18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы № 557

487 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
2010 жылғы 1 қыркүйек, Астана қаласы Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумақтарындағы реттелмелі туризм мен рекреацияның ережесін бекіту туралы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумақтарындағы реттелмелі туризм мен рекреацияның ережесі бекітілсін. 2. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумақтарындағы реттелмелі туризм мен рекреацияның ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасының 2007 жылғы 9 ақпандағы № 56 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4564 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 11 тамызда № 119 (1322) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж. Ы. Омаров) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің м. а. Е.АМАН. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 557 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы реттелмелі туризм мен рекреация ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы реттелмелі туризм мен рекреация ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ұлттық табиғи парктер (бұдан әрі – ұлттық парк) аумағында реттелмелі туризм мен рекреацияны өткізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) туристік соқпақ (бұдан әрі – соқпақ) – жаяу немесе атпен (салт атпен) жүруге арналған жердің созылмалы учаскесі; 2) туристік маршрут (бұдан әрі – маршрут) туристің (саяхат кезінде) танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге де мақсаттармен өту, қарау үшін белгіленген барлық географиялық мекен­дердің, болу объектілерінің тізбесін көрсететін жүру жолы; 3) рекреация – дем алудың барлық түрін қамтитын ұғым. Тұрғын үйден тыс жерде, әуес­қойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды қоса алғанда, табиғат аясында дем алу арқылы денсаулық пен еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру. 3. Ұлттық парктердің аумағында туропера­торлық лицензиясы бар болса реттелмелі туризм мен рекреация: 1) тікелей ұлттық паркпен; 2) реттелмелі туризм мен рекреацияны қам­тамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыруға табиғат қорғау мекемесі беретін рұқсат­та­малардың және ұлттық парктермен бекітілетін шарттардың негізінде заңды тұлғалармен жүзеге асырылады. Осы рұқсаттамалар және (немесе) шарт­тар қарамағында ұлттық парктер бар мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс. 4. Реттелмелі туризм мен рекреация, оның ішінде реакреациялық орталықтарды, қонақ­үйлер, кемпингтер, мұражайлар және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн орна­ластыруға және оларды пайдалануға, әуесқой­лық (спорттық) балық аулауға, туристiк маршруттар, соқпақтар ұйымдастыруға, дем алу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын құруға рекреациялық жүктемелер нормаларын ескере отырып, туристiк және рекреациялық қызмет, шектеулi шаруашылық қызмет аймақтарында рұқсат етіледі. 5. Арнайы бөлінген учаскелерде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға шектеулi шаруашылық қызмет аймағында рұқсат етіледі. 2. Ұлттық парктер аумағындағы реттелмелі туризм мен рекреация 6. Ұлттық парктердің аумағындағы туристік соқпақтар мен маршруттарды ұлттық парктің әкімшілігі, ұлттық парктің әкімшілігімен келісім бойынша туроператорлар мен жобалайды және оларды Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес уәкілетті орган бекітеді. 7. Соқпақтар және маршруттар: қозғалу түрлері бойынша жаяу жүріс, велосипедпен, автомобильмен, мотоциклмен, желкенді қайықпен, салт атпен жүру, сондай-ақ олардың үйлесім тапқан нұсқасы – аралас соқпақтарға (маршруттар); қозғалыс бағыты бойынша желілік, айналма, радиалды; қолданыс уақыты бойынша жыл бойы, мау­сымдыққа; ұйымдастыру нысаны бойынша топтық және жеке болып жіктестіріледі. 