05 Қараша, 2016

Биыл елімізге 320 мың саяхатшы келген

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
051116-tourism Туризм саласы елімізде жыл санап дамып келеді. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, биыл жарты жылда Қазақстанға шетелден 320 мың адам келген, деп хабарлайды 24.kz. Өткен жылмен салыстырғанда биыл саяхатшылардың қатары 4%-ға ұлғайған. Ал туристік компаниялардың 6 айдағы табысы 15 млрд. 400 миллион теңгеге жеткен. Шетелдіктер көбіне Алматы, Астана қалаларына және Батыс Қазақстан өңіріне жиі сапарлауды жөн көреді. Қазақстанға 2017 жылдан бастап 48 елдің азаматтары арнайы құжатсыз-ақ келе алады. Мамандар Қазақстандағы мәдениет саласына, әсіресе экологиялық туризмге және этнотуризмге ерекше мән берілуі керек деген пікірде. Саяхатшылар қазақ жерінің әсем табиғатын тамашалаумен қатар жергілікті халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен танысқысы келеді. Келесі жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуі Қазақстандағы туризм саласының дамуына айтарлықтай серпін беріп, инвесторлардың келуіне жол ашады.