18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы № 558

584 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
2010 жылғы 1 қыркүйек, Астана қаласы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу ережесі бекітілcін. 2. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейтудің табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының 2007 жылғы 15 ақпандағы № 67 (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4583 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, 2007 жылғы 3 тамызда Заң газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров Ж.Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған қүнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министрдің м. а.   Е.АМАН. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіз­деме­лерінің жобаларын әзірлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабына сәйкес республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастыру және олардың әр түрлерінің жұмыс істеуі жөнінде негізделген шешімдер қабылдау мақсатында қабылданды. 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіз­демелерінің жобаларын әзірлеуді ерекше қорға­латын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылатын немесе кеңейтілетін орталық немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқа­рушы органдардың техникалық тапсырма­лары бойынша мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйым­дары екі кезеңмен жүргізеді. 3. Бірінші кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрудың немесе кеңейтудің жаратылыс­тану-ғылыми негіздемесінің жобасы (бұдан әрі – жаратылыстану-ғылыми негіздеменің жобасы) әзірленеді. 4. Екінші кезеңде уәкілетті орган бекіткен немесе онымен келісілген жаратылыстану-ғылыми негіздемеге орай ерекше қорғалатын табиғи ау­мақ­тарды құрудың немесе кеңейтудің техни­калық-экономикалық негіздемесінің жобасы (бұдан әрі – техникалық-экономикалық негіздеме­нің жобасы) әзірленеді. 5. Техника-экономикалық негіздеменің жобасы жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен, облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқару органдарымен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық органдарымен келісіледі. 6. Жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобалары мемлекеттік экологиялық сараптауға жатады және оларды уәкілетті орган немесе уәкілетті органмен келісе отырып, қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылатын немесе кеңейтілетін облыстардың (республикалық маңызы бар қала­ның, астананың) атқарушы органдары 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде бекітеді. 2. Жаратылыстану- ғылыми негіздеменің жобасын әзірлеу 7. Жаратылыстану-ғылыми негіздеменің жобасы: 1) жобалау аумағының табиғи кешендерінің және онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің бірегейлігін, маңыздылығын және танымалдылығын; 2) зерттеліп отырған аумақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жай-күйінің ба­ғалануын; 3) зерттеліп отырған аумақтағы экологиялық жүйелердің және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйін, оларды сақтау жөнін­дегі тәуекелдерді, қатерлерді және оларды қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі шараларды; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың санаты мен түрін; 5) олардың шекарасын, көлемін, сондай-ақ жұмыс істеу аймақтарын, оларды қорғау және пайдалану режимдерін айқындайды. 8. Табиғи ортаны жан-жақты бағалау негізінде жобалау аумағының табиғи кешендерінің және онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің бірегейлігі, маңыздылығы және танымалдылығы айқындалады. 9. Табиғи ортаны зерттеу объектілері: рельеф, топырақ, климат, геология, жердің үстіндегі және астындағы сулар, флора, фауна, аумақта болып жататын физика-геологиялық процестер болып табылады. 10. Рельефті бағалау рельефтің жалпы ерекшеліктерін, оның белгілі бір геоморфологиялық аймаққа жатуын сипаттауды, негізгі орогра­фия­лық ерекшеліктерді (жоғарғы және төменгі учас­келердің бөліну сипаты) сипаттауды көздейді. Та­нымдық және эстетикалық тұрғыдан алғанда мейлінше көрікті және қызықты аумақтар белгіленеді. Жобалау аумағының инженерлік-геологиялық сипаттамасы, теріс физика-геологиялық процестерге талдауы беріледі, бірегей геологиялық объектілерді сақтап қалу мүмкіндігі қаралады. 