Қызылорда өңірінде 27 000 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Соның 1 800-ге жуығы бірінші топтағы мүгедек. Тағдырдың жазуына бой бермей, әрқайсысы дүниенің тетігіне кірпіш болып қаланғысы келеді. Себебі, бойда қан тасыған соң, пенде шіркін жасымайды екен. Осы орайда, қоларбаға таңылғанына қарамастан, өмірге деген құлшынысын арттыра білген Тамара Асқарқызын айтпай кетуге болмас.
Ол «Талсуаттағы» мүгедектерді оңалту орталығына қоларбада отырып қалмай, аяққа тұрамын деген ниетпен келген еді. Сол мақсатына жете білді. Оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға өмір ағымынан қалыс қалмай, кәсібін ашуға мүмкіндік бар. Тамара Асқарқызы да жеке жобасын іске асыруды ойлады. Орталық қызметкерлері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандарымен кездесу ұйымдастырып, олардың кеңесін алып, өз ісін ашуға талпынды. 12 адам қатысқан конкурста оның «Құс жастықтарды тазалап, қалпына келтіру» жобасы үздік деп танылып, 1 000 000 теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Ресейден жабдықтар алып, қазіргі күнде өңірімізде жоқ бизнес ашып, Шиелі ауданында жұмысын дөңгелетіп отыр.
Сонымен қатар, орталық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тамара Асқарқызы «Шектеусіз мүмкіндік» атты шара өткізіп, қолға алған кәсібі жайында кеңінен әңгімелеп берді. Өз кәсібін ашқысы келген азаматтарға, жастарға жасқанбай, Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды пайдалану керек екенін түсіндірді. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, Тамара Асқарқызының орындауындағы «Іңкәрім-ай», «Япыр-ай» әндерін жиналған қауым ұйып тыңдап, бір марқайып қалды.
Тағдырлас болған соң бұл кісінің жеткен жетістігін жазуды жөн көрдім. Қатарымызда қайсар жандар бар екенін басқалар да білсін деген ой мені осы мақаланы жазуға жетеледі.
Зәуре ҮКСІНБАЕВА,
І топтағы мүгедек
Қызылорда облысы

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 20:33
Жамбыл облысында жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыт іске қосылды
Экономика • Бүгін, 20:07
Қазақстан Қытай қор нарығына алғаш рет тәуелсіз панда-облигацияларын шығарды
Экономика • Бүгін, 19:30
Мемлекеттік кеңесші Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жөнінде жиын өткізді
Тарих • Бүгін, 19:15
Ұлттық ғылыми онкология орталығы МАГАТЭ-нің Орталық Азиядағы жетекші орталығы болады
Медицина • Бүгін, 19:00
Чжао Лэцзи І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Саясат • Бүгін, 18:25
Құрбан айт қарсаңында Ақтөбе облысындағы шекарада кептеліс пайда болды
Мереке • Бүгін, 18:03
Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев мектеппен қоштасты
Футбол • Бүгін, 18:00
Шымкенттік түлек әлемнің беделді 74 жоғары оқу орнынан шақырту алды
Қоғам • Бүгін, 17:38
Президент Рафаэль Гроссиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 17:17
Қай сыныптарда БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады? Министр жауап берді
Білім • Бүгін, 17:01