Нұрсұлтан Назарбаев ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, - деп хабарлайды egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Бақыт Сұлтанов Қазақстан Президентіне Қаржы министрлігінің биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы, республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ Мемлекет басшысының төрағалығымен 2016 жылғы 9 қыркүйекте өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың іске асырылуы туралы баяндады.
Елбасы бюджет үдерістерінің тиімділігін одан әрі арттыруға, бюджетті қалыптастыру барысында экономиканың өсіміне ықпал ететін мемлекеттік бағдарламаларға негізделген ұтымды тәсілдердің қолданылуына баса назар аударды.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті жекешелендірудің екінші кезеңін іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігіне айрықша тоқталды.
"Мемлекеттік нысандарды отандық және шетелдік инвесторлардың меншігіне беру ісінің мейлінше жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы мүлікті заңдастыру жөніндегі науқанның соңғы кезеңіне қатысты міндеттер қойды. Мәселен, Қазақстан Президенті бұл науқанды жүргізу барысында қалыптастырылған жариялылық жағдайын атап өтіп, оның ел экономикасы үшін нәтижелілігін айтты.
"Мүлікті заңдастыру салық есебінен бюджетті толықтырып, одан әрі экономикаға пайдасын тигізетін активтерді анықтауға мүмкіндік беретін болады. Бұл - салық жүйесінің басты міндеттерінің бірі", - деді Елбасы.
Қаржы министрі тиімді экономикалық саясат пен "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында заңнамаларға өзгерістер енгізу, салық пен кедендік басқаруды жетілдіру есебінен бюджет кірісінің тұрақтануы және биыл оның 7,4 пайызға өсуі байқалып отырғанын мәлімдеді. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан экономикасы 2025 жылы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 21:46
Қауіпсіз онлайн-сауда: суық қару сатылымнан алынып тасталуы тиіс
Қоғам • Бүгін, 21:30
2025 жылы студенттерге арналған 31 жатақхана пайдалануға беріледі
Білім • Бүгін, 21:13
Мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы енгізілді
Білім • Бүгін, 20:55
БҰҰ: Қазақстан Солтүстік пен Орталық Азияда инвестиция тарту бойынша көшбасшы атанды
Саясат • Бүгін, 20:33
Үкімет ғылым мен жоғары білімді дамытудың 2025 жылғы қорытындысын шығарды
Үкімет • Бүгін, 20:18
Әкесіне тіл тигізіп, қоғамдық жұмысқа жегілді
Заң • Бүгін, 19:55
Балабақшаларда кезек 2 есе азайды
Қоғам • Бүгін, 19:37
Қазақстан Орталық Азиядағы жаңа донор ретінде таныла бастады
Қоғам • Бүгін, 19:17
Қысқы Олимпиадада туды кімдер ұстайды?
Спорт • Бүгін, 18:48
14 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 18:10
2025 жылы БАҚ-та қандай тақырыптар жиі талқыланды?
Қоғам • Бүгін, 17:53
2025 жылы Қазақстанда қандай даулы мәлімдемелер болды?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Тараз горнизонында бес егіз жұп қызмет етеді
Аймақтар • Бүгін, 17:32