18 Наурыз, 2011

Ислам конференциясы ұйымы. Ол қандай ұйым?

1153 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы төрағалық ететін Ислам Конференциясы Ұйымының (ИКҰ) аясында Ұйымның Субсидиар­лық институты мен Аффилиленген институты жұмыс істейді. Бұл институттардың құрамына кіретін құрылымдардың қатары молдау. Олар­дың атқаратын қызметтері мен мақ­саты негізінен ИКҰ-ға мүше мемлекеттер арасында, сондай-ақ мұсылман әлемінде экономи­калық, гуманитарлық және мәдениет салаларындағы ынтымақ­тас­тықты нығайтуға бағытталған. 3. СУБСИДИАРЛЫҚ ЖӘНЕ АФФИЛИИРЛЕНГЕН ИНСТИТУТТАР ИКҰ-ның Субсидиарлық инс­титутының құрамындағы құры­лым­ның бірі – Ислам елдеріне статистикалық, экономикалық жә­не әлеуметтік зерттеулерді да­йын­дау орталығы. Анкара қаласында орналасқан бұл орталық 1977 жыл­­­дың мамырында құрылған. Бү­гінде ол ИКҰ-ның статисти­ка­лық және ғылыми-зерттеулер жүр­­­гізетін негізгі оқу бөлімшесі ретінде саналады. Орталықтың басты мақсаты – Ұйымға қаты­су­шы мемлекеттер арасында тиісті ғылыми-зерттеулерді жүзеге асы­ру арқылы әлеуметтік-эко­но­ми­калық ынтымақтастықты да­мыту үдерістеріне ықпал ету бо­лып табылады. Таратып айтқан­да, Ұйымға мүше елдердің әлеу­меттік-экономикалық дамуын­да­ғы ста­тистикалық көрсеткіш­те­рін ақпараттар негізінде жинақ­тап, сол бойынша зерттеулерді жүзеге асырады. Ал Субсидиарлық институт­тың Ислам тарихын, өнері мен мә­дениетін зерттеу орталығы ис­лам өркениетінің әртүрлі аспектілерін зерттеумен айналы­са­тын ға­лым­дар мен өнер қайраткер­лері­нің, ғы­лыми институттар мен ұйым­­дар қызметкерлерінің кездесулерін үй­лес­тірумен айна­лы­са­ды. Орталық сондай-ақ ислам өне­рі мен тарихы, мәдени мұра­сы­на қатысты зерттеулер жүр­гі­зіп, кітаптар мен каталогтар, альбомдар, басқа да анық­та­малық ма­те­риалдар басып шығ­а­ра­ды. Бұл дү­ниелер ислам өркениетін мұ­сыл­ман әлеміне ғана емес, төрт­күл дү­ниедегі өзге халықтарға да та­ныс­тыру үшін қа­жет. Орталық өзі­нің қызметін 1980 жылы ИКҰ-ның мә­дениет сала­сындағы алғаш­қы кө­мекші органы ретінде бас­та­ды. Осындай құрылым құру ту­ра­лы ұсынысты 1976 жылы Сыртқы істер министрлерінің Ыс­там­бұлда өт­­кен Ислам конферен­ция­сында Тү­рік Республикасы білдірген екен. Субсидиарлық институттың бұдан кейінгі құрылымы – Ислам сауда даму орталығы. Ор­та­лық 1981 жылдың қаңтарында Мароккода құрылған. Штаб-пәтері осы елдің Касабланка қа­ла­сында орналасқан. Құрылым қыз­­метінің басты мақсатына Ұйым­­ға мүше мем­лекеттер ара­сын­да сауда ал­ма­суды көтермелеу жатады. Нақты­рақ айтқанда, тауарлар айналымы қозғалысын же­ңіл­детуге байла­ныс­ты сауда көр­ме­лерін ұйым­дас­тыру, елдердің іскер адамдары ара­сында қа­ты­настар орнатуға ық­пал ету, сау­даға қатысты симпозиумдар мен семинарлар өткізу, тағы басқа да шаралар ұйымдастыру. Мәліметтерге қарағанда, атал­ған орталық өткен кезең­дерде бір­қатар іс-шаралардың өтуіне ұйыт­қы болған екен. Мысалы, 2008 жыл­­­ғы маусымда Угандада бизнес-форум, 2009 жылдың ақ­па­нын­­да Ма­ли республикасында Аф­­­рика­дағы тағам өнеркәсібін да­мытуға арналған форум, Индонезияда 5-ші Бүкіләлемдік ислам эко­номикалық форумы өтті. С­о­ны­мен қатар, орта­лық Каир мен Бейрутте де сауда мен туризмді да­мы­ту­ға қатысты көрме­лер ұйым­дастырды. Бүгінде Ислам Конферен­ция­сы Ұйымының аясында Ислам Фикх (юриспруденция) акаде­мия­сы, Ислам