11. Қоршаған ортаның жайлылық дәрежесін, оны жақсартудың және ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланудың ықтимал жолдарын ай­қындау мақсатында жалпы климаттық жағдайға талдау жасалып, баға беріледі. Ұлттық және ай­мақтық саябақтарды жобалау кезінде дем алудың негізгі түрлері үшін рекреациялық кезеңнің ұзақтығы, жылдың әртүрлі кезеңдерінде ауа райының тұрақтылығы анықталады. 12. Аумақты гидрологиялық бағалау қазіргі су айдындары мен ағын суларға талдау жасауды, олар­дың ұзақтығын, көлемін, режимін, су ай­дындарының жылдамдығын, тереңдігін және енін, ағысын, аумақтың батпақтығын анықтауды көз­дейді. Оларды рекреация және туризм мақ­саттарында пайдалану (суға шомылу, су спортын ұйымдастыру) мүмкіндігі қаралады. Гидроминералдық және басқа да шипалы ресуртарын зерделеу кезінде: кеніштердің құра­мы, орналасқан жері, қорлары, күзету жағдай­лары, оларды пайдаланудың ықтимал бағыты мен көлемі анықталады. 13. Өсімдіктер қабатын зерделеу және талдау кезінде фитоценоздардың негізгі түрлерінің ке­ңістікте таралу заңдылықтары (рельефпен, топы­рақпен, ылғалдану режимімен өзара байланысы, таулардағы белдеулілік), басым және бірегей фи­тоценоздардың өзгеру және сақталу дәрежесі, олардың қалыптасу шарттары анықталады. Шұ­ғыл қорғау іс-шараларын қажет ететін өсім­діктердің немесе фитоценоздардың сирек кездесетін, жойылып бара жатқан, эндемикалық және басқа да құнды түрлері өсіп тұрған жерлерін анық­талады. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің, қауымдастықтардың тізбесі жасалады. 14. Жануарлар дүниесін зерделеу құнды және сирек кездесетін түрлер мекендейтін жерлердің жағдайларын, олардың таралу аймағын, таралым­дарының тұрақтылығын, сан алуан түрлерінің маусымдық мекендерін және қоныс аудару жолда­рын, фаунаның құнды түрлері таралымдарының сақталуына әсер ететін антропогендік фактор­ларды, сондай-ақ, олардың санын бақылаудың немесе басқарудың ықтимал амалдарын егжей-тегжейлі зерттеуді қамтиды. Осының нәтижесінде қорғауды қажет ететін объектілер белгілі болады және қажетті іс-шаралардың тізбесі айқындалады. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің тізбесі жасалады. 15. Зерттеліп отырған аумақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жай-күйін бағалауда: аймақтың қысқаша әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы (экономикалық қызметтің сипат­тамасы, жобалау аумағындағы халықтың құрамы, әрбір елді мекен тұрғындарының саны, ерекше қорғалатын табиғи аумақ ұйымдастыру жоспар­ла­нып отырған аумақ халқының келешектегі саны); қолда бар өндірістік және тұрғын үй қорының сипаттамасы, оның жай-күйі және пайдаланылуы; аумақтың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйлері мен объектілерінің сипаттамасы; жергілікті халықтың табиғи ресурстар жөнін­дегі қажеттілігі келтіріледі. 16. Зерттеліп отырған аумақтағы экологиялық жүйелердің және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйінде жобалау аумағында немесе оған жақын маңда орналасқан табиғи-қорық қоры объектілерінің және тарих пен мә­дениет ескерткіштерінің сипаттамасы беріледі. Алынған материалдың негізінде тақырыптық карталар: экожүйелер картасы мен ландшафтық карта жасалады. 17. Экожүйелер картасы аэроғарыш түсірі­лімдерінің негізінде қаз-қалпындағы далалық зерттеулердің нәтижелері бойынша жасалады. Ландшафтық картадан өзгешелігі – экожүйелер кар­тасына берілетін баяндауда биологиялық объек­тілердің (өсімдіктердің, жануарлар дүние­сінің негізгі мекен-жайларының) егжей-тегжейлі сипаттамасы беріледі. Экожүйелер картасында бірегей және сирек күзет объектілері бөліп көр­сетіледі, ал баяндауда олар мекендейтін жерлердің экологиялық жағдайлары да сипатталады. 18. Ландшафтық карта, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қоса алғанда, аумақтың ландшафтық әртүрлілігін, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтың инфрақұрылымын ұтымды пайдалану, қорғау және орналастыру іс-шараларын жоспарлау үшін жасалады. Ландшафтық карта арнаулы материалдарды (әр объектінің карталарын) қаз-қалпында зерттеу және өңдеу негізінде жасалады. Ландшафтық картада бірегей және эталондық табиғи кешендер, туризм мен рекреацияны дамы­ту­ға тежеуші немесе шектеуші ықпал ететін қа­уіп­ті процестер мен құбылыстар бөліп көр­сетіледі. Қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсер етудің табиғи жағдайлары мен факторларына талдау жасау нәтижесінде жобалау аумағының ланд­шафтарына кешенді бағалау жүргізіледі. 