30 желтоқсан 2010 жыл. Астана, Үкімет Үйі
Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 30) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдар, бөгеттер, ғимараттар мен қондырғылар құрылысына және оларды пайдалануға рұқсат берудiң тәртiбi мен шарттары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 772 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 252-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.
ТОЛЫҚ МӘТІН