23 Қараша, 2016

Алматыда тазаланбаған қар үшін айыппұл салынды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кәсіпорындар мен ұйымдар қала абаттандыру ережесін 131 мәрте бұзған. Бұған қар мен мұздан өз уақытында тазаламау әрекеттері жатады. Ал қала бойынша полиция 808 дерек анықтады. Ереже бұзғандарға 6,744 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі. Ереже бұзған заңды тұлғаларға 30 айлық көрсеткіш көлемінде (63 630 теңге) айыппұл салынатыны хабарланып отыр. "Сондай-ақ, шамамен 1100 ұйымға ескерту жасалды. Олардың жұмыстары бақылауға алынды", - деді жергілікті полиция өкілдері. Сондай-ақ, жергілікті полицейлердің айтуынша, тексеру шаралары әлі де жалғасады. "Біз жүргізген тексеру жұмыстары қаладағы мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың барлығының қар тазалау жұмыстарымен айналыспайтынын көрсетті. Учаскелік полиция инспекторлары мен Табиғи ортаны қорғау полицейлерімен біріге отырып, тексеру жұмыстары әлі де жүргізілетін болады", - деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.
Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10