19. Аумақты кешенді бағалау деп ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алуан түрін ұйымдастыру үшін оның жарамдылығы тұрғы­сынан алғанда табиғи, шаруашылық-эконо­ми­калық және жоспарлау факторларының бүкіл жиынтығын бағалауды түсіну керек. Аумақтың: 1) табиғат қорғау; 2) рекреациялық; 3) пейзаждық-эстетикалық бағалануы жүргізіледі. 20. Аумақтың табиғи қорғалуын бағалауды әзірлеу кезінде табиғи жүйелердің эталондарын, фауна мен флораның генетикалық қорын немесе жансыз табиғат объектілерін сақтауды қорықтар құрудың басты мақсаты ретінде, ал аумақты рекреациялық ұйымдастыру мүмкіндігін – ұлттық және аймақтық саябақтар, табиғи резерваттар құрудың құралы немесе шарты ретінде қарастыру керек. Ландшафтардың, өсімдіктердің, жануарлар дүниесінің, фауна мен флораның жекелеген түр­лерінің сақталған құрылымы бар аумақтар, сондай-ақ табиғи жүйелерді немесе флора мен фаунаның жекелеген түрлерін сақтау үшін ықти­мал аумақтар ретінде қарастырылуы мүмкін шаруа­шылық мақсаттар үшін пайдаланылмайтын немесе онша жарамды емес жерлер өзіндік табиғат қорғауды бағалау объектілері болуға тиіс. Айқындап алуға және бағалауға сондай-ақ мыналар жатады: ландшафтың және флора мен фаунаның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің мекендейтін жерлері, ұя баса­тын, уылдырық шашатын орындар, қоныс ауда­ратын түрлердің маусымдық мекендейтін жерлері, ғылыми қызығушылық туғызатын жанды және жансыз табиғаттың жекелеген объектілері, су қорғау, топырақ қорғау және гигиеналық маңызы бар объектілер. Осының нәтижесінде табиғат қорғауды бағалау қорғау объектілерін, қорғалатын аумақтардың көлемі мен шекарасын белгілейді, табиғи кешендерді немесе олардың жекелеген компоненттерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар айқындалады. 21. Аумақтың рекреациялық бағалануын әзір­леу кезінде табиғи ортаның қасиеттерін, олар­дың демалыстың жекелеген түрлерін ұйым­дастыруға жарамдылығын көрсететін факторлар алынады. Негізгі рекреациялық ресурстарға табиғи немесе мәдени ландшафтарды, этнографиялық және басқа да осындай объектілерді, рекреация үшін ауданның жалпы қолайлылығын сипаттайтын кли­маттық жағдайларды және демалыстың жекелеген түрлерін дамыту мүмкіндігін анықтайтын климат факторларын, өздерінің бальнеологиялық бағасы­мен бірге гидроминералдық ресурстарды (минералды сулар, шипалы балшықтар) жатқызады. Аумақтың рекреациялық бағалануы ресурс­тарды түгендеу және бағалау жөніндегі, сондай-ақ олардың неғұрлым құндыларын таңдап алу жөніндегі дайындамалар жүйесі болып табылады. Осы көрсеткіштердің жиынтығы – ресурстар түрі, көлемі, ұзындығы, маусымның ұзақтығы, ықти­мал мамандануы, рекреациялық жүктеме қаралады. 22. Ландшафтың пейзаждық-эстетикалық қа­сиетін бағалау объектілері мыналар болып та­былады: пейзаждық әртектілік нышандары бойынша (орман, шабындық, дала, шатқал, батпақты, көлді жерлер) немесе олардың аралас кездесуі бойынша (орманды-шабындық, көлді-батпақты, сирек орман) өзгешеленетін ландшафт түрлері; бірегейлігімен немесе жеке ерекшелігімен өзгешеленетін танымдық сипаттағы жекелеген табиғат объектілері (өсімдіктердің экзотикалық нысандары, үңгірлер, құз-шатқалдар, сарқыра­малар, апандар); кең көріністі және сан салалы пейзаждарды (шыңдар, жоталар, рельеф иілісінің шеттері, жекелеген көру нүктелері, асулар, ашық төбешіктер) тамашалауды қамтамасыз етіп, көру кезінде баса назар аударатын көріністер мен доминант рөлін атқаратын ландшафтың жекелеген элементтері. Ландшафтың пейзаждық-эстетикалық құн­дылы­ғының өлшемі оның сыртқы, морфо­ло­гиялық құрылымы туралы ақпараттың жалпы көлемі болып табылады. Құрылым рельефтің, өсімдіктер топтамаларының, су айдынының жағалай сызығының алуан түрлігімен, жер бетінің тастақтығымен айқындалады. Осы қасиеттердің ашылатын кеңістіктің кең көрінісімен және сан салалығымен үйлесім табуы ландшафтың жалпы ақпараттылығын және оның пейзаждық-эсте­тикалық құндылығын ұлғайтады. Мынадай ландшафтар бөліп алынады: бірегей және ғажайып ландшафтар, сондай-ақ тек қана эстетикалық мәні бар және қорғау мен арнайы пайдалану режимін қажет ететін табиғат объектілері; аумақты рекреациялық мақсатта пайдалан­бауға тыйым салу немесе шектеу ұсынылатын бағалы ландшафтар мен табиғат объектілері; соншалық бағалы емес және рекреациялық маңызы жоқ ландшафтар. Ландшафтардың пейзаждық-эстетикалық ба­ға­лануы ландшафтардың пейзаждық-эстетикалық қасиеттерін кеңістік бойынша тепе-тең бөліп, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа келушілер үшін тартымды неғұрлым ықтимал жерлерді анықтап алуға мүмкіндік беретін бағалау карта схемасын жасауды қамтиды. 