18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №766

595 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2010 жылғы 20 желтоқсан, Астана қаласы Жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге керекті технологиялық жабдықтар жиынтығының ең аз тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 «Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» қау­лысымен бекітілген ветеринария саласындағы ветеринариялық қызметті лицензиялауда қойылатын біліктілік талаптардың 2 тармағының 3) тармақшасын орындау мақсатында бұйырамын: 1. Жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарға ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізуге керекті технологиялық жабдықтар жиынтығының ең аз тізбесі бекітілсін. 2. «Өндірістік бөлмелер және технологиялық құрал-жабдықтардың нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 9 каңтардағы №5 бұй­рығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылдың 16 қаң­тарында №2122 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзгеде орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенініде 2003 жылы № 9-10 ст.806 жарияланған) күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекция Комитеті және облыс, Астана Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларымен бірлесіп заңнамада бекітілген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын керекті шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Токсеитова Р.Ә.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.КҮРІШБАЕВ. Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2010 жылғы 20 желтоқсандағы №766 бұйрығымен бекiтiлген Жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге керекті технологиялық жабдықтар жиынтығының ең аз тізбесі
п/п Технологиялық құрал-жабдықтардың атауы Саны
1. Сутегi иондарын анықтайтын аспап (иономер, рН-метр) 1
2. Микроскоп биологиялық, микроскопқа арналған жарық құралы 2 кем емес
3. Лабораторялық су моншасы 1
4. Термостат 1
5. Трихинеллоскопияға арналған проекциялық камера немесе трихинеллоскоп (компрессорымен) Етке ветеринариялық- санитарлық сараптама жүргізетін лабораторияларға
6. Кептіріп, залалсыздандырылатын шкаф 1
7. Дистиллятор 1
8. Лабораториялық таразы, (гирмен) 2
9. Термометрлер (етке темір стилетімен) 5 кем емес
10. Радиологиялық өлшем құралдары: (Дозиметрлер, ДРГ-01Т1 немесе ДРГ-06Т, СРП-68-01, СРП-88 немесе Радиометр- спектрометр универсалды РСУ-1 «Сигнал- Гамма» немесе портативті спектрометр «Прогресс-Спектр») 1
11. Тоңазытқыш тұрмыстық 1
12. Бактерицидтық лампа Әр бөлмеге бірден
13. Овоскоп Жұмыртқаға Ветеринариялық- санитарлық сараптама жүргізетін лабораторияларға
14. Гомогенизатор немесе лабораториялық ет тартқыш 1
15. «Лактан» анализаторы Сүтке ветеринариялық- санитарлық сараптама жүргізетін лабораторияларға
16. Сүттің тазалығын тексеретін прибор Сүтке ветеринариялық- санитарлық сараптама жүргізетін лабораторияларға
Ескертпе: Нақты тағам түріне номативтік құжаттың талабына сәйкес басқа да аппараттуралар мен құралдарды қолдануға болады. «Жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге керекті технологиялық жабдықтар жиынтығының ең аз тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы №766 бұйрығына анықтама – негіздеме
р/с Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі Мемлекеттік органның ақпараты
1 Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
2 Нормативтік құқықтық кесімнің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық кесімді қабыл- даудың негіздемесі (органның құзыреті) Осы жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №545 «Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» қаулысымен бекітілген ветеринария саласындағы ветеринариялық қызметті лицензиялауда қойылатын біліктілік талаптардың 2 тармағының 3) тармақшасын орындау мақсатында әзірленді
3 Нормативтік құқықтық кесімді қабылдау қажетті- лігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және кесімнің қабылдану себебі) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 9 қаңтардағы №5 «Өндірістік бөлмелер және технологиялық құрал-жабдықтардың нормативін бекіту туралы» бұйрығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы «Қазақстан Республикасында ветеринариялық қызметті лицензиялаудың Ережесін бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында дайындалған, қаулының күші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №545 қауылысының 2 тамағының 1) тармақшасына сәйкес күшін жойған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заңының 27 бабының 1-1 тармағына сәйкес осы бұйрықтың күші жойылуы керек.
4 Бұрын қабылданған норма- тивтік құқықтық кесімдер және олардың өзгер- тілгені немесе нормативтік құқықтық кесімді қабылдауға байланысты күшін жойғаны туралы ұсыныстардың дайындалуы бойынша мәліметтер Жоқ
5 Осы мәселе бойынша бұрын қабылданып, мемлекеттік тіркеуге қоюдан бас тартыл- ған нормативтік құқықтық кесімдер туралы мәліметтер Жоқ
6 Осы нормативтік құқықтық кесім республикалық немесе жергілікті бюджет (респуб- ликалық, жергілікті) шығын- дарының көбеюін немесе кірістің қысқаруын қарас- тырады ма Қарастырмайды
7 Нормативтік құқықтық кесімді мүдделі мемлекеттік органдармен келістіру қажеттілігі Қажеті жоқ
Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу стратегиясы департаментінің директоры    Ә.ЖЕҢІСОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 14 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6731 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20