01 Қараша, 2016

Астанада халықаралық дәрі-дәрмек көрмесі өтеді

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордада 3 қараша күні «Astana Zdorovie - 2016» XIII қазақстандық халықаралық көрмесі өтеді. Шараға әлемнің 19 елінен 150 компания қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚазМедТех» АҚ басқарма төрағасы Талғат Шыныкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.  «Денсаулық саласына арналған көрме биыл өзгеше форматта ұйымдастырылады. Көрме шеңберінде «Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы. Заманауи беталыстар» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Бұл еліміз үшін өте маңызды. Көрмеге 19 мемлекеттен 150 компания қатысады. Оның ішінде Philіps, Toshiba және General Electric секілді әлемнің алпауыт компаниялары бар. Көрме өз жұмысын 3 қарашада бастайды», - деді төраға.