22 Қараша, 2016

Елбасы Үндістан премьеріне көңіл айтты

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Канпур қаласында пойыз апаты салдарынан көптеген адам қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Оқиға салдарынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.