Бірі – Аманкелді батырдың сайыпқыран сарбазы болған, екіншісі –Арқалық қаласының алғашқы қазығын қаққан Он алтыншы жылдың от-жалынында Аманкелді Имановтың ержүрек сарбазы, атақты мергендерінің бірі Назарбек Адырбайұлы болған екен. Көтерілісшілер сапына келіп қосылған кезде Назарбек 27 жаста болса керек. Торғай уезінде екі кластық мектепті бітіріп, Қорғасындағы ағылшын зауытында бірнеше жыл жұмыс істегендіктен көкірек көзі де ашық. Зауыт ұстасына екі мылтық соқтырып алып, Әбдіғаппар хан мен сардар Аманкелдінің қосынынан табылды дейді. Әйгілі мыңбасылар Кейкі, Өтен, Қосжандардың қатарында болады. Әрі мерген, әрі батыр, жас жігіт Күйік, Доғал, Жосалыдағы соғыстарда ерекше ерлік көрсетеді. Сардар оның қасына жүз сарбаз қосып беріп, шолғынға шығарып, талай қиын тапсырмалар жүктейді. Жас қыранның жазалаушылар жасағымен болған шайқаста қаза тапқанын естіген Аманкелді батыр «Бірге өлетін серігім осы болар деп ойлайтын едім, әттеген-ай!» деп қатты қамығыпты. Содан 1917 жылғы ақпанда ауылына арнайы барып, оның шейіт болғанын шешесіне естіртіп, көңіл айтады. Кейін ұлының сүйегін жеткізіп, ол әкесі Адырбайдың қасына жерленеді. Торғайдың Шәкәрімі атанған үлкен тұлға, ірі ақын Файзолла ишан Сатыбалдыұлының «Дауылда ұшқан жас қыран» дастаны жас батырдың рухына арнап мүсінделген бірден-бір ескерткіш және ерлігінің алғаш хатқа түскен айғағы. Міне, осындай ұлт азаттығы үшін жан қиған батыр сарбаз Назарбектің есімі қастерленуі тиіс деп ойлаймыз. Бірақ, әлі күнге дейін оның аты-жөні Торғай көтерілісіне қатысушылардың тізімінде де жоқ көрінеді. Боздақтың есімі Арқалық қаласының мұражайынан және Аманкелді ауданының орталығындағы Аманкелді Иманов мұражайынан лайықты орын алса деген тілек бар. Әрі Аманкелді кентінің бір көшесіне Назарбек Адырбайұлының есімі берілсе, аруақ разы болып, рухы шаттанар еді. Аманкелді сарбазының туған інісі Дүйсенбек Адырбайұлы да әкеден алты айлығында, қамқор ағадан жеті жасында айырылып, анасы Бозжеткеннен отыз екінің нәубетінде көз жазып, тауқыметті көп көреді, тағдыр тезінде шыңдалады. 1932 жылы Ташкент құрылыс техникумына оқуға түседі. Оны бітірген соң Шыршық құрылысына жолдама алады. Тасқалаушылықтан бастап, көп ұзамай құрылысшылардың бригадирі болады. Ашаршылыққа ұшырап, тарыдай шашырап кеткен Торғайдағы ағайындарды жұмысқа тұрғызып, ризық-несібесіне жол ашады. Дүйсенбектің бригадасы үсті-үстіне толығып, озат құрылысшы ретінде бүкіл Өзбекстан бойынша атаққа шығады. Байыптап қарасақ, Д.Адырбайұлы қазақтан шыққан алғашқы кәсіби құрылысшы екен-ау. 1936 жылы Әліби Жангелдиннің септесуі арқасында бес вагонға артынып-тартынған 42 отбасы, күллі бригадасымен елге қайтып, Ақмолаға көшіп келуі де аңыз болған ерлігі еді. Сөйтіп, Дүйсенбек Адырбаевтың Қазақ темір жолындағы алғашқы ұлттық құрылысшы кадры ретіндегі ұзақ жылдарға созылған жемісті қызметі басталады. Оның ысылған бригадасы Ақмола, Бурабай курорты, Тайынша, Қызылжар стансаларында жауапты нысандар мен тұрғын үйлер тұрғызады. Бригада 1940 жылы атақты Ақмола-Қарталы темір жол бойының құрылысына шақырылады. 1941 жылдың желтоқсанында Ақмола-Қарталы