Биылғы қыстың қалың қары ауылдарды ақ көрпеге орады. Қалаларда болса машиналар аулалардан, көшелер маңындағы жолдардан қарды тонналап тасып әлек. Қыс қызығы деген осы. Бос уақыт болса қала сыртына шығып, шаңғы, коньки теуіп, шанамен сырғанап, отбасыңмен демалып, сергігенге не жетсін.
Ал Михайловка ауылының тұрғыны Александр Друзик балалардың сабақтан бос уақытында қыс қызығын көңілді өткізулеріне жаңажылдық сыйлық жасапты. Сөйтіп, Александр өзі тұратын үйінің жанынан биік сырғанақ жасапты, тіпті, балалармен бірге үлкендер де шанамен сырғанайды екен. Сырғанақтың биіктігі 3,5 метр, жанында жарық жанып тұрады. Сырғанақтың қасынан балаларға түсіп-шығулары жеңіл, жылдам болу үшін арнайы саты да жасаған.
– Әртүрлі әуендер, музыка ойнап тұрады. Көңілді. Бізге жыл сайын Александр Друзик осындай көңілді сырғанақ жасап береді. Гаджеттер, компьютерлерден бір сәт демалып, таза ауада жүреміз. Шағын футбол алаңымыз да бар, асхана ашылды. Шахмат ойнауға да уақыт табамыз, – дейді балалар.
Олардың айтуынша, ауылдың тағы бір тұрғыны Виктор Заламаев көршілес ауыл мектептерінің оқушылары арасында шахматтан турнир өткізіп тұрады екен. Әр ауылдан осындай демеушілер табыла берсе дейсің.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Железин ауданы

Садақшы Ильфат Абдуллин Словениядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 21:15
Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 20:40
New Glenn апаты АҚШ-тың Ай бағдарламасына әсер етуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 20:21
Әлем • Бүгін, 20:11
Қаржы нарығында жаңа өзгерістер: бейрезиденттерге қатысты талаптар қайта қаралады
Экономика • Бүгін, 19:37
Оралда ер адам ұнатқан көлігін эвакуатормен алып кеткен
Қоғам • Бүгін, 19:29
Павлодар облысындағы жол-көлік оқиғасында жас жігіт екі аяғынан айырылды
Қоғам • Бүгін, 19:08
АҚШ билігі сыннан кейін грин-карта беру талаптарын жұмсартты
Әлем • Бүгін, 18:53
Қазақстаннан Таяу Шығысқа ұшатын рейстер тамызға дейін шегерілді
Қоғам • Бүгін, 18:19
Астанада Н.Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 18:02
Астананың айналма жолында шектеу: 15 маусымға дейін 8-22 шақырым жол жөнделеді
Қоғам • Бүгін, 17:42
«Ролан Гарростағы» сенсация: Костюк Швентекті жарыс жолынан шығарды
Спорт • Бүгін, 17:38
Жүргізушілерге ескерту: 1 маусымнан бастап жазғы шинаға көшу міндетті
Қоғам • Бүгін, 17:13
Астанада қатар орналасқан үш жеке үй өртенді
Құтқарушы • Бүгін, 16:50
Дмитрий Бивол чемпиондық үш титулын сәтті қорғады
Спорт • Бүгін, 16:48