Кеңқолтық Қазақ елі талай ұлтты бауырына тартқан, достық сезімінің жылы шуағына бөлеген ұядай қасиетті құт-мекен. Бұл сөзімізге еліміздегі жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың ынтымақты тірлігі дәлел. Кезінде жайлы жер іздеп, туған топырағынан қоныс аударған чехтардың бір тобы Украина, Белоруссия мен Ресейден де байыз таба алмай алыстағы Ақтөбе өңіріне табан тірегелі де екі ғасырдан астам уақыт өтіпті. Қиян түпкірге келіп, тұрмыс-тіршілігін қалыптастырған чехтар күні кешеге дейін бір ауылға шоғырланып өмір кешіп келді. Кеңестік жүйенің идеологиялық матауының мықты тіні шіріген жіптей үзіліп, еркіндіктің самалы ескен тәуелсіздіктің елең-алаңында әр ұлттың өзінің атамекеніне оралуына мүмкіндік туды.
Негізінен Темір ауданындағы «Дружба» кеңшарында топтасып тұрып жатқан чехтар да еліміз егемендік алып, ауыл шаруашылығын жаппай жекешелендіру басталған күрделі кезеңде тарихи отанына қарай қозғалудың қамына кірісті. Ақтөбеден аттанған 30 отбасы бастапқыда Злин, Игловогород, Кутнюгоры қалаларына қоныстанды. Көштің алдыңғы легінде барып қалғандардан Чехиядағы жағдайды сұрастыра жүріп, сол кезде Ақтөбе қаласында тұрып жатқан Пэструлер отбасы да атамекеніне атбасын бұрды. Рас, талай жыл тамыр тартып қалған жылы орындарын суытқысы келмегенімен, атамекенге деген ынтық көңілге мұнда бәрі жақсы деген Валентина Андреевнаның құрбысының хаты да «отқа май құйғандай» болды. Сөйтіп, отағасы Иван Васильевич зайыбы Валентина Андреевна мен баласы Иван үшеуі Чехиядан бір-ақ шықты. Алайда, қазақтың кең даласына, кеңқолтық қонақжайлығы мен кеңпейіл мейірбандығына үйренген Пэструлер келген бойда-ақ өзге бір әлемге еніп кеткендей мазасыз күй кешті. Мұнда біреудің біреумен ісі жоқ, әркім өзімен өзі, көршіңнің өзі есігіңнен қарамайды. Абыр-сабыр тірлік, аралас-құралас қатынасқа үйренген Пэструлер отбасы жаңа ортаға тосырқай қарады, қазақ жерін, ондағы халықтардың өзара тату-тәтті өмірін ойлап, ішкен астары бойларына тарамады десе де болғандай.
– Шынымен де солай болды. Асығыс шешім қабылдағанымызды кеш түсіндік. Мен өзім қазақ балаларымен бірге оқып, бірге ойнап өстім. Ол жақтың менталитеті мүлде бөлек. Біз қуанышты да, қайғына да бөлісіп, өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасқа дағдыланып қалғандықтан, оқшау тірлікке көндіге алмадық. Алыстан жеткен алдамшы хабарға неге бой алдырдым деп өкіндім, Ақтөбеде тұрғанымызда бізде үйіміз де, жұмысымыз да, күнара хабарласатын достарымыз да болды. Бәрінен бұрын қазақ халқының ыстық ықыласын айтсаңшы. Міне, ол жақта біз көп нәрсе жоғалтқанымызды білдік. Сондықтан 2009 жылы туған Қазақстанымызға, сүйікті Ақтөбемізге қайта оралдық. Мен қазақ халқындай бауырмал, мейірман халық көрген емеспін. Кеткен өздерің емес пе, деп ешкім бетімізге басып, теріс айналмады. Қайта қамқор қолын созды. Облыс әкімі Елеусін Сағындықов тұрғын үй берді. Бұдан артық жүдеген көңілге не керек. Өзім жабылып қалған чехтардың этномәдени бірлестігінің жұмысын жандандыруды қолға алдым, – дейді көңіл толқынын баса алмай Валентина Андреевна.
Толқитындай да реті бар. Пэструлердің өздері айтқанындай, қазақстандықтар үшін еуропалықтардың өмір сүру дағдыларымен үйренісіп кету қиынның қиыны. Басқа жерде жақсы болар мүмкін, бірақ, ұлттар достығы деген шын мәнінде орныққан қазақ жерінде өскендерге осы топырақтың айрықша қымбат екені шындық.
– Бәрінен бұрын ұлымыз елге қайтуды талап етіп тұрып алды. Біз оны патриотизм рухында, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеген едік. Қазақстанға оралу туралы дұрыс шешім қабылдағанымызды мұндағылар жайылып төсек, жапырылып жастық болып қабылдағанда анық түсіндік. Ең аяғы ыдыс-аяққа дейін сатып алып берді. Облыс, қала әкімдіктері, кәсіпкерлер мен достарымыз құшақ жая қарсы алғанда, қатты қателескенімізді сезіндік. Ұлым Иван облыс орталығындағы жоғары оқу орнында оқиды. Қазақстан халқы Ассамблеясы осында мекендейтін барлық ұлттарға еңбек етуге, мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Экономикалық күрделі кезеңде облыстан кеткендер Қазақстан сияқты қарқынды дамыған елімізге оралуға құлықты, – дейді Валентина Пэстру.
Ақтөбе қаласындағы «Достық» үйінде чехтардың этномәдени бірлестігі жұмыс істейді.Қазір осындағы жексенбілік мектепте Ольга Савина чех тілінен сабақ береді. Этномәдени бірлестік қоғамдық-саяси және мәдени шараларға белсене қатысады. Ұлттық тағамдар байқауы, ұлттық қолөнер туындыларының көрмелеріне қатысады. Соның басы-қасында қашан да өзі өскен ортаға аңсап оралған Валентина Пэстру жүреді. Азғантай уақыт Ақтөбесінен жырақта болған олар мұнда өздерін еркін сезінетінін айтудан жалықпайды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы.
• 15 Наурыз, 2011
Қазақтай қайырымды халық көрмедім – дейді Чехиядан қайта оралған Валентина ПЭСТРУ

Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді
Оқиға • Бүгін, 14:58
Алматыда курьерлік қызметке қойылатын талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 14:50
АҚШ-тағы заң мектебінде еліміздің жаңа Конституциялық реформасы талқыланды
Ата заң • Бүгін, 14:27
«Тұран» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Бүгін, 14:10
«Химфармның» өндірістік әлеуеті артады: Жаңа 38 дәрі-дәрмек шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 13:54
Сирек кадр: Алматы қорығында аландар көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 13:40
Астанада үлескерлерді алдаған тұрғын үй кешендеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:32
ХҚКО-ларда кезек азайды: Қандай қызметтерді онлайн алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 13:20
Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады ма? Министрлік мониторинг деректерін жариялады
Қоғам • Бүгін, 13:12
«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 13:03
«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 12:48
«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?
Дін • Бүгін, 12:34
Михаил Шайдоров «Милан-2026» Олимпиада жұлдыздарының шоуына қатыспайтын болды
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22