31 Қазан, 2016

Талдықорғанда ғылымның инновациялық әлеуеті талқыланды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Талдықорғанда «Заманауи сын-тегеуріндер мен қоғамның жаһандану жағдайында Қазақстандағы білім мен ғылымның инновациялық әлеуеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция   өтті.  Конференцияны  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік унивеситетінің ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қуат Баймырзаев ашты. Конференцияның мақсаты – ғылым мен инновацияның теориялық және практикалық қиындықтарын жеңу және білім беру, экономика, ақпараттық технология, қоғамдық, әлеуметтік,  техникалық ғылымдардың дамуының өзекті мәселелерін талқылап,  Қазақстандағы білім мен ғылымның инновациялық әлеуетін арттыру. Конференция жұмысына Түркия, Ресей, Украина, Болгария елдерінен арнайы келген ғалымдар және елімізге танымал ғылым докторлары мен профессорлар, университеттің оқытушы-профессорлары мен студенттері, барлығы 250 адам қатысты.