09 Қаңтар, 2017

Мысырда әлемдегі ең арзан көлік шығарылады

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мысырдың көлік құрастырушы кәсіпорындары 2017 жылы толығымен Мысырда жасалған және рекордты төмен бағада болатын жаңа көлік моделін ұсынуға уәде етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Аль-Ахрам Эбдо" басылымына сілтеме жасап. Көліктің техникалық сипаттамалары, көлемі және атауы әзірге құпияда ұсталуда. Дегенмен, жаңа модель таныстырылатын күн белгіленіп қойған - 2017 жылдың 30 маусымы. Маркетингілік зерттеулер 92 миллионнан астам халқы бар мемлекет үшін таза мысырлық автоны құрастыру қажеттілігі бұрыннан туындағанын айтуда. Сарапшылардың пайымынша, көліктің бағасы расымен де, бәсекеден тыс болады. Себебі, 2016 жылдың соңында жергілікті валюта - мысырлық фунт АҚШ долларымен салыстырғанда екі еседен астамға арзандады. Бұған дейін мысырлық интернет-БАҚ-тар елде үндістандық Nano көлігінің клонын құрастыру ісі қолға алынатындығын хабарлаған болатын. Көлік арнайы ыстық климат үшін жасап шығарылған. Ол 30 шақырымға 1 литр бензин тұтынады, барынша жоғары жылдамдығы сағатына 90 шақырым.