Қаржы • 24 Қаңтар, 2017

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір айлық минимумға түсті

3741 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE қор биржасының таңғы саудасының қорытындысында ұлттық валюта долларына 328,47 теңгеге тең болды.

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір айлық минимумға түсті

Ал кеше, 23 қаңтардағы сессияда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 330,96 теңгеге тең еді.

24 қаңтардағы таңғы сауданың бірінші келісімінің минималдық құны 327,95 теңге болды. Ал максималдық құны  330,70 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 86,75 миллион долларға жетті.

Астана уақыты бойынша сағат 10.56-да Лондон ICE биржасының мәліметінше, наурыздағы фьючерстердің Brent мұнайының құны барреліне 55,49 доллар болды.

Айта кетейік, ең соңғы рет теңгенің бағамы бұл деңгейге 2016 жылдың 23 желтоқсанында түскен еді. Ол кезде бір АҚШ доллары 328,91 теңгені құраған.