15 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 1168

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 24 ақпандағы № 928 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: 1) «Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру»; 2) «Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 24 ақпандағы № 928 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 13-14, 124-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру  енгізілсін: тақырыбында: «көрсету» деген сөз алып тасталсын; 1-тармақтың бірінші абзацында: «көрсету» деген сөз алып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің»  деген сөздермен толықтырылсын; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру», «Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру», «Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары осы Жарлыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жыл, 4 наурыз. ТОЛЫҚ МӘТІН