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аукционға қатысушы – орталық депозитарийдің депоненті болып табылатын, бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы (бұдан әрі – аукцион) және бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы нысанындағы сауда-саттыққа қатысушы болып табылатын екінші деңгейдегі банк;
2) бағалы қағаздарды сату мәмілесінің орындалған күні – Ұлттық Банктің аукционға қатысушыға бағалы қағаздарды сатқан күні;
3) бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесінің орындалған күні – Ұлттық Банктің аукционға қатысушыдан бағалы қағаздарды сатып алатын күні;
4) бастапқы агент – екінші деңгейдегі банк, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Қазақстан Республикасы пошта байланысының ұлттық операторы, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым және Ұлттық Банктің Резервтік Орталығының ғимаратын салуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым;
5) бәсекелес ұсынысы бар өтінім – аукционға қатысушының баға көрсетілген өтінімі;
6) бәсекелес ұсынысы жоқ өтінім – аукционға қатысушының баға көрсетілмеген өтінімі;
7) депозиттік пайыздық мөлшерлеме – Ұлттық Банкте банк салымын орналастырған қарсы әріптеске Ұлттық Банк төлейтін пайыз;
8) деректерді берудің электрондық жүйесі – қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (ҚААТЖ) немесе SWIFT – ақпарат берудің және төлемдер жасаудың халықаралық банкаралық жүйесі;
9) дисконтталған баға – дисконттау мөлшерлемесін есептегенде номиналдық құннан төмен баға;
10) дисконттау мөлшерлемесі – Ұлттық Банк өткізетін аукционда бағалы қағаздың бағасын және көлемін есептеу үшін пайдаланылатын пайыздық мөлшерлеме;
11) инвестор – бастапқы агенттің клиенті;
12) кесімді баға – бастапқы агенттердің өтінімдерін қанағаттандыру аяқталатын баға;
13) кесімді мөлшерлеме – өтінімдерді қанағаттандыру аяқталатын ең төменгі (бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы үшін) не ең жоғарғы (бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы үшін) пайыздық мөлшерлеме;
14) кірістілік мөлшерлемесі – кері сату/сатып алу бағасын (екінші мәміле бағасын) және кері сату/сатып алу мәмілесінің сомасын есептеу үшін пайдалынатын, жасалатын сатып алу/сату және кері сату/сатып алу мәмілелерінің өлшемі;
15) қарсы әріптес – депозиттік аукционның қатысушысы болып табылатын екінші деңгейдегі банк;
16) ломбардтық тізім – Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционында және бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционында сатып алуына/сатуына рұқсат етілген, ұлттық сәйкестендіру нөмірлері көрсетілген бағалы қағаздардың тізбесі. Ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздар мынадай талаптарға сәйкес келеді:
шығарылым Қазақстан Республикасы қор биржасының сауда-саттығында айналысқа жіберілген;
Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сатқан/сатып алған күнінен бастап шығарылым өтелгенге дейін кемінде 7 (жеті) жұмыс күні қалған;
осы бағалы қағаздардың меншік иесі мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынастардың болуына байланысты бағалы қағаздарға меншік құқығын шектеу салынбаған.
