06 Қаңтар, 2017

Қазақстан және Франция Сыртқы істер министрлері телефонмен сөйлесті

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2017 жылғы 6 қаңтарда Француз Республикасының Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Жан-Марк Эйромен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Француз министрі Қайрат Әбдірахмановты жақындағы тағайындалуымен және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтады. Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестіктің дамуына ризашылықтарын білдіріп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясындағы ынтымақтастық мәселелері және күн тәртібіндегі өзге де өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Телефон арқылы сөйлесуге француз тарапы бастамашы болды.