16 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1245

393 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
2010 жылғы 24 қараша        Астана, Үкімет Үйі   Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидасын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 36) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының теңіздері мен ішкі су қоймаларында мұнай операцияларын жүргізудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы №105 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., №2, 23-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы №1245 қаулысымен бекітілген Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Теңізде, ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және теңізде, ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін анықтайды. 2. Теңіз бен ішкі су айдындардағы мұнай операциялары өңірлік геологиялық-геофизикалық зерттеулер мен мұнай, газ және конденсат өндіруге, барлауға қатысты жұмыстарды және олармен бірыңғай технологиялық циклмен байланысты мұнайды, газ бен конденсатты уақытша сақтауды және құбыржол көлігімен теңіз құрылыстарынан құрлыққа айдауды, сондай-ақ теңіз құрылыстарын, жасанды аралдарды, дамбалар мен қондырғыларды салу, монтаждау және олардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қамтиды. 3. Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық секторындағы жер қойнауы учаскелерінде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операциялары белгілі бір тереңдікпен шектелуі мүмкін. 2. Теңізде, ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібі 4. Теңізде мұнай операцияларын жүргізудің ерекшеліктері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарында көзделуге тиіс. 5. Жобалау құжаттарының көрсеткіштерін өзгерткен кезде жер қойнауын пайдаланушы жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізеді. Жобалау құжаттарын бекіту және жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу бір мезгілде жасалады. Жобалау құжаттары (оларға өзгерістер және/немесе толықтырулар) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткенге дейін Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады. Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия қаралған жобалау құжаттарын бекітуге ұсынған кезде жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жобалау құжаттарын бекітеді. 6. Жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде бұл операцияларды теңіз кеме қатынасына, балық аулауға және әдетте, Заңның 93-бабына сәйкес теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын өзге де заңды қызметке кедергі мен зиян келтірмейтіндей етіп жүзеге асырады. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы Заңның 93-бабына сәйкес теңіздің ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзірлейді және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекітеді. Бұл бағдарламалар: 1) жүргізілетін мұнай операцияларын ішкі бақылау; 2)   персоналды оқыту; 3)   ұңғымаларды бақылауға алу, авариялық және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған және теңіз ластанған жағдайда қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету; 4)   теңізде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тарту; 5)        теңіз ластанған жағдайда дереу оқшаулау және теңізді тазарту жөніндегі шараларды әзірлеуді қамтиды. 7.         Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шегінде функционалдық аймаққа бөлу негізінде Кодекстің және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес шаруашылық немесе өзге қызметке толық тыйым салынған және жұмыстардың жекеленген түрлерін жүргізуге қосымша уақытша шектеулер салынған қорықтық учаскелер бөлінеді. Кен орындарын пайдаланған кезде Каспий теңіздің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында мұнай тасымалдау Заңның 114-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген талаптар сақталған жағдайда құбыржолдар арқылы жүзеге асырылады. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 77-бабына сәйкес мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің сақталуына қатер төндіретін кез келген қызметке тыйым салынады. 8. Төтенше экологиялық жағдай аймақтарында мұнай операцияларын жүргізу Кодекстің 176-бабында белгіленген құқықтық режимді сақтаумен жүзеге асырылады. 9. Теңіздегі, ішкі су айдындардағы, төтенше экологиялық жағдай аймақтарындағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мұнай операцияларын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану талаптарына сәйкес жүргізеді.