Ломбардтық тізім Ұлттық Банктің консультативтік-кеңесші органы – Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттің ұсынымдары негізінде Ұлттық Банк Төрағасының бұйрығына сәйкес бекітіледі;
17) орташа алынған дисконтталған баға – кесімді баға бойынша аукционда қалыптасқан Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының жалпы көлеміне қарай алынған орташа дисконтталған баға;
18) орташа алынған мөлшерлеме – кесімді мөлшерлеме бойынша аукционда қалыптасқан, аукционға қатысушылардың/бастапқы агенттердің/қарсы әріптестердің қанағаттандырылған/ішінара қанағаттандырылған өтінімдерінің жалпы көлеміне қарай орташа алынған пайыздық мөлшерлеме;
19) пайыздық мөлшерлеме – аукционға қатысушыға төленетін, пайыздық көрсеткішпен көрсетілген сома;
20) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің аукциондарды өткізуге жауапты бөлімшесі;
21) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын мерзімінен бұрын өтеу – Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың қайталама нарығында қысқамерзімді ноттарды өтеу мерзімі аяқталғанға дейін бастапқы агентпен өтеу күні, саны және бағасы бойынша алдын ала келісілген толық немесе ішінара айналыстан шығаруы;
22) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу – Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың қайталама нарығында Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын өтеу мерзімі өткенге дейін бастапқы агентпен Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу күні, саны және бағасы бойынша олардың одан әрі айналыста болу мүмкіндігімен алдын ала келісілген сатып алуы;
23) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыруға өтінім – Ұлттық Банктің бұрын шығарылған айналыстағы қысқамерзімді ноттарына қосымша орналастырылған аукциондағы Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары эмиссиясының кезеңі;
24) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыру талаптары – Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастырудың, ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес Ұлттық Банк айқындайтын және жариялайтын және үстеме орналастыру күнінен, айналыста болу мерзімінен, өтеу күнінен, үстеме орналастыру көлемінен, өтінімді қанағаттандыру талаптарынан, ақы төлеу күнінен, үстеме орналастыру нысанынан тұратын талаптар;
25) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптары – ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес Ұлттық Банк айқындайтын және жариялайтын және орналастыру күні, айналысқа шығару мерзімі, өтеу күні, орналастыру көлемі, өтінімдерді қанағаттандыру талаптары, төлем жасау күні, орналастыру нысаны кіретін Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын шығарудың және орналастырудың талаптары;
26) Bloomberg, Thomson Reuters жүйелері – мәмілелер жасау мақсаттары үшін пайдаланушылары арасында байланыс жүзеге асырылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етулер мен жабдықтар кешендері.
2. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу тәртібі
4. Аукционға қатысушы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион нәтижелері бойынша бағалы қағаздарды кері сата/сатып ала отырып сатып алу/сату жөнінде мәмілелер жасау тәртібі туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасайды. Тараптардың келісімі бойынша Келісімге Қағидаларға қайшы келмейтін қосымша талаптар енгізіледі.
5. Келісім жасау үшін аукционға әлеуетті қатысушы Ұлттық Банкпен бағалы қағаздарды кері сата/сатып ала отырып сатып алу/сату жөнінде мәмілелер жасау ниеті туралы Ұлттық Банкке жазбаша сұрату (бұдан әрі – жазбаша сұрату) (еркін нысанда) жібереді.
6. Ұлттық Банк жазбаша сұратуды қарайды және Ұлттық Банкке ұсынылған күнінен бастап 14 (он төрт) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ол бойынша шешім қабылдайды. Аукционға қатысушының жазбаша сұратуын қанағаттандыру және онымен Келісім жасау туралы шешімді уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
7. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына мынадай талаптарға сәйкес келетін аукционға қатысушының қатысуына жол беріледі:
1) ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалуы туралы ақпарат Ұлттық Банкке ұсынылған күні қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп рет ең төменгі резервтік талаптар бойынша Ұлттық Банк алдында орындалмаған міндеттемелердің болмауы. Бұл шектеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға сәйкес әкімшілік құқық бұзылғаны үшін салынатын әкімшілік айыппұл төленген күнге дейін қолданылады;
2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы;
3) бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысу күні пруденциялық нормативтердің бұзылуының болмауы;
4) Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шот шартында (шарттарында) аукционға қатысушы Ұлттық Банкпен операциялар бойынша
міндеттемелерін орындамаған жағдайда оның корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктің акцептсіз ақша алу құқығын көздейтін талаптың болуы;
5) Ұлттық Банкпен жасалған Келісімнің болуы;
6) орталық депозитарийде жеке шотының болуы.
8. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындылары бойынша Ұлттық Банк пен аукционға қатысушының арасында жұп мәмілелер жасалады:
1) Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды сатып алуы бойынша (бірінші мәміле, сатып алу мәмілесі);
2) Ұлттық Банктің сол бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесінен кейін белгілі бір мерзімде кері сатуы бойынша (екінші мәміле, кері сату мәмілесі).
9. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының объектісі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды кері сату бағасын есептеуге арналған формула бойынша кері сату мәмілесінің бағасын айқындайтын кірістілік мөлшерлемесі болып табылады.
