18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы № 665

486 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2010 жылғы 28 желтоқсан, Астана қаласы «Кассалық операциялар жүргiзу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн анықтау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйырамын: 1. «Кассалық операциялар жүргізу, мем­ле­кеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекiту туралы» Қа­зақстан Республикасының Қаржы министрiнiң м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құ­қықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2009 жылғы 11 қыркүйектегі, № 138 (1735); «Заң газетiнде» 2009 жылғы 11 қыр­қүйектегі № 138 (1561), Қазақстан Респуб­ли­касының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жи­нағы, № 10, 2009 жылы жарияланған)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бұйрықтың атауында «карт-шоттарындағы» деген сөз «ағымдағы шотындағы» деген сөз­дермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы қол­ма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесiнде: атауында және барлық мәтіні бойынша «карт-шоттарындағы», «карт-шот» деген сөздер «ағым­дағы шотындағы» «ағымдағы шот» деген сөздер­мен ауыстырылсын; жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 1 - қосымшасында: атауындағы «лимитінің» деген сөз «шығын­дарын» деген сөзбен ауыстырылсын; 6-бағандағы «Шектеулер қою» деген сөздер «Шығындар тізбесі» деген сөздермен ауыс­ты­рылсын; 7-баған алынып тасталсын: 111 «Еңбекақы» ерекшелігі бойынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Әскери қызметшілердің лауазымдық еңбек­ақысы»; 113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі бо­йынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Шұғыл қызметтегі әскери қызметшілерге әскери қызметтен босатылған кезде төленетін бір жолғы жәрдемақы»; 131 «Тамақ өнімдерін сатып алу» ерекшелігі бойынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «– спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының каникул және олар­дың оқу-жаттығу жиындарында болуы ке­зеңінде тамақтануымен; – «донорларға ақысыз негізде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшін энергетикалық шығындарын толтыруға арналған тегін тамақ орнына ақшалай өтемақы төлеумен байланысты шығындар бойынша»; 132 «Дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өзге де құралдар сатып алу» ерекшелігі бойынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Қанды сатып алу»; 139 «Өзге де тауарлар сатып алу» ерекшелігі бойынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: « мемлекеттік мекемелердің: – мемлекеттік саясатты және тауарлар үлгілерінің сатылу саласындағы сапасы мен қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалауды іске асы­ру үшін оларды сатып алумен байланысты техникалық реттеу және метрология сала­сын­дағы бақылау-қадағалау өкілеттіктерін іске асы­ратын; – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының құ­қық қорғау органдарының әуе кемелеріне алыс және жақын шет елдерінде қызметтік іссапарларда болу кезінде жанар-жағар май (бұдан әрі-ЖЖМ) құю үшін материалдар құнын төлеумен байланысты; – «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 Қаулысымен бекітілген тізбеге енгізілген ерекше қауіпті мал ауруларының ошақ­тарын жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көліктеріне жанармай құюға арналған ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде ветери­нарлық бақылау посттарында көлік құралдарын дезинфекциялау, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды алып қою және жою, сондай-ақ малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақса­тын­дағы шығыстары бойынша; Мемлекеттік мекемелердің қондырғылар, көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алумен байланысты шығыстары бойынша бірақ та айына 20 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес»; 149 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелігі бойынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы күштерінің әскери-көлік авиациясының, құқық қорғау органдарының әуе кемелеріне алыс және жақын шет елдерде іссапарларда болғанда қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтерін төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығындары бойынша»; 151 «Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелігі бойынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Орталық және жергілікті мемлекеттiк органдарға және жедел-іздестіру қызметін жүзе­ге асырушы органдар үшін заңнамамен белгіленген іссапарда болған уақыт үшін тәуліктік, бара­тын жерге және кері қайту жол жүру үшін шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыс­тары және заңнамада белгіленген басқа да шы­ғыстар»; 152 «Елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелігі бойынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Орталық және жергілікті мемлекеттiк орган­дарға және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар үшін заңнамамен белгіленген іссапарда болған уақыт үшін тәуліктік, баратын жерге және кері қайту жол жүру үшін шығыс­тары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары және заңнамада белгіленген басқа да шығыстар»; 153 «Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары» ерекшелігі бойынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектеп­тердiң аз қамтылған отбасынан шыққан аса мұқтаж оқушыларына ақшалай көмек көрсету»; 157 «Ерекше шығындар» ерекшелігі бо­йынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттiк құпиялар, жедел-iздестiру қыз­метiн жүзеге асыру, елдiң қорғаныс қабiлетi мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселе­лерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңна­малық актiлерiнде көзделген мiндеттер мен өкi­леттiктерге сәйкес мемлекеттiк органдар iске асыратын iс-шараларға арналған шығындар»; 159 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «– мәдени, спорттық және басқа да iс шара­лардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына әр түрлi сыйақылар, жүлделер, естелiк сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, жеке тұлғаларға басқа да ақшалай төлемдер төлеуге; – бостандығын шектеу, қамау немесе бос­тандығынан айыру түрiнде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшiн тұратын жерiне де­йiн жол жүру билеттерiн сатып алуға; – мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң iссапар шығыстарынан басқа, сапарға шығу арқылы iс-шаралар (жол жүру, тұру, тамақтану) өткiзуге; – бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлiктерiнiң өткiзетiн iс-шараларына қатысушылардың (рес­пуб­ликаның түрлi аймақтары, жақын, алыс шет ел өкiлдерiнiң) жол жүру шығындарын өтеу бөлігіндегі өкілдік шығыстармен; – нотариалдық қызметтерге ақы төлеуге; – қызметтiк автокөлiкке техникалық тексеру жүргiзуге және қызметтiк автокөлiкке мем­лекеттiк нөмiрлер сатып алуға байланысты шы­ғындар бойынша»; 332 «Жеке тұлғаларға берiлетiн трансферттер» ерекшелігі бойынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлеріне, әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына почта аударымдары үшiн ақшалай өтемақы төлеуге байланысты шығындар, мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлеріне, әскери (арнаулы) оқу орын­дары­ның курсанттарына демалысқа кетуi кезiнде азық-түлiк үлесiнiң орнына төленетiн ақшалай өтемақы бойынша»; 334 «Стипендиялар» ерекшелігі бойынша: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушы­ла­рына стипендиялар және құқық қорғау орган­дары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Қорға­ныс және Төтенше жағдайлар минис­тр­лiктерi тыңдау­шыларының ақшалай ырыздық ақы­сын төлеуге байланысты шығындар бойынша». 2. Қазақстан Республикасы Қаржы минис­трлігінің Қазынашылық комитеті (Қ.­М.Дос­мұ­қаметов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейін­нен ресми бұқаралық ақпарат құрал­дарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қаржы министрі Б. ЖӘМІШЕВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 18 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6739 болып енгізілді.