05 Қараша, 2016

Телефон арқылы сөйлесті

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақ­тас­тықтың қазіргі жағдайы мен перспек­тиваларын, сондай-ақ екі елдің Еу­ра­зия­лық экономикалық одақ аясын­дағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқы­лады. Қазақстан пен Қырғызстан президенттері алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде 2017 жылдың бірінші тоқсанында Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды.   * * * Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады. Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынасын одан әрі нығайту бағытында бірлесіп, белсене жұмыс жүргізуге әзір екендігін айтты. Мемлекет басшысы ынтымақтастықты жан-жақты нығайту үшін Сербия Премьер-министрі А.Вучичтің Қазақстанға биылғы қараша айындағы сапарының маңыздылығын атап өтті. Телефон арқылы сөйлесуге Сербия тарапы бастамашы болды.