25 Наурыз, 2011

Қазақ мұнайының қуаты

1345 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Қазақ мұнайының тарихы тым әріде жатыр. Дүние жүзінде 152 жыл   бұрын ал­ғашқы мұнай тамшысы АҚШ-та алынса, осы­­дан 40 жыл өткенде қазақ жерінде де “қара алтынның” бас­тапқы бұрқағы атқылады. Содан бері 112 жылдың жүзі ауды. Аты­рау облысының Жылыой ауда­нындағы Қарашүңгіл кен ор­ны­нан осынша жыл бұрын алғаш рет 7 тонна мұнай алынған. Бір ға­сыр­дан асса да қазақ жерінен қара май алу әсте тоқ­таған емес. Әсіресе, Доссор, Мақат кә­сіп­ші­лік­терін өнеркәсіптік игеру бас­тал­ғаннан кейін мұнай өндіру кө­лемі ұлғайды. Бірақ өндірілген өнім тү­гелі­мен Одақ­тың ортақ қазанына құ­йы­лып, жергілікті тұр­ғындар оның игілігін көре алмап еді. Соған қара­мас­тан, қазақ мұнайшы­лары ара­сы­нан бірнеше ондаған мұнай­шы­лар әулеті қа­лып­­тасты. Олардың ара­­сын­да Ав­ров­тар, Балғымбаевтар, Бал­жановтар, Бешімовтер, Бөлек­баев­тар, Қа­ра­мұр­зиев­­тер, Мыр­за­ға­лиев­тер, Ор­жановтар, Өте­­­баев­тар, Өтеғ­а­лиев­тар, Шырда­баев­­тар, Марабаевтар, Дос­мұ­хам­бе­тов­­тер, Жұма­ға­лиевтер, Огай­лар әу­лет­терінің ең­бек жолдарын бүгінгі ұр­пақ­та­ры абыройлы жалғастырып келеді. Бұл күндері тәуелсіз Қазақ­стан мұнайы дегенде, алдымен Аты­рау мен Маңғыстау өңір­леріндегі ірі кеніштер келешегі ойға оралады. Мә­се­лен, Каспий қай­раңындағы Қаша­ған кенішінің барлануы мен “Теңіз” кенішінің игерілуі елімізге шетелдік мұнай компа­ния­­­лары­ның келуіне жол ашты. Әри­не, Елбасы Н.Назарбаев шетел ком­­па­ния­ларын елге ша­қы­рып, инвестиция салу­ға илан­дыр­маса, “Теңіздей” ірі кеніштен мол мұ­най алу қиынға соғар еді. “Қаз­Мұнай­Газ” ше­телдік компания­лармен бәсе­ке­лес болардай ірі ком­панияға айналмас еді. Қазір «Қаз­Мұ­найГаз» отандық мұнай-газ өнер­кәсі­бі­нің локомотивіне айналды. Мұ­най өн­діруде ең озық техно­ло­гия­ларды ке­ңі­нен қол­данатын болды. Кезінде шетелдік ком­па­нияларға са­тылған отандық үлестерді кері қай­та­рып ала­тын­дай қау­қарлы да, қар­жылы ком­па­нияға ай­налды. Тіпті Ру­мы­ниядағы мұ­най өң­деу зауы­ты­на иелік еткен инвес­тор­лық қадамын сәтті жалғастыруда. Бұрнағы күні «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Қайыр­гел­ді Қабылдиннің «ҚазМұнайГаз» Барлау Өн­діру» АҚ, «Ембімұнайгаз» ӨФ, «Қаз­Транс­Ойл» АҚ Батыс фи­лиа­лы, «Қаз­ТрансГаз» АҚ және «Атырау мұнай өң­деу зауыты» ЖШС еңбек ұжым­дарымен кездесуінде осы жайт­тарды ой елегінен өт­кізіп үлгерген едік. «Қаз­Мұ­найГаз» бас­шы­сы Аты­рау­дағы өндірі­с­тік құры­лым­дардың өткен жылғы жұ­мыс­тары сара­лан­ған, алдағы жос­пар­лары пысық­тал­ған бас­қосуда отандық мұнай-газ өнер­кәсібі­нің қарышты қа­дам­мен дами беретініне тоқ­талды. Елі­міздің бас мұ­най­шы­сының ай­туынша, Тәуел­сіздіктің 20 жылында қазақ мұ­найын өндіру 5 еседен астамға ұл­ғай­ған. Оның ішінде отан­дық мұнай­шы­лар­­дың үлесі ба­сым. Дәлірек айтқанда, тек өткен жы­лы «ҚазМұнайГаз» 22 мил­лион тонна мұ­най өн­дірген. Бұл алдыңғы жылмен салыс­тыр­ғанда 17 па­йызға артық. Со­ның ішінде 37 кен ор­ны­­нан «қара ал­тын» тасқынын толас­тат­паған «Ем­бі­мұ­найгаз» өндірістік фи­лиалының мұ­най­шы­лары 2 миллион 800 мың тонна мұнай өндіруге қол жеткізген. Өндірілген мұнайдың басым бө­лі­гін еліміздегі үш мұнай өңдеу зауы­тында өңдеуге бағыт ұсталуда. Нақты дерекке жүгіне айтар болсақ, былтыр 14 миллион 600 мың «қара алтын» өң­делуі мұнай өңдеу зауыттарының да­мыл­сыз жұмыс істеуіне серпін бергені даусыз. Олай деуімізге Атырау мұнай өңдеу зауытының бас дирек­торы Тал­ғат Байтазиевтың «Былтыр біздің зауыт таза пайдамен жұмыс істеді» деуі дәлел бола алады. Осы зауыт­та өткен жылы 4 миллион 300 мың тонна шикі­заттық мұнай өң­деліпті. Соңғы 14 жыл бойы Аты­рау­дағы мұнай өңдеу­ші­лер осын­ша мұ­най­ды өңдеуден өткізуге қол жеткізген емес-ті. Мұны атыраулық мұ­най өңдеушілердің биік белесті ба­ғын­дыруы десе болғандай. Бұған атал­ған зауытты жаңғырту жұмыс­тарының оң әсер еткенін баса айтқан ләзім. Қазір бұл зауыттағы жаңғырту жұмыстары бір­неше бағытта өз жалғасын табуда. Мә­селен, «ЭЛОУ-АВТ (электрмен тұз­сыз­дандыру) вакуумды блогын және баяу кокстау қондырғыларын қалпына келтіру» жобасын іске асыру АтМӨЗ-де ва­куумды газойл өндіруді жылына 800 мың тоннаға, бензин компонентін жы­лы­на 161 мың тоннаға, дизель оты­ны компонентін жылына 308 мың тон­наға жеткізуге мүмкіндік береді. «Хош иісті көмірсутегін өндіру ке­шені­нің құры­лы­сы» жобасы жоғары октанды бензин көлемін өндіруді арт­тыруға, Еуро-3 стандартына сай ке­летін дизель отынын, сонымен қа­тар, мұнай хи­мия­сы үшін бірден-бір шикізат көзі бо­ла­тын бензол мен параксилол өндіруді бастауға жол ашады. «Мұнайды терең өңдеу кеше­ні­нің құрылысы» жобасы шеңберінде жоға­ры октанды бензин, авиа және дизель отындарын өндіруді арттыра оты­рып, мұнай өңдеу терең­дігін 87 пайызға жеткізу, ал мотор отын­­дарының сапа­сын Еуро-4 және Еуро-5 станд­арт­тары­на сәйкестендіру жоспарланған. – Біз Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жол­дауы­нан туын­дайтын міндеттерді саралап, алда ат­қарар жобаларымызды айқындадық. Атырау мұ­най өңдеу зауытын жаңғырту және қал­пына келтіру жобасын жүзеге асыру бары­сын­да біз тек жоғары өнді­ріс­тік көрсет­кіш­терге жетіп қоймай, қазақ­стандық үлесті ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құруды көз­деп отыр­мыз, – деп атап көрсетті «Қаз­МұнайГаз» басшысы Қайыргелді Қабылдин. «ҚазМұнайГаз» жер астынан анық­тал­ған мұнай өндірумен шектелмей, шикі­зат­тық қорын ұлғайтуды да көз­дейді. Осы мақсатта бірнеше жаңа кен орындарына геологиялық іздестіру жұ­мыс­тары атқарыла бермек. Сөйтіп, бар­ланған мұнай қорын 1 миллиард тонна­ға жеткізудің жоспары жа­салған. Әри­не, өн­дірілген мұнайды бірнеше бағыт­пен әлем­­дік нарыққа экспорттауға да атса­лы­суда. Бұрын қазақ мұнайы тек Ресейге басты тармақ болып тартылған Атырау – Самара құбырымен тасы­мал­данып келсе, енді Қара теңіз жа­ға­лауына, Қытай еліне, сондай-ақ, Кас­пий теңізі арқылы бірнеше бағыт­қа жол тартады. Қазақ жерінен мұнай өн­діру көлемі ұлғайған сайын бұл бағыт­тардың маңызы арта