10. Уәкілетті бөлімшеге аукционға қатысушының Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпарат ұсынуды Ұлттық Банктің мынадай бөлімшелері жүзеге асырады:
1) Ұлттық Банктің төлем балансы, валюталық реттеу және статистика бөлімшесі және Ұлттық Банктің банктік қадағалау бөлімшесі (Қағидалардың 7-тармағының 1) және 3) тармақшалары бойынша);
2) Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау бөлімшесі (Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасы бойынша);
3) Ұлттық Банктің қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесі (Қағидалардың 7-тармағының 4) тармақшасы бойынша);
4) Ұлттық Банктің қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару бөлімшесі аукционға қатысушының мөлшерлемелердің (айырбастау бағамдарының) ағымдағы жағдайға негізделмеген құбылмалығын арттыруға әкеп соғатын операцияларын талдау бөлігінде.
11. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына валюта коды, аукционды өткізу күні және өтімділік беру мерзімі көрсетіле отырып бірегей сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – аукцион нөмір) беріледі.
12. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты, аукционға қатысушыға Ұлттық Банк айқындайтын электрондық деректер беру жүйесі арқылы берілетін ақпаратта (бұдан әрі – электрондық хабар) мынадай өлшемдер болады:
1) аукционның нөмірі;
2) ломбардтық тізім;
3) ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздарды сатып алу бағасы (бірінші мәміленің бағасы). Сатып алу бағасы бір бағалы қағаздың үтірден кейін төрт белгі қойылған таза құны ретінде (есептелген сыйақы қосылмаған) айқындалады;
4) өтімділік беру мерзімі (бірінші мәмілені және екінші мәмілені орындау күні арасындағы күнтізбелік күндердегі айырма);
5) орналастырылатын өтімділіктің жарияланған көлемі;
6) кірістіліктің ең төменгі мөлшерлемесі (аукционға қатысушы сұрататын кірістілік мөлшерлемесінің ең төменгі рұқсат етілген мөлшері).
Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты, электрондық деректер беру жүйесі арқылы берілетін ақпарат Ұлттық Банк пайдаланатын бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесінің көмегімен шифрланады.
13. Техникалық себептерге байланысты Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты ақпаратты электрондық деректер беру жүйесі арқылы беру мүмкін болмаған жағдайда осы хабарларды қағаз тасымалдағышпен беруге рұқсат етіледі.
14. Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге дейін кемінде бір жұмыс күнінен кешіктірмей аукционға қатысушыға және орталық депозитарийге ломбардтық тізімді және бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу туралы ақпаратты хабарлайды.
15. Ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздардың нарықтық құны қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған дисконтқа сәйкес есептеледі.
16. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу күні Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 09.00 –11.30 аралығында уәкілетті бөлімшеге Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционға қатысуға өтінім береді.
17. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысу үшін бәсекелес және бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінім береді.
Бәсекелес немесе бәсекелес емес ұсыныстары бар бір өтінімнің ең төменгі көлемі кемінде 50 000 000 (елу миллион) теңге болады.
Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы кемінде екі әртүрлі аукционға қатысушыдан бәсекелес ұсынысы бар екі және одан көп өтінім болған кезде өткізіледі.
18. Бәсекелес ұсыныстары бар өтінімде бағалы қағаздың шығарылымы, номиналдық құны және пайыздық мөлшерлеме көрсетіледі.
19. Бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімде бағалы қағаздың шығарылымы және номиналдық құны көрсетіледі.
20. Аукционға қатысушының бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қабылданған бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдері ең жоғарғысынан бастап, бірақ кесімді мөлшерлемеден төмен емес ұсынылған пайыздық мөлшерлеменің деңгейі бойынша ретке келтіріледі және қанағаттандырылады.
21. Аукционға қатысушының аукционға қабылданған бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімі бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған мөлшерлеме бойынша қанағаттандырылды.
Орташа алынған мөлшерлемені есептеуді Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу қорытындысы бойынша аукционға қатысушылардың бәсекелес ұсынысы бар қанағаттандырылған/ішінара қанағаттандырылған өтінімдері бойынша жүзеге асырады.
22. Уәкілетті бөлімше Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 12.00 қарай бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционға қатысуға өтінімдерді Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінімдердің тізіміне жинақтайды.
Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған кезде оның орнындағы адам Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 12.00 – 15.00 аралығында бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы туралы алынған деректер негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы жедел шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.
23. Уәкілетті бөлімше кесімді мөлшерлеме және қанағаттандырылған өтінімдер көлемі туралы ақпарат негізінде бағалы қағаздарды сатып алу және кері сату мәмілесін жасайды және аукционға қатысушыға Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының нәтижелері туралы хабарлама береді.