технологиялық уни­верситеті және Нигерия мен Угандада ислам университеттері жұ­мыс істейді. Ислам Фикх ака­де­мия­сының қызметі мұсылман әле­мі­нің исламға деген сенімін ны­ғай­тып, оны шариғат қағи­дат­тары­на сәйкес түсіндіруге негізделген. Ака­демия өзінің отырыстарын жыл сайын өт­кізіп тұрады. Мы­салы, оның оты­рыстары Сауд Ара­биясында жеті рет, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Иордания мен Кувейт мемлекеттерінде екі реттен, сондай-ақ Бруней, Бахрейн, Катар, Оман сұлтандығы, басқа да елдерде өткізілген. Бангладештегі Ислам техноло­гия­лық университеті Ұйымға қа­ты­сушы елдердегі адам ресурс­тарын инжиниринг, технология, кәсіби-техникалық салалар бо­йын­ша білімдерін дамытуға ба­сым­дық береді. Бұған қоса мүше мемле­кет­тердің қажеттілігіне қа­рай инженерлер мен техникалық персо­нал­дарды оқытуды да ұйым­дас­тырады. Ал Нигериядағы Ислам университеті африкалық мұ­сыл­мандар өмірін жақсартуды мақ­сат ете отырып, студент жас­тар­дың ғылыми-техникалық білім алуына баса мән береді. Қазіргі кезде Нигериядағы Ислам университетінде шариғат жә­не исламды зерттеу, араб тілі мен әдебиеті факультеттері, жо­ғары бі­лім беру, педагогика және мұға­лімдердің білімін көтеру инс­ти­туты, ислам мұраларын өркен­де­ту­дің африкалық орталығы, «IQRA» кәсіптік-техникалық білім беру ор­талығы, аспиранттар бөлімі, әйел­дердің ислам зерттеулер және араб тілі колледжі жұмыс істейді. Бұл оқу орны Нигерияның Сай қала­сында орналасқан. Ислам Конференциясы Ұйы­мы­ның үшінші негізгі институты – Аффилиирленген институт. Оның құрамында 11 құрылым бар. Со­ның бірі – Ислам сауда-өнеркәсіп палатасы. Палата Ұйымға мүше 57 мемлекеттің жеке секторы ретінде саналады. Оған ИКҰ-ға қа­ты­са­тын елдердің ұлттық палата­лары, одақтары, сауда-өнеркәсіп федера­ция­лары мүше болып та­бы­лады. Палатаның міндетіне сауда опера­ция­ларының құндылы­ғын жандан­дыру, ислам эконо­ми­касы туралы танымды кеңейту, ниеттестік пен туыстықты терең­де­ту және араб тілін тарату жата­ды. Ал тәжірибе жүзіндегі мақ­са­ты­на жұмыс күш­терін алмастыру мен туризм көле­мін кеңейту, инвестиция тасқынын арттырып, тауар айналымын кө­бей­ту, ұлттық өндірісті дамытып, инновациялық технологияларды ен­­гізуге баса на­зар аудару мәселе­лері кіреді. Со­нымен бірге, БҰҰ сияқты ірі ха­лықаралық ұйымдар­дың м­а­ман­дан­дырылған институт­тары­мен, ха­лықаралық сауда ұйым­дарымен байланысты дамыту да сауда-өнер­кәсіп палатасының ба­сым ба­ғы­ты­ның бірі саналады. Палатаның штаб-пәтері Пәкстан­ның Карачи қаласында орналасқан. Аффилиирленген институттың қыз­­мет аясы ауқымды құрылымының екіншісі – Ислам астаналары мен қалаларының ұйымы. 1980 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл құ­рылым халықаралық үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым бо­лып есептеледі. Қазіргі кезде ұйымға ИКҰ-ға қатысушы Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Аме­рика құр­лықтарындағы 54 мем­лекеттің 141 қаласы мен астаналары мүше. Бұған қоса құрылымға ИКҰ-ға мүше емес алты елдің 8 қаласы байқаушы ретінде қатысып келеді. Ұйымның қара­жат ресурсы оған мүше қалалардың жарнасынан, сондай-ақ жеке тұлға­лар мен инвестициядан құралады. Осы жерде атап өтейік, бұл ұйым саяси қыз­метпен айналыспайды, мемлекет­тер­дің ішкі істеріне араласпайды. Мақсаты