8. Соқпақты (маршрутты) жобалау ол өтетін аумаққа экспедициялық зерттеу жүргізуді көз­дейді. Соқпақты (маршрутты) жобалау мыналарды көздейді: қыстамалардың, дем алу алаңқайларының, көлiкке арналған тұрақтардың, кемпингтердiң, шатырлы лагерьлердiң, тамашалау алаңдарының, суретке түсіру және қоғамдық тамақтандыру орындарының, туристік әбзелдердің, құрал-сай­мандардың және көлік құралдарының қажетті мөлшерінің есеп-қисабы; туризм бойынша нұсқаушылар, басқа да қызмет көрсетушілер жөніндегі қажеттілікті айқындау және оларды даярлауды ұйымдастыру, жорық жолы сипатталған жарнама-ақпараттық материалдар дайындау; рекреациялық жүктеменің есебі. Зерттеу экологиялық және санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сай келетін, сондай-ақ туризмнің нақты түрін дамытудың шынайы мүмкіндіктерін ескере отырып, табиғи жағдайлары қолайлы аумақтар бойынша жүзеге асырылады. Соқпақты (маршрутты) жобалау кезінде оны қауіпсіз жүріп-өту үшін қажет нұсқаушылардың біліктілігі, оның ұзақтығы, ауданның климаттық, географиялық көрсеткіштері, таудың еңістігі, өзендер ағысының жылдамдығы және басқа да көрсеткіштер ескеріледі. 9. Жергілікті кедергілер (асулар, шыңдар және басқалар) және туризмнің жекелеген түр­леріне тән өзге де факторлар (ауданы, биік жер­лердің жалпы құбылуы, дербестігі) жобалау кезінде соқпақтың (маршруттың) күрделілігін ай­қындайтын негізгі көрсеткіштер болып табы­лады. Аралас соқпақтың (маршруттың) күр­делілігі кедергілердің мөлшеріне және маршрут­қа енгізілген туризмнің әр түрлерінің элементтеріне байланысты анықталады. 10. Соқпақтар (маршруттар) жалғаса беретін күйінде жоспарланады. Соқпақ (маршрут) (өзен­дер, тау алқаптары) учаскелерін немесе жергілікті кедергілерді байланыстырған жағдайда, егер бұл оның тұтастығын бұзбаса, осы туристік аудан шегінде көлік пайдалануға рұқсат етіледі. 11. Соқпақтар (маршруттар) құру кемпинг­тердi, мотельдердi, дем алу алаңқайларын, тамашалау алаңдарын, шатырлы лагерьлердi, авто­көлік тұрақтарын, суретке түсіру және қоғамдық тамақтандыру орындарын орналастыру рекре­а­ция­лық жүктеме нормаларын ескере отырып, бір мезгілде жүзеге асырылады. 12. Соқпақпен (маршрутпен) дайындалмаған туристер жүріп өткен кезде аялдау орындарын 2-3 километр қашықтықта орналастырылады. Тұрақтар қажетті шағын нысанды құрылыс­тармен (демалу орындары, орындықтар, қоқыс бактары және тағы сол сияқтылар) және бірінші медициналық көмек көрсету құралдарымен қам­тамасыз етіледі. Тұраққа қызметтік құрылыс­тар мен қорық аумағында олар алып отырған учаскелерді пайдаланған жөн. 13. Су бөгеттері мен өтуі қиын учаскелер кешіп өту, төсеме, аспалы және ағаш көпірлермен қамтамасыз етіледі. 14. Бүкіл соқпақтың (маршруттың) өн бо­йында ерекше назар аударуды, жекелеген режим талаптарын сақтауды талап ететін учаскелер шек­теліп, жазу жазылған тақтайшалармен (табличкалармен), көрсеткіштермен және аншлагтармен белгіленеді. 15. Күрделі учаскелерден өту кезінде оларды айналып өтудің сақтық нұсқалары көзделеді. 16. Соқпақ (маршрут) бойынша жүріп өту кезінде қауіпсіздік жөніндегі шараларды айқындау «Туристік қызмет туралы» Қазақстан Республи­касының Заңының 26-бабына сәйкес жүргізіледі. 17. Соқпақ (маршрут) паспортының жобасы осы Ереженің қосымшасына сәйкес паспорт түрінде рәсімделеді. 18. Соқпақ (маршрут) паспортының деректері ұлттық парктің паспортына, сондай-ақ осы объек­тілерді одан әрі пайдалануды жүзеге асы­ра­тын туристік операторлар мен туристік агент­тердің туристік маршруттарының тізіліміне енгізіледі. 19. Жеке тұлғалардың ұлттық парктерде Қа­зақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ақылы негізде дем алу, туристік және рек­реациялық іс-шараларға қатысу, өз мұқтаждығы үшін жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырау­құ­лақтар, жидектер, дәрі-дәрмектік шикізаттар және өзге де орман ресурстарын жинау мақса­тын­да болуға құқығы бар. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ау­ма­ғын­дағы реттелмелі туризм мен рекреация ережесіне қосымша Нысан Туристік соқпақтың (маршруттың) Паспорты 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тың (бұдан әрі – ЕҚТА) атауы ____________________________________________________________ 2. Соқпақтың (маршруттың) ата-уы_______________________________________ 3. Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі: 1) қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу жүріс, су, шаңғы, велосипед, салт атты, автомобиль, мотоцикл, ат-арба, аралас; 2) қолданыс уақыты бойынша: жыл бойы, маусымдық; 3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке; 4. _____________________________________ (негізгі географиялық пункттердің атауы) 5. Қашықтығы ___километр (км), аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы________ сағат. 6. Соқпақтың (маршруттың) жұмыс істеу мерзімі. 7. Топтағы адамдардың ең көп саны; шектеу немен байланысты (тамашалау алаңының үлкен­дігімен, психикалық жайлы шегімен, рекре­ациялық жүктеме нормаларымен). Бір аптаға немесе бір айға (рекреациялық жүктеме) экскур­сиялық топтардың лимиттері. 8. Экскурсия маусымының ішіндегі әртүрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер (егер маусым ішіндегі қандай да бір кезеңде жүктемені төмендету қажет болса, мы­салы, балапандар басу кезінде құстардың мазасын алмау). 9. Соқпақ арқылы экскурсия ұйым­дасты­рушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі. Соқпақ қалай таңбаланған. Өзіңмен бірге киімнен (мысалы, егер соқпақта үңгірде болу жоспарланса, арнайы киім) немесе аяқ киімнен (мысалы, егер аяқты сулап алу, яғни арнайы ағаш төсенішсіз сулап алу қауіпі бар батпақты учаскелер болса, етік) не алу керек. 10. Соқпақта жүріп-тұрудың ерекше ережелері осы ЕҚТА-да жүріп-тұрудың жалпы ережелеріне қосымша, мысалы, соқпақтан шығып кетпеу, тік жардың шетіне бармау, өзге де сақтық шараларын сақтау). 11. Қауіпсіздік шаралары. 12. Соқпақпен (маршрутпен) жүріп өту жоспары:
р/с  № Соқпақ (маршрут)  учаскелері Ұзақтығы,  км Қозғалыс  уақыты Аялдау  уақыты Тамашалау алаңының,  суретке түсіру бекеттерінің №
бастап   дейін
Барлығы:
13. Соқпақ (маршрут) сызбасы (баспахана шығарған карталарды және соқпақ (маршрут) белгіленген масштабы 1:200000 кем болмайтын сызбаларды желімдеп жапсырып қоюға болады). 14. Шартты белгілер: соқпақтар (маршруттар); сақтық нұсқалар; түнеу орындары; паналау орындары; паналайтын орындар; медициналық жәрдем бекеттері; байланыс бекетттері (байланыс түрі көрсетілсін); 15. Соқпақтың (маршруттың) қысқаша сипаттамасы (сипаты). 16. Соқпақ (маршрут) бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы. 17. Соқпақтың (маршруттың) күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы. 18. Ықтимал стихиялық құбылыстар мен олар орын алған кезде топтың іс-қимылы. 19. Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтіні үшін ұсынымдар. Туристік жабдықтарға, киімге, аяқкиімге, жүріс-тұрысқа қатысты ұсынымдар енгізіледі________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ 20. Соқпақты (маршрутты) абаттандыру Таңбалау___________________________ Соқпақтың (маршруттың) аялдау, паналау орындары, оны абаттандыру _______________________________________ 21. Мемлекеттік табиғи қорықтың ғылыми-техникалық кеңесінің шешімі. Соқпақты әзірлеуге және паспортын ре­сімдеу­ге жауапты адам ______________________________________ 22. Паспорт 20____ жылы ________данада жасалды. 23. 20____ жылы ________ ______беттерге өзгерістер енгізілді. 20____ жылы ________ ______беттерге өзгерістер енгізілді. 24. Паспорт даналары жіберілді: _______________________________________ _______________________________________ ______________________________________ «Келісілді»_____________________________ (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы) 20 ____жылғы «____» ___________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 30 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6516 болып енгізілді.