23. Шаруашылық қызмет және оның зерттеліп отырған аумақтың табиғи кешендеріне әсері, оның ішінде: 1) өнеркәсіптің; 2) ауыл шаруашылығының; 3) орман және аңшылық шаруашылығының; 4) көліктің; 5) туристік қызметтің; 6) елді мекендердің әсері қаралады. 24. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың экологиялық тепе-теңдігінің сақталуына және осы аумақтың тиімді дамуына және жұмыс істеуіне жәрдемдесетін жобалау аумағындағы қоршаған ортаның негізгі компоненттерін қорғау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында ерекше қорғала­тын табиғи аумақтың экологиялық жүйелерін қорғау жөнінде іс-шаралар әзірленеді. 25. Жобалау кезінде экологиялық жүйелерді қорғауға бағытталған іс-шаралардың мынадай екі тобы бөліп алынады: 1) өсімдіктер және жануарлар дүниесінің сирек кездесетін, эндемикалық және Қызыл кітапқа енгізілген түрлерінің, сондай-ақ селекциялық жұ­мыс үшін құнды генетикалық қор болып саналатын түрлердің мекендейтін жерлері болып табылатын аумақтың табиғи учаскелерін қорық режимінде сақтауға бағытталған іс-шаралар; 2) жайлы және табиғаты көркем сауықтыру, танымдық, туристік және спорттық учаскелер ретінде олардың тартымдылық қасиеттерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында қазірдің өзінде қауырт рекреациялық әсер ету орындары болып табылатын аумақтардағы антропогендік әсерді жоюға немесе жұмсартуға бағытталған іс-шаралар. 26. Екінші топ іс-шараларының кешені өз кезегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтың экологиялық жүйелерін аса қауіпті табиғи процестердің (селдер, көшкіндер, қар тасқын­дары) әсерінен қорғауға бағытталған шараларға және антропогендік әсерді жою жөніндегі іс-шараларға бөлінеді. 27. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың табиғат қорғау іс-шараларының тобы: 1) өсімдіктер дүниесін қорғауды; 2) жануарлар дүниесін қорғауды; 3) топырақ қорғауды; 4) ландшафтарды қорғауды; 5) су көздерін қорғауды; 6) әуе бассейнін қорғауды; 7) экологиялық жүйелерді рекреациялық әсер­ден қорғауды; 8) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды; 9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың учаскелерін қауіпті геологиялық процестер мен құбылыстардан инженерлік қорғауды қамтиды. 28. Өсімдіктер дүниесін қорғау жөніндегі іс-шаралар: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақта өзгерген өсімдіктер қабаты бар, сондай-ақ антропогендік факторларға неғұрлым осал және табиғи про­цестердің әсерімен өзгеріске ұшыраған учаскелерді бөліп алуды, оларда келеңсіз зардаптарды жою жөніндегі шараларды жедел қабылдау мақса­тында тұрақты бақылау ұйымдастыруды; 2) өсімдіктердің алуан түрлерін қалпына келтіру және жүктемелерді шектеу жөнінде іс-шаралар әзірлеуді; 3) ормандарды молықтыруды қоса алғанда, ормандарды күзету және қорғау жөніндегі іс-шараларды; орман қорғау іс-шараларын, өртке қарсы іс-шараларды, орман зиянкестерімен және ауру­ларымен күрес жөніндегі іс-шараларды қамтиды. 29. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі іс-шаралар: 1) жануарлардың табиғи мекендеуінің жайлы жағдайларын бүкіл жыл бойына сақтау мүм­кіндігін ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шекарасын белгілеуді; 2) жануарлардың мекендеу орындарының және осында өсетін өсімдіктердің сақталуына кепілдік беретін аумақтың аймақталуын (қорықтық, қаумалдық, экспозициялық-көрсету учаскелерін бөліп алу), ал экспозициялық-көрсету учаскелерінде – туристер үшін барынша көрнекілікті жүзеге асыруды; 3) аңдар мен құстар үшін «шағын қорықтар» мен тынығу аймақтарын ұйымдастыруды; 4) құстар ұя басатын кезеңде ағаш кесудің барлық түрін жүргізуге, мал жаюға және шөп шабуға тыйым салуды; 5) қуысы бар ағаштарды сақтау, құмырсқа илеулерін қоныстандыру; 6) аңдар мен құстар үшін қорғаныштық және азықтық маңызы бар ағаш және бұта тұқым­дарының барлық екпелеріне ғылыми негізделген кіріспені; 7) қозғалысы қауырт жолдарға жануарлардың шығып кетуіне тосқауыл болатын шарбақтар, тиісті жол белгілерін орнатуды; 8) жабайы жануарларды есепке алуды ұйымдастыруды қоса алғанда, биотехникалық іс-шаралар кешенін жобалауды қамтиды. 