18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №902

547 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
2010 жылғы 19 қараша, Астана қаласы «Зираттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, 145-бабының 1), 3), 28) тармақшаларына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Зираттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы К.С. Оспановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр     С. ҚАЙЫРБЕКОВА Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 қараша № 902 бұйрығымен бекітілген «Зираттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі 1. Жалпы ережелер 1. «Зираттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) зираттарды орналастыруға, мәйіттерді жерлеуге және қайта жерлеуді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) зират – мәйіттерді жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ; 2) зираттық кезең – мәйіттерді минералдау процесі жүретін уақыт; 3) мәйіттің сүйегі – мәйіттің шірімеген қалдығы; 4) жерлеу (жерлеу рәсімі) – қайтыс болған адамның тілегіне, діни нанымына, санитария­лық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де ережелер мен нормаларға қайшы келмейтін әдет-ғұрыпқа және салт-дәстүрге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (мәйіт қалдықтарын) жерге (зиратқа, сағанаға) көму немесе сүйегі (күлі) бар урнаны зиратқа, сағанаға жерлеу арқылы отқа жағу (кремация) бойынша әдет-ғұрып әрекеті; 5) жерлеу бюросы, жерлеу рәсімін жүргізуге қызмет көрсететін бюро-дүкені – қайғылы салт-дәстүрлерді жүргізуге қызмет көрсететін және соған арналған тауарларды сататын объект. 2. Зират салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға және пайдалануға енгізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 3. Зират салуға жер учаскесін таңдау кезінде мынадай факторлар ескеріледі: 1) қала құрылысының мақсаты және аумақ­тың жер бедерін аймақтау; 2) геологиялық, гидрогеологиялық, гидрогео­хи­миялық және географиялық топырақ деректері; 3) топырақтың және құмтопырақтың өзді­гінен тазару мүмкіндігі; 4) эрозиондық әлеуеті және ластанудың көшуі; 5) көлік қолжетімдігі; 6) жер учаскесінің бұрын пайдаланылуы; 7) жер учаскесіндегі радиацияның деңгейі; 8) жұмыс істеп тұрған объектілерден сани­тариялық ажырауды ұйымдастыру мүмкіндігі. 4. Зиратқа бөлінетін учаскеде: 1) елді мекенге, ашық су қоймаларына, сондай-ақ шаруашылық-ауыз су және тұрмыстық мақсат үшін халық пайдаланатын жер суы көздеріне қарама қарсы жаққа еңісі болуы; 2) тасқын суы кезінде су баспауы; 3) жер суы жағдайының деңгейі жер суының барынша үлкен жағдайы кезінде жер бетінен кемінде 2,5 метр (бұдан әрі – м) болуы тиіс. Жер бетінен 2,5 метр жоғары деңгей кезінде зиратты орналастыру үшін учаске кремациядан кейін көму үшін ғана пайдаланылуы мүмкін; 4) 1,5 метр және одан төмен тереңдікте құрғақ, жұмсақ топырақ (құмдақ, құм) және топырақтың ылғалдылығы 6-18 процент (бұдан әрі - %) шегінде болуы; 5) тұрғын аумаққа қатысты жел соғатын жаққа орналасуы тиіс. 5. Зиратты мына: 1) сумен жабдықтау көздерінің және ми­не­ралды көздердің санитариялық қорғаныш ай­мақтарының бірінші және екінші белдіктерінде; 2) курорттардың бірінші санитариялық қор­ғаныш аймағында; 3) үңгірлер мен қатты жарықшақтанған тау жы­ныстарының бетіне шығаруға және жер ас­тынан су шыққан жерлерге; 4) су басатын, шөгу және опырылуға ұшы­райтын, батпақты учаскелерге; 5) шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік, шо­мылу және басқа да мәдени-сауықтыру іс-шаралары үшін халық пайдаланатын І және ІІ са­наттағы су қоймаларының жағалауларында; 6) күйдіргі ауруы бойынша стационарлық қолайсыз пункттерде; 7) ашық жерлердегі дозаның қуатын арттыратын гамма-сәулеленуінің тиімді доза­сы­ның қуаты сағатына 0,2 микроЗиверттен асатын аумақтарда орналастыруға жол берілмейді. 6. Зират зираттың қоршауынан мынадай: 1) бірінші тұрғын үй-қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаториялық-курорттық аймақтарға дейін – кемінде 300 метр; 2) су көзінің санитариялық қорғаныш аймақ­тарының белдіктерін есептеу қашықтығының жеткіліктілігін және сүзгілеу уақытын растай отырып, халықты сумен жабдықтаудың орталық­танған көзінің су жинау құрылысына дейін – кемінде 1000 метр қашықтықты есептей отырып, орналастырылады. 