24. Ұлттық Банк ол жүргізіп отырған ақша-кредит саясатының бағыттары және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес аукционның талаптарын жедел өзгертеді (жарияланған орналастыру көлемін ұлғайтады, жарияланған орналастыру көлемін азайтады, аукционды өткізбейді).
25. Аукционға қатысушыға Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының нәтижелері туралы хабарламаны Ұлттық Банк аукцион толық аяқталғаннан кейін, бірақ Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 16.00 кешіктірмей орталық депозитарийге және аукционға қатысушыға жібереді.
26. Ұлттық Банк аукционның ақша-кредит саясатының міндеттерін орындау үшін жеткіліксіз нәтижелерін алған жағдайда аукционды өтпеген деп жариялайды.
Аукционды өтпеген деп жариялау уәкілетті бөлімшенің басшысының не ол болмаған кезде оның міндетін атқаратын адамның өкімімен бекітіледі.
27. Уәкілетті бөлімше бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы өткізілген күні Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 18.00 кешіктірмей Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына өткізілген бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындысы туралы ақпаратты орналастырады.
28. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындысы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және кері сату мәмілелері бойынша есеп айырысу орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
29. Бағалы қағаздарды есепке алуды жеңілдету мақсатында бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу жинақталған сыйақылар есепке алынбаған баға бойынша жүргізіледі. Бағалы қағаздар бойынша сыйақыны осы бағалы қағаздарды сатқан аукционға қатысушы алады.
30. Орталық депозитарий, қатысушы және Ұлттық Банк арасында бұйрықтармен алмасу орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
31. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындысы бойынша жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды кері сату мәмілесі жасалған күні белгіленген талаптармен, аукционға қатысушы міндеттемелерді орындамаған күннен кейінгі келесі жұмыс күні Ұлттық Банк орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес орталық депозитарийге бағалы қағаздарды есептен шығаруға және Ұлттық Банктің пайдасына есепке жазуға арналған бұйрықты жібереді. Мәміле бойынша міндеттемелер орындалмаған күнге дейін есептелген бағалы қағаз бойынша жинақталған купондық сыйақының сомасы аукционға қатысушының пайдасына аударылады.
Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды сатып алу және кері сату операцияларын есепке алуды және тіркеуді орталық депозитарий орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес Ұлттық Банктің тиісті қосалқы шотында жүргізеді.
Егер бағалы қағаздарды кері сату мәмілесін жүргізу күні жұмыс істемейтін (мереке немесе демалыс) күнге сәйкес келсе, бағалы қағаздарды кері сату мәмілесін орындау кері сату күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні мәміле талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу тәртібі
32. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қатысушысы Ұлттық Банкпен Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келісім жасайды.
33. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қатысушысы Келісім жасау үшін Ұлттық Банкке Ұлттық Банкпен бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату мәмілелерін жасау ниеті туралы жазбаша сұрату жібереді.
34. Ұлттық Банк жазбаша сұратуды қарайды және Ұлттық Банкке ұсынған күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ол бойынша шешім қабылдайды. Аукционға қатысушының жазбаша сұратуын қанағаттандыру және онымен Келісім жасау туралы шешімді уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қабылдайды.
35. Мынадай талаптарға сәйкес келетін аукционға қатысушыға бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға рұқсат етіледі:
1) аукционға қатысушы Ұлттық Банкке ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалғаны туралы ақпарат ұсынған күні қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде ең төменгі резервтік талаптар бойынша Ұлттық Банк алдында екі және одан көп орындалмаған міндеттемелердің болмауы. Осы шектеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған әкімшілік айыппұл төлеген күнге дейін қолданылады;
2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы;
3) пруденциялық нормативтердің бұзылмауы;
4) Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шот шартында (шарттарында) аукционға қатысушы Ұлттық Банкпен операциялар бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда оның корреспонденттік шотынан ақшаны акцептемей алуға Ұлттық Банктің құқығы көзделетін талаптың болуы;
5) Келісімнің болуы;
6) орталық депозитарийде жеке шоттың болуы.
36. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындысы бойынша Ұлттық Банк пен аукционға қатысушы арасында:
1) Ұлттық Банктің бағалы қағаздар сатуы жөніндегі (бірінші мәміле, сату мәмілесі);
2) Ұлттық Банктің сату мәмілесінен (екінші мәміле, кері сатып алу мәмілесі) кейін сол бағалы қағаздарды кері сатып алуы жөніндегі бір немесе бірнеше жұп мәміле жасалады.
37. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының объектісі Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды кері сатып алу бағасын есептеуге арналған формула бойынша кері сатып алу мәмілесінің бағасын айқындайтын кірістілік мөлшерлемесі болып табылады.
38. Ұлттық Банктің мынадай бөлімшелері уәкілетті бөлімшеге аукционға қатысушының Қағидалардың 35-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпарат ұсыну үшін жауапты болып табылады:
1) Ұлттық Банктің Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика бөлімшесі және Ұлттық Банктің банктік қадағалау бөлімшесі (Қағидалардың 35-тармағының 1) және 3) тармақшалары бойынша);
2) Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау бөлімшесі (Қағидалардың 35-тармағының 2) тармақшасы бойынша);
3) Ұлттық Банктің Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесі (Қағидалардың 35-тармағының 4) тармақшасы бойынша);
4) Ұлттық Банктің Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару бөлімшесі аукционға қатысушының мөлшерлемелердің (айырбастау бағамдарының) ағымдағы жағдайға негізделмеген құбылмалығын арттыруға әкеп соғатын операцияларын талдау бөлігінде.
39. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату жөніндегі әрбір аукционға валюта кодын, аукцион өткізу күнін және өтімділікті алу мерзімін көрсете отырып бірегей сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – аукционның нөмірі) беріледі.
40. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізуге байланысты және аукционға қатысушыға Ұлттық Банк айқындайтын деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы берілетін ақпарат (бұдан әрі − электрондық хабар) мынадай өлшемдерді қамтиды:
1) аукционның нөмірі;
2) алынатын өтімділікті алу мерзімі (бірінші мәмілені және екінші мәмілені орындау күні арасындағы күнтізбелік күндердегі айырма);
3) алынатын өтімділіктің жарияланған көлемі;
4) кірістіліктің ең көп мөлшерлемесі (аукционға қатысушысы сұрататын кірістілік мөлшерлемесінің ең көп қолжетімді мөлшері);
5) кепіл түрі.
Деректерді берудің электрондық жүйесі бойынша берілетін бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын жүргізуге байланысты ақпарат Ұлттық Банк пайдаланатын бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесінің көмегімен шифрланады.
41. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын жүргізуге байланысты ақпаратты техникалық себептер бойынша деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы хабарлар беру мүмкін болмаған жағдайда осы хабарларды қағаз тасымалдағышпен беруге рұқсат етіледі.
42. Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізерден бұрын бір жұмыс күнінен кешіктірмей бастапқы агенттерге және орталық депозитарийге бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу шарттарын хабарлайды.
43. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы шеңберінде кепіл ретінде беретін бағалы қағаздардың нарықтық құны қор биржасының бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінде айқындалған дисконтпен есептеледі.
Бағалы қағаздарды сату құны бір бағалы қағаздардың таза құны ретінде (есептелген сыйақыны қоспай) үтірден кейін төрт белгімен анықталады.
44. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу күні Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 − 11.30 аралығында аукционға қатысушы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға уәкілетті бөлімшеге өтінім береді.
45. Аукционға қатысушы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға арналған өтінімдерді бәсекелес және бәсекелес емес ұсыныстармен бере алады.
Бәсекелес және бәсекелес емес ұсыныс бар бір өтінімнің ең аз көлемі кемінде 50 000 000 (елу миллион) теңге болады.
Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын кемінде әртүрлі екі қатысушыдан түскен бәсекелес ұсынысы бар екі және одан көп өтінім болған кезде өткізіледі.
46. Бәсекелес ұсыныстары бар өтінімде бағалы қағаздардың шығарылымы, номиналдық құны және пайыздық мөлшерлеме көрсетіледі.
Бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімде бағалы қағаздардың шығарылымы және номиналдық құны көрсетіледі.
47. Аукционға қатысушылардың бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қабылданған бәсекелес ұсыныстары реттеледі және ең жоғарыдан бастап, бірақ кесімді мөлшерлемеден төмен емес ұсынылған пайыздық мөлшерлеменің деңгейі бойынша қанағаттандырылады.
