04 Қараша, 2016

Әлихан Байменов БҰҰ Бас хатшысының уәкілімен кездесті

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб төрағасы Әлихан Байменов БҰҰ Бас хатшысының Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша Уәкілі Хорхе Чедиекпен кездесіп, мемлекеттік қызмет саласындағы әрі қарайғы ынтымақтастық жайын талқылады. Кездесу барысында Хаб комитеті жетекшісі мемлекеттік қызмет саласы бойынша Оңтүстік-Оңтүстік форматындағы аймақтық үшжақты ынтымақтастықтың рөлі мен маңызына тоқталды. Сонымен бірге ол ұйым географиясының ЭЫДҰ, ТМД, ASEAN елдері кіретін 36 мемлекетке кеңейгенін айтып, Хабтың жаңа зерттеулері мен бастамаларынан хабардар етті. "Мемлекеттік қызмет мәселелерінде барлық елдерге ортақ қағида жоқ. Бірақ жетістіктер мен мәселелерді зерттеп, Хаб тұғырнамасында тәжірибе алмасып, мемлекеттер өздерінің контексіне сай келетін сәтті шешімдер табады.  Хабтың зерттеулері мен семинарлары да осыған бағытталған", - деді Әлихан Байменов. Хорхе Чедиек мырза «Хабтың аймақтық және аймақаралық ынтымақтастықты дамытудағы айрықша жұмысына» тоқталды. Ол БҰҰ Хабтың қызметін Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына жету жолында халықаралық әріптестікті дамытуға қосқан үлесі ретінде қабылдайтынын жеткізді. Кездесу барысында тараптар жаңа бастамаларды бірге жүзеге асыру мәселелерін қарастырды. Бұған дейін Хаб құру мен оның табыстары Қазақтанның реформалар жасауда, оның ішінде мемлекеттік қызметте меритократияны нығайту бойынша  өз тәжірибесімен бөлісуге даярлығының нәтижесінде жүзеге асқаны БҰҰ тарапынан атап өтілген. 2014 жылы Хаб БҰҰ Басқармасының Оңтүстік-Оңтүстік форматындағы ынтымақтастық бойынша сыйлығымен марапатталған.