7. Жабық зираттардың санитариялық қорға­ныш аймағының мөлшері зираттық кезең өт­кенге дейін қысқармауы тиіс. 8. Жобаланатын және жұмыс істеп тұрған зираттардың санитариялық-қорғаныш аймағы­ның аумағында ғибадат ету және әдет-ғұрып объектілерін қоспағанда тұрғын үй және қоғам­дық ғимараттар салуға жол берілмейді. 9. Санитариялық қорғаныш аймақтарының ау­­мағы абаттанады, көгалданады және ас­фалтталады. 10. Жерлеудің жалпы ауданы зираттың жалпы ауданының 65-70 % есебімен қабылданады. 11. Зиратты орналастыру учаскесі және оның көлемі елді мекеннің жобалау және құрылыс жоспарында зират жабылғаннан кейін оның аумағын саяжай немесе және бақ салуға тікелей пайдалану мүмкіндігі ескеріле отырып көзделеді. 12. Зиратты жобалаған кезде: 1) зиратты аумаққа бөле отырып, жерлеу аймағының жоспарлы шешімі; 2) көлік жолы, жаяу жүргін жолдар; 3) инсоляцияны және жеткілікті желдетуді қамтамасыз етуді ескере отырып, жасыл желектерді орналастыру, сипаты және ауданы; 4) сумен жабдықтаумен, кәріздеумен (зи­раттың аумағында ғибадат ету және әдет-ғұрып объектілерін жобалағанда) қамтамасыз ету көзделеді. 13. Жерлеу бюросы, жерлеу рәсімін жүргізуге қызмет көрсететін бюро-дүкені тұрғын үйлер­ден, қоғамдық ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта бөлек тұрған ғимараттарға орна­ластырылуы тиіс. 14. Зираттың аумағы секторларға бөлінуі, абаттандырылуы, қоршалуы, көлік жолы болуы, функционалдық аймақтары (зираттың периметрі бойынша кіру, салт-жора, әкімшілік-шаруа­шы­лық, жерлеу, жасыл қорғаныш) болуы тиіс. 15. Қалалар және басқа да елді мекендердің халқы шаруашылық-ауыз су мақсатында пай­даланатын орталықтанған шаруашылық-ауыз­сумен жабдықтау жүйелерін, сондай-ақ санита­риялық-қорғаныш аймақтар мен зираттардың аумақтары бойынша орталықтанған кәріздеу жүйелерін жүргізуге жол берілмейді. 16. Зираттың суғару және жинау жұмыстарын жүргізу үшін дербес сумен жабдықтау жүйе­ле­рінің немесе тасымалданатын сумен толты­рыл­ған резевуарлардың суын пайдалану көзделеді. 17. Орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріздеу жүйелері болмаған кезде құю үшін шахталық құдық орнатуға және қазылған типтегі қоғамдық дәретханалар салуға жол беріледі. 18. Зираттың және жерлеу мақсатындағы ғи­мараттардың аумағында автокатафалк, автокөлік тұрағы, қоқыс жинауға арналған урналар, қоқыс­жинағыштарға көлікпен бару жолы бар алаңдар көзделеді. Қоқысжинағыштарға арналған алаңдар қор­шалады және асфальтталған немесе бетондалған жабыны болады. 19. Зираттың аумағы қажеттілігіне байла­нысты жиналуы тиіс. 20. Әрбір қабірде ересек адамдарға, бала­ларға учаске бөлінеді. Қабірдің табанынан жер асты сулары тұрған деңгейге дейін кемінде 0,5 метр болуы тиіс. 21. Қайта жерлеуге қайтыс болған адамда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі ауруы) болмаған жағдайда, жерленген сәтінен бастап бірінші екі апта ішінде кейіннен жерленген сәтінен бастап кемінде үш жылдан соң, құмдауыт жерлерде кемінде бір жылдан соң және осы санитариялық ережеге қосымшаға сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының санитариялық-эпидемиологиялық қоры­тындысы болған кезде жол беріледі. 22. Мәйіттің сүйегі алынған жағдайда қабір дезинфекцияланады және құм себіледі, ал қабірден алынған мәйіттің сүйегі қақпақты жәшіктерде тасымалданады, табыт жәшікке салынады және жаңа орынға тасымалданады. Жерлеу жүргізілген табыт сақталмаған кезде табыттың қалдықтары арнайы бөлінген орындарда өртеледі. 23. Қайта жерлеумен айналысатын адамдар; 1) сіреспеге және күйдіргіге қарсы егілуі; 2) арнайы киіммен және аяқ қиіммен, жеке қорғаныш құралдарымен (резеңке етіктер, резеңке қолғаптар, респиратор немесе ауыз бен мұрынды жабатын дәке таңғыштар, комбинезон) қамтамасыз етілуі тиіс. 24. Арнайы киімді үй жағдайларында жууға және зарарсыздандыруға жол берілмейді, ал жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын құрал-сай­ман зираттан тыс шығарылмауы тиіс. 25. Арнайы киім және арнайы аяқ киім эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін ар­найы бөлінген орындарда тазартылуға және дезинфекциялануға жатады немесе өртеледі. Дәке таңғыштар эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін өртеледі. 