түседі. Қа­з­ір­дің өзінде қазақ мұнайына қызы­ғу­шы­лық артып келеді. Демек, қазақ мұна­йы­ның қадірі артты деуге толық негіз бар. Қазақ мұнайының қадірі демекші, бұрын оны жұрт сезінбекке үміт арт­пақ тү­гілі ол туралы тіптен ой­ламау­шы еді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғой, «қара ал­тынның» қадірі арта бастағаны. Осы орай­да, «ҚазМұнайГаз» компа­ния­сы мұнайлы өңірлердің әлеуметтік ахуа­лын жақсарту бағдарламасын қолға ал­ғанын жұртшылық қуана құптайды. Бұ­дан тура 11 жыл бұрын осы компа­ния­ның қаржылай қолдауымен Жылыой ау­данындағы Қаратон кентінің жаңадан бой көтергенін атыраулықтар ұмы­та қой­ған жоқ. Ал былтыр «ҚазМұ­найГаз» Барлау Өндіру» АҚ қаржылық қол­дауы­мен Мақат ауданындағы Комсомол, Қош­­қар, Бекбике елді мекен­дері­нің тұр­ғындары Атырау қаласы мен Махамбет ауданында бой көтерген жаңа бас­па­наларға көші­ріл­ді. Әр өңір­дің әр ау­данында сан алуан әлеу­­меттік жобалар іске асырыла баста­ды. Биыл да жобалар жалғасын табарына мына деректер дәлел болатындай. Биыл мұнайшылар үшін мерейлі жыл болмақ. Өйткені, мұнайы екінші дү­ние­жүзілік соғыс кезінде бірден майдан шебіне жөнелтілген әйгілі Доссор кен орнының игеріле бастаға­ны­на 100 жыл толады. Осыған орай Аты­рау «Қаз­МұнайГаз» Барлау Өндіру» дос­сор­лық­тар үшін ерекше тарту жа­сау­ды ой­лас­тыруда. Атап айт­қан­да, Дос­сор кентінде жасанды жабыны бар мінбелі стадион, үш мектеп пен ли­цейде жаңа көп­фун­к­ционалды спорт алаңдары, тұрғын аудандарда бес балалар ауласы алаңы, со­ны­­мен қатар 60 орындық балалар бақ­ша­­сы салынады. Сондай-ақ, мұнай­лы өңір­дің Мақат, Қызылқоға, Жылой және Махамбет аудандарында әлеумет­тік жо­ба­ларға барлығы 730 млн. теңге аударылады. – Біз жыл сайын әлеуметтік жо­ба­ларға айрықша көңіл бөлеміз. Әсі­ресе, елімізде бұқаралық спорт­тың дамуына үлесімізді қоса береміз. Өйт­кені, «Қаз­Мұ­найГаздың» тек Қазақ­стан­да ғана емес, әлемдегі ең озық 10 компани­я­ның қата­ры­на кіретіндей әлеуе­ті арта бермек. Қазірдің өзін­де ел эконо­ми­ка­сының локомотивіне айналып, жыл сайын әлеу­мет­тік жобаларға 100 миллион доллар көле­мін­де қаржы бөледі. Был­тыр ел бюджетіне 405 миллиард тең­ге салық тү­сірді, –деді «ҚазМұ­найГаз» ҰК» АҚ бас­қар­­ма­сының төр­ағасы Қайыргелді Қабылдин. ...Қазақтың мұнайы Венесуэла, Иран, Кувейт, Мексика, Норвегия, Сауд Ара­бия­сынан да бұрын өндірілгені тарихи деректермен дәлелденгенін көп­ші­лігіміз біле бермейміз. Мұны дәлел­дей­тін қазақ мұ­найы­ның шежірелі тарихы бар. Оны осыдан екі жыл бұ­рын Аты­рау­ға әке­лін­ген көшпелі фо­то­көрмеден байқаған едік. Онда 300-ден аса мұра­ғат­тық құжаттар мен фотосуреттер қо­йылып, оның көбі алғаш рет жұрт­шы­лық назарына ұсы­ныл­­ғаны әс­т­е естен шық­пай­ды. Қа­ра­шүң­­гілден бастау ал­ған сол мұ­ра­ғаттық деректер жылна­ма­сы сәтті жалға­сарын отан­дық мұнай­шы­лардың бүгінгі қа­рыш­ты қа­дамы қуаттай түс­пек. Демек, қазақ мұ­найы­ның тас­қыны да, оны ел игілігіне жаратар игілікті істер де әсте толастамайды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.