30. Топырақты қорғау жөніндегі іс-шаралар: 1) пайдалану режимі шектеулі учаскелерді жайылымдар ретінде пайдануға тыйым салу енгізуді; 2) оңтайлы жол-соқпақ желісін қалып­тастыруды; 3) топырақ бетіндегі өсімдіктер қабаты бүлінген немесе осындай қабаты жоқ учаскелерді шөп тұқымын себу жолымен көгалдандыруды; 4) топырақ қабатын ластайтын тұрақты және жылжымалы көздерден зиянды заттардың тас­тандыларын азайту жөнінде шараларды әзірлеуді және іске асыруды; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақта және күзет аймағында пестицидтер мен улы химикаттар пайдалануға тыйым салуды енгізуді қамтиды. 31. Ландшафтарды қорғау жөніндегі іс-шаралар: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың рек­реациялық кешендері мен рекреациялық қызмет көрсету орталықтарын неғұрлым құнды табиғи ландшафтар оқшауланатындай немесе жеңіл рек­реациялық жүктемелер аймағында болатындай етіп орналастыруды; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жұмыс істеуі үшін қажет рекреациялық құрылысты, жолдар тартуды, коммуникацияларды негізінен ор­ман­сыз, эстетикалық тұрғыдан алғанда құн­дылығы шамалы учаскелерде орналастыруды; 3) жолдармен және соқпақтармен тиісінше жүріп өту арқылы қозғалу кезінде жергілікті жер панорамасының көрінуіне жағдайдар жасауды қамтиды. 32. Су көздерін қорғау жөніндегі іс-шаралар: 1) су арналары туристік соқпақтармен және маршруттармен қиылысатын тұстарда су жағалауын бекіту шараларын, су арналарының жағалауларында – туристік топтардың аялдауы үшін арнайы жабдықталған демалыс орындарын жасауды; 2) минералдық су көздері шығатын аумақта шипалы ресурстарды қорғауғамен және пайдаланумен байланысты емес жер қазу және құрылыс жұмыстарына тыйым салуды қамтиды. 33. Әуе бассейнін қорғау жөніндегі іс-шаралар: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың қажеттілігі үшін негізінен электр қуатын пай­далануды, сондай-ақ балама энергия көздерін жобалауды; 2) жылжымалы ластау көздеріне бақылау ұйымдастыруды; 3) шектеу белгілері және шлагбаумдар орнату арқылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтың неғұрлым осал учаскелерімен демалушылардың моторлы көлікпен жүріп-тұруына тыйым салуды қамтиды. Автомобиль қозғалысының соңғы нүктесі болып табылатын аумақта автокөлік үшін тұрақтар болуы тиіс. Біршама қашық таныстыру маршруттары ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тың арнайы көлігінің (шағын автобустар, салт атпен серуендеу) көмегімен жүзеге асырылады; 4) демалушылардың моторлы көлікпен келіп жету орындарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шетінде немесе одан тыс жерлерде шоғырландыруды қамтиды. 34. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың экологиялық жүйелерін рекреациялық әсерден қорғау жөніндегі іс-шаралар: 1) табиғи ресурстарды рекреациялық мақсатта пайдалануды белгіленген рекреациялық жүк­темелерге сәйкес ұйымдастыруды қамтиды. Әрбір қорғалатын аумақ үшін негізгі ереже оның ау­мағын аймақтау жөнінде, демалыс сипаты жө­нінде жоспарлау шешімдерін әзірлеу және белгілі бір рекреациялық учаскелерде болудың арнайы режимдерін енгізу болып табылады; 2) рекреациялық аймақтарда демалушылар көп жиналатын орындарда қызықты, жарқын және тартымды демалыс және көңіл көтеру объектілерін жобалауды; 3) жазғы маусымда саны ерекше қорғалатын табиғи аумақтың рекреациялық сыйым­ды­лы­ғынан әлдеқайда асып түсуі мүмкін жексенбі күнгі демалушылар лектерін реттеп отыру жө­ніндегі ұсыныстарды; 4) рекреациялық аумақтарды көркейтуді, оның ішінде қысқа мерзімді демалыс орындарында (өзендерге жақын маңдар, алаңқайлар, төңіректі шолып қарау нүктелері) көркейтуді қамтиды. 35. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі іс-шаралар: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың мақ­саттары мен міндеттерінің жалпы кешенінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің атқаратын функционалдық рөлін айқындауды; 2) ескерткіштерді қорғау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді қамтиды. Бұл жұмыс мәдени-тарихи мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік орган­дардың өкілдерімен бірлесе отырып орындалады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы ескерт­кіш­тердің орналасуының карта-сызбасы жасалады; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақта мәдени-тарихи мұраның әртүрлі нысандары болған жағ­дайда аумақ ішінде әртүрлі мамандану аймақ­тарын: тарихи-сәулет, археологиялық, этногра­фиялық аймақтарды бөліп алуға болады; 4) ашық аспан астындағы мұражайлар құру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді қамтиды. 36. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың учаскелерін қауіпті геологиялық процестер мен құбы­лыс­тардан инженерлік қорғау жөніндегі іс-шара­лар: аса қауіпті табиғи процестерден – селдерден, қар көшкіндерінен және тау беткейлеріндегі жойқын процестерден – тасқындар мен жердің опырылып құлауынан алдын алу шараларын әзірлеуді қамтиды; аумақты сел процестерінен қорғау жөніндегі іс-шаралар ұйымдық-шаруашылық (белсенді) және гидротехникалық (бәсең) іс-шаралар болып бөлінеді. Жердің опырылып түсуіне қарсы және көшкінге қарсы іс-шаралар: қауіпті алқаптардың жағдайын анықтауды; тіреуіш қабырғалар, контрфорстар, пломбалар, белдеулер, анкерлік бекіткіштер, қадалар қою, жарықшақтарды бітеу арқылы нығайтуды, аралас тәсілдерді; тау жыныстарын тіреуіш қондырғыларымен бекітуді; фитоорман мелиоративтік жұмыстарды көздейді. 37. Зерттеліп отырған аумақтағы табиғи кешендерді және табиғи-қорық қорының объек­тілерін сақтау, қалпына келтіру және ұтымды пайдалану мақсатында ғылыми-зерттеу, экологиялық-ағарту және рекреациялық қызмет жүргізіледі. 38. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ғылыми-зерттеу жұмыстары мазмұнының негізі мынадай екі бағыт болып табылады: табиғи кешендерді зерттеу жөнінде жүйелі байқаулар ұйымдастыру, табиғи процестердің мониторингі, сондай-ақ биологиялық сан алуандық­ты сақтаудың, мемлекеттік табиғи-қорық қоры­ның экологиялық жүйелері мен объектілерін қал­пына келтірудің ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеу; табиғи кешендердің экологиялық-танымдық және рекреациялық құндылықтарын зерделеу, аумақты теңдестірілген, реттелмелі рекреациялық мақсатта пайдалану жөнінде шаралар әзірлеу. 39. Экологиялық-ағарту қызметін жоспарлау кезінде туристер мен демалушылардың негізгі тобын ерекше қорғалатын табиғи аумақтың қатаң түрде белгіленген орындары мен объектілеріне тартуға бағытталған шаралар әзірлеу қажет. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың экологиялық-ағарту қызметі екі функцияны – тікелей ағарту, адамға экологиялық тәрбие беру функциясын және аса құнды және қатаң қорғауды қажет ететін учаскелерден рекреациялық лектер­дің назарын басқа жаққа аударту, олардың осында келуін кідірту функциясын орындайды. 40. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ақпараты мен насихатының негізгі құралы мына баспа басылымдары болып табылады: кітаптар, кітапшалар, проспектілер, анықтамалықтар, карталар, жолкөрсеткіштер, парақшалар, жарна­малық-баспа қызметі және интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру. Бұқаралық ақпарат құрал­дарымен жұмыс жүргізу үлкен рөл атқарады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың табиғи ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін насихат­таудың басқа бір нысаны ақпараттық стенділер мен аншлагтар болып табылады. 41. Туристік маршруттар мен соқпақтарды таңбалауға да насихаттық, түсіндіру және ақпараттық сипат беру керек. Жол-соқпақ желісінде, қажет болған жерлерде маршруттар көрсет­кіштерін орнату көзделеді, олардың тақырыбы, қашықтығы, демалыс орындарының атаулары, осы учаскенің схемалық жоспары көзделеді. 42. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың санаты мен түрін таңдау кезінде: 1) табиғи эталондар, бірегей және көне түрлер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, эколо­гиялық ағарту және білім беру нысаны ретінде ерекше экологиялық және ғылыми құндылығы бар аумақтың табиғи кешендерінің сақталуы дәрежесі; 2) аралас аумақтарда жүзеге асырылатын шаруашылық қызметке жол бермейтін немесе елеулі түрде әлсірететін аумақтың оқшаулануы; 3) ландшафтардың бірегейлігі мен көркемдігі және олардың жоғары пейзаждық және эсте­тикалық ерекшеліктері; 4) табиғи ландшафтар мен экологиялық жүйе­лердің сақталуының айтарлықтай жоғары деңгейі; 5) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объек­тілерінің өлшемдеріне сәйкес келетін табиғи кешен­дердің, жанды және жансыз табиғат объек­тілерінің болуы; 6) танымдық және тәрбиелік маңызы бар объектілердің болуы, рекреация мен туризмнің әртүрлі нысандарын ұйымдастыруға аумақтың жарамдылығы; 7) рекреациялық ресустарды пайдалануға мүмкіндік беретін көлік байланыстарының болуы ескеріледі. 43. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ шекарасын белгілеу кезінде мыналар ескеріледі: 1) өздерін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрамына қосу талаптарына жауап беретін табиғи кешендердің табиғи шептері; 2) жобалық аумақта орналасқан әртүрлі кәсіп­орындарды сыртқа шығару және қайта маман­дандыру қажеттілігі мәселелері. 