48. Аукционға қатысушының бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қабылданған бәсекелес емес ұсынысы аукцион өткізу қорытындылары бойынша қалыптасқан орташа алынған мөлшерлеме бойынша қанағаттандырылды. Орташа алынған мөлшерлемені есептеуді Ұлттық Банк аукционға қатысушылардың аукцион өткізу қорытындысы бойынша қанағаттандырылған/ішінара қанағаттандырылған бәсекелес ұсыныстары бойынша жүзеге асырады.
49. Уәкілетті бөлімше Алматы қаласының уақыты бойынша 12.00 сағатқа қарай бағалы қағаздарды сатып алуға арналған өтінімдерді Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.
Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған кезде оның орнындағы адам Алматы қаласының уақыты бойынша 12.00 – 15.00 сағатта аукцион туралы алынған деректер негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы жедел шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.
50. Уәкілетті бөлімше кесімді мөлшерлеме және қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі туралы ақпарат негізінде бағалы қағаздарды сатып алу және кері сату мәмілелерін жасайды және аукционға қатысушыға Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы бойынша өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама береді.
51. Ұлттық Банк жүргізілетін ақша-кредит саясатының бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының талаптарын (алынатын өтімділіктің жарияланған көлемін ұлғайтады, алынатын өтімділіктің жарияланған көлемін азайтады, аукционды өткізбейді) жедел өзгертеді.
52. Ұлттық Банк Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы бойынша өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарламаны аукцион толық аяқталғаннан кейін, бірақ Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 16.00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге және аукцион қатысушысына жібереді.
53. Ұлттық Банк аукционның ақша-кредит саясатының міндеттерін орындау үшін жеткілікті емес нәтижелерін алған жағдайда аукционды өткізілмеген деп жариялайды. Аукционды өткізілмеген деп жариялау уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның өкімімен бекітіледі.
54. Уәкілетті бөлімше бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы өткізетін күні Алматы уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындылары туралы ақпаратты Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастырады.
55. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындылары бойынша бағалы қағаздарды сату және кері сатып алу мәмілелері бойынша есеп айырысулар орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады.
56. Бағалы қағаздарды есепке алуды жеңілдету мақсатында бағалы қағаздар бойынша есеп айырысулар жинақталған сыйақыны есепке алмағанда, баға бойынша жүргізіледі. Бағалы қағаздар бойынша сыйақыны осы бағалы қағаздарды сатқан Ұлттық Банк алады.
57. Орталық депозитарий, аукционға қатысушы және Ұлттық Банк арасында бұйрықтар алмасу орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
58. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындылары бойынша жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды кері сатып алу мәмілесін жасау күні белгіленген талаптармен аукционға қатысушы міндеттемелерді орындамаған күннен кейінгі жұмыс күні Ұлттық Банк орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздарды Ұлттық Банктің пайдасына есептен шығаруға және аударуға арналған бұйрықты орталық депозитарийге жібереді.
Мәміле бойынша міндеттемелерді орындамау күніне дейін есептелген бағалы қағаздар бойынша жинақталған купондық сыйақы сомасы аукцион қатысушысының пайдасына аударылады.
Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды сату және кері сатып алу операцияларын есепке алуын және тіркеуін орталық депозитарий Ұлттық Банктің тиісті қосалқы шотында орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізеді.
Егер бағалы қағаздарды кері сатып алу мәмілесін жүргізу күні жұмыс істемейтін (мереке немесе демалыс) күнге келген жағдайда, бағалы қағаздарды кері сатып алу мәмілесін орындау мәміле талаптарына сәйкес кері сату күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
4. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары аукционын жүргізу тәртібі
59. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, Ұлттық Банк дисконтталған баға бойынша орналастырады, номиналдық құны бойынша өтейді.
60. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары қаржы нарығында сыйақы мөлшерлемелерін реттеуге арналған ақша-кредит саясатының құралы болып табылады.
61. Ұлттық Банктің қысқамерзімді нотының номиналдық құны 100 (жүз) теңге болады.
62. Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау бөлімшесі қысқамерзімді ноттардың әрбір шығарылымына ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді.
63. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын орналастыру Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарымен операцияларды жасау тәртібі туралы шарттың негізінде бастапқы агенттер арқылы жүзеге асырылады.
64. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттар бойынша сыйақы мөлшерлемесі Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының дисконтталған бағасын