26. Эксгумацияланған қалдықтарды тасымал­да­ғаннан кейін көлік дезинфекциялануға жа­тады. 27. Этиологиясы белгісіз инфекциялардан және аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдарды жерлеу мырышталған, герметикалық дәнекерленген табыттарда жүргізіледі. 28. Зиратты көшіру және көму кезінде аумақтарды (учаскелерді) қалпына келтіру жүр­гізілуі тиіс. Тұрғын үй аумағын жоспарлау үшін жерлеудің жойылатын орындарының топырақ­тарын пайдалануға жол берілмейді. 29. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұрынғысы белгісіз жерлеулер анықталған жағ­дайларда мәйіттің сүйектерін қайта көму және аумақты қалпына келтіру жүргізілуі тиіс. 30. Зираттардың аумағын пайдалану оны көшірген сәтінен бастап жиырма жыл өткен соң жол беріледі. Аумақ бұл жағдайларда көк желектерді отырғызуға ғана пайдаланылады. «Зираттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесіне қосымша Нысан Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (мәйiттi қайта көмуге арналған) Санитарно-эпидемиологическое заключение (на перезахоронения трупа) № ________ 2010 жылғы «_____»___________________ _______________________________________ (мәйiттiң қайтыс болған себебi туралы қорытынды берген медициналық ұйымның атауы) _______________________________________ (наименование медицинской организации выдавшей заключение о причине смерти ) _______________________________________ қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (фамилия, имя, отчетсво умершего) _______________________________________ туған жылы, қайтыс болған күнi (год рождения, дата смерти) Қайтыс болған адамның тұрған мекен-жайы (Адрес проживания умершего):________ (республика, облыс, қала, аудан, көше, үй, пәтер) _______________________________________ (республика, область, город, район, улица, дом, квартира) Медициналық ұйымның қорытынды-сы______________________________________ (Заключение медицинской организации) (қайтыс болған себебi, берiлген күнi) _______________________________________ (причина смерти, дата выдачи ) _______________________________________ (аса қауiптi инфекциялардың, этиологиясы белгiсiз инфекциялардың болуы немесе болмауы) _______________________________________ (наличие или отсутствие особо опасных инфекций, инфекций неизвестной этиологии) Жерленген орны (Место захоронения)______________________________________ (республика, облыс, қала, аудан) _______________________________________ (республика, область, город, район) Мәйiттi тасымалдауға арналған көлiк құралы: (Транспортное средство для перевозки трупа):________________________________ (темiр жол, әуе көлігі, автомибиль) _______________________________________ (железнодорожный, авиационный, автомобильный) Мәйiт тасымалданатын жердiң мекен- жайы:__________________________________ (республика, облыс, қала, аудан) (Адрес места транспортировки трупа) _______________________________________ (республика, область, город, район) Мәйiттi тасымалдау кезiнде эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу_________ (Проведение противоэпидемических мероприятий при транспортировки трупа) _______________________________________ (оцинкованный, герметично запаянный гроб, наличие деревянного, плотно сколоченного ящика) _______________________________________ (мырышталған, герметикалық дәнекерленген табыт, берік қабыстырылған ағаш жәшіктің болуы) Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (Санитарно-эпидемиологическая экспертиза): мәйiттi тасымалдау, қайта көму ____________________________________________ (астын сызу керек) (рұқсат етiледi, рұқсат етiлмейдi) перевоз, перезахоронение трупа ___________________________________________ (подчеркнуть) (разрешается, не разрешается) Мөр орны Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық Место печати қызмет органының жетекшісі Руководитель государственного органа санитарно-эпидемиологической службы _____________________________ қолы (подпись) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6691 болып енгізілді.