44. Қорықтардың, ұлттық және аймақтық саябақтардың, табиғи резерваттар мен табиғат ескерткіштерінің шекарасын белгілеу кезінде мынадай шектеулер ескеріледі: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі аумағында өндірістік кәсіпорындар, әуежайлар, шахталар, пайдалы қазбалар өндіру жөніндегі карьерлер, сондай-ақ пайдалануға ықтимал жарам­ды пайдалы қазбалар кеніштері орналас­тырыл­мауға тиіс; ландшафтардың қазіргі жай-күйі, аумақтарды пайдалану сипаты бойынша ерекше қорғанатын табиғи аушақтарды пайдалану мақсаттарына сай келмейтін аумақтар есепке алынбайды. Бұл ретте: қалыптасқан антропогендік ландшафтардың өзге­ру дәрежесі мен келбеті, табиғат пайда­лану­дың ерекшеліктері және оларға ілеспе табиғи процестер, оның ішінде шаруашылық қызметтен туын­даған ластану мен жайсыз зардаптар ескеріледі. 45. Қорықтар, табиғи саябақтар, табиғи резерваттар шекаралары бойына күзет аймағын орналастыру көзделеді. Сыртқы шекарасы меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекара­лары немесе табиғи географиялық шептер бойынша белгіленетін күзет аймағының ені екі шақырымнан кем болмауы тиіс. Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне және Заңға сәйкес облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) атқарушы органдары шешім шығару үшін күзет аймағының аумағында күзет режимі мен табиғат пайдалану тәртібі айқындалады. 46. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ шека­расын белгілеу кезінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жалпы көлемі, оның шекарасы ұсыны­лады, күзет объектілері айқындалады, бүлінген та­биғи кешендерді қалпына келтіру, күзет режимі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функцио­нал­дық аймақтау жөніндегі іс-шаралар белгіленеді. 3. Техникалық-экономикалық негіздеменің жобасын әзірлеу 47. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе кеңейтудің техникалық-экономикалық негіз­демесінің жобасы мына бөлімдерді орын­дауды қамтиды: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шекарасы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына алынатын (сатып алынатын) меншік иелері мен жер пайдаланушылар жер учас­келерінің координаты, санаты және көлемі, алып қойылмай ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тардың құрамына енгізілетін меншік иелері мен жер пайдаланушылар жер учаскелерінің санат­тары мен көлемдері, сондай-ақ күзет аймағының шекарасы мен көлемі сипатталған ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерлерін бөлудің жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі – жерлер бөлу жобасы); 2) меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін сатып алуға және (немесе) оларды алып қою жөніндегі залалдарды өтеуге, күзет аймағында шаруашылық қызметті шектеуге байланысты, сондай-ақ жерлерді алып қоймай ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жағдайларындағы шығындар; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың инфрақұрылымын құруға және осы аумақты күтіп ұстауға, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауға жұмсалатын шығындар; 4) рекреациялық жүктемелер нормаларын айқындап алып, аумақты функционалдық аймақ­тауды, белгіленген функционалдық аймақтар шегінде табиғи кешендерді реттелмелі туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қыз­мет мақсаттарында пайдалану шарттары; 5) экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасы және оның инфрақұрылымы (ин­фра­құрылымды дамытудың бас жоспарын): туристік соқпақтарды, тамашалау алаңдарын, дем алу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, кемпингтерді, шатырлы лагерьлерді, қонақүйлерді, мотельдер, туристік базаларды, қоғамдақ тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсат­тағы объектілерді, құбырларды, электр және бай­ла­ныс желілерін, жолдарды орналастыру орындары. 48. Жер бөлудің жерге орналастыру жо­басында картографиялық материалдың негізінде әкімшілік облыстар мен аудандар шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақ шекарасының сипат­тамасы, географиялық координаттар беріледі, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспли­кациясы келтіріледі. Алынбай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгізілетін меншік иелері мен жер пайдалану­шылардың жер учаскелерінің көлемі көрсетіледі. 49. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер бөлу жобасы уәкілетті органмен келісуге және облыстық (рес­публикалық маңызы бар қала, астана) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органымен бекітуге жіберіледі. 50. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер бөлу жобасы уәкілетті органның аумақтық органымен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық органдармен келісіледі және облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органымен бекітіледі. 51. Техникалық-экономикалық негіздемеде мен­шік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қою (сатып алу) жағдайындағы шығындардың болжамды сомалары, күзет аймақ­тарында шаруашылық қызметті шектеуге байла­нысты шығындарды өтеу үшін қажет, сондай-ақ жерлерді алып қоймай ерекше қорғалатын табиғи аймақтар құру жағдайларындағы шығындардың сомалары келтіріледі. 52. Техникалық-экономикалық негіздемеде ерекше қорғалатын табиғи аумақтың инфра­құрылымы объектілерінің құрылысына (қайта жаңартуға), материалдық-техникалық жарақтан­дыруға жұмсалатын шығындардың болжамды сомалары келтіріледі. 53. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты міндетті табиғат қорғау мақсаттарымен үйлестіре отырып, оны рекреациялық пайдаланудың, аумақ­тың ландшафтық ерекшеліктерінің сипаты бо­йынша оның жоспарланатын ішкі шаруашылық құрылымы айқындалады. 54. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар айналмаларға (инспекторлық учаскелерге) бөлі­ніп, олар техникалық учаскелерге біріктіріледі. бір инспекторға шаққандағы бір айналманың нормативтік көлемі «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына сәйкес айқындалады. 55. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты жобалау кезінде орталық усадьбаның орнын таңдауға және кордондардың орналасуына ерекше назар аударылады. 56. Кордондар күзет қызметінің инспек­торлары барлық айналмаларды біркелкі күзетуді қамтамасыз етіп, барлық негізгі жолдар мен қатынас бағыттарын бақылай алатындай етіп жобаланады. Мемлекеттік табиғи қорықтарда кордондарды күзет аймағында аумақтың периметрі бойынша орналастыру көзделеді. 57. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару құрылымы табиғат қорғау ұйымының мақсаттарымен және міндеттерімен, табиғи ерек­ше­ліктерінің сипатымен, аумақтың игерілу дәрежесімен, рекреациялық объектілердің болуы­мен, тұрақты және уақытша тұратын тұрғындар санымен, табиғи кешендерде болып жататын процестерге бақылау жасау қажеттігімен ай­қындалады. 58. Табиғат қорғау және ғылыми мемкемелер болып табылатын мемлекеттік табиғи қорықты, мемлекеттік ұлттық және өңірлік табиғи сая­бақтарды, мемлекеттік табиғи резерватты бас­қарудың үлгілік құрылымы әкімшілік-басқару аппаратын, табиғи кешендерді қорғау бөлімін, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімін, эколо­гиялық ағарту және туризм бөлімін, қаржы және ұйымдық жұмыс бөлімін, шаруашылық бөлімін қамтиды. Жоспарланып отырған ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де басқару құрылымы да ұсынылуы мүмкін. 59. Табиғат қорғау мекемелері күзет қызме­тінің штат саны аумақтың көлеміне, бөлінген техникалық учаскелер мен айналмалардың са­нына байланысты. 60. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің экономикалық тетігі құрылыс, табиғи кешендерді ұстау, қорғау және молықтыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға рес­публи­калық және жергілікті бюджеттерден бө­лінетін қаражатты және олардың негізгі қыз­метіне жат­пайтын тауарлар (жұмыстар, қыз­меттер) өткі­зу есебінен жиналған қаражатты жұмсауды қамтиды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты жобалау кезінде қаржыландыру көздері айқындалады, олардың қатарында: бюджеттік қаражат; табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты; гранттар, ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тарды дамыту қорларының қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайы­рым­дылық қаражаты болады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шы­ғындары мына мақсаттарға: 1) күрделі құрылысқа, күрделі жөндеуге және инфрақұрылым объектілерін қайта жаңартуға; 2) табиғи кешендер мен объектілерді сақтауға және қалпына келтіруге; 3) экологиялық тәртіп бұзушылық зардап­тарын жоюға; 4) ақпараттық қызмет көрсетуге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың табиғи және мәдени құндылықтарын насихаттауға; 5) аумақты көркейтуге