мен міндеттері – мүше болып табылатын қалалар мен елді мекендердің дамуына үлес қо­сып, ислам елдері астаналары мен қалаларының арасында дос­тық қатынастарды нығайту. Ислам астаналары мен қала­лары­ның ұйымы әр үш жыл са­йын тұрақты түрде қалаларды ар­хитектуралық жағынан жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау та­қырыптарындағы жобаларға сый­­лық тағайындап отырады. Сый­лық ұйымның бас кон­фе­рен­циясы ашы­лу салтанатында та­быс етіледі. Бұл құрылым, сон­дай-ақ мұсылман­дар­дың қасиетті орны – Мекке қа­ласында өзінің ресми журналын да шығарып келеді. Ал Бүкіләлемдік ислам ғылы­мы академиясы 1986 жылы ИКҰ-ның ғылыми-техникалық ынты­мақтас­тық жөніндегі тұрақты ко­ми­тетінің ұсынысы бойынша құ­рылған. Оның атқарушы органы академия хатшы­лығы, ол Амман қаласында орын тепкен. Академия бас ас­сам­блеяның басқаруындағы дербес орган болып табылады. Оның құра­мында қазіргі кезде 102 мүше бар. Бас ассамблея төрт жыл мерзімге сайланған 11 адам­нан тұ­ра­ды. Атал­ған ғылыми құ­­рылым халықаралық қаржы ұйым­­­дары­ның қолдау көр­­сетуімен халық­ара­лық ғылыми кон­ферен­ция­лар ө­т­кі­зіп отырады. Онда әлем­дік қоғам­дастыққа ортақ өзекті проблемалар талқыланады. Академия ИКҰ-ға қатысушы ел­дер­дің ғылы­ми ор­талықтарымен ын­тымақ­тас­тық ор­натуды басты назарда ұстай­ды. Осығ­ан бай­ла­нысты аталған қ­ұ­ры­лым Қазақ­станның, Әзірбай­жан­ның және Өзбекстанның ғы­лым академия­лары­мен өзара түсі­ніс­тік туралы меморандумға қол қойған. Аффилиирленген институт құ­ра­мын­дағы тағы бір ерекше құры­лым – Ислам конференциясының жастар форумы дер едік. Ын­ты­мақ­тас­тық пен үнқатысуға үн­дей­тін жастар форумының жұмыс істей бас­та­ға­нына алты жылға жуық­т­ады. Мақ­саты – ИКҰ-ға қатысу­шы елдер жастарының қызметін үйлестіруді көздейді. Форум өз жұ­мысын негізгі бес бағыт бо­йын­ша жүргізеді. Олар: жастар мү­д­де­сін қорғау, білім алуға қолдау көр­сету, жас­тар­дың моральдық құн­ды­лықтарын нығайту, өркениет пен мәдениет арасындағы үнқаты­су­ды дамыту және жастардың ор­нықты дамуына ықпал ету. Бүгінде форум өзінің құрамына 35 жетекші ұлттық және 6 халықаралық жастар ұйымын біріктіріп отыр. Форумның жетекші жоғары ор­га­ны – оның бас ассам­блеясы. Сон­дай-ақ форумның президенті мен бас хатшысы да бар. Ал орналас­қан жері Ыстамбұл қа­ласы. Оған 30-дан астам елдің жастар ұйым­дары мүше. Ішінде қазақ­стандық жастар ұйымы да бар. ИКҰ-ның Аффилиирленген инс­­ти­тутының құрамында аталған­дар­дан басқа Ислам халықаралық жар­ты ай комитеті, Бүкіләлемдік араб-ислам мектебі федерациясы, Ислам ниеттестік спорт ойын­дары фе­де­рациясы, халықаралық скауттар мұ­сыл­ман одағы, Ислам кеме ие­лерінің қауымдастығы және Ислам мемлекеттерінің консультанттар фе­­дерациясы қызмет етеді. Бұл құ­ры­лымдардың әрқай­сы­сының ат­қара­тын қызметі, ал­дарына қой­ған мақ­саты мен міндеттері бар. * * * Біз газеттің өткен нөмір­лерін­де жарияланған мақалаларда, сон­дай-ақ осы материалда Ислам Кон­фе­ренциясы Ұйымының негізгі құ­рылымдарын және олар­дың қыз­­мет­терін ортаға салдық. Он­да­ғы мақ­сатымыз – қалың оқыр­манды Ислам Конференциясы Ұйымы­мен таныс­тыру. Өйткені, Қазақ­стан Респуб­ли­касы биылғы жыл­дың екінші жар­ты­сынан бастап осы ірі халық­аралық ұйым – ИКҰ-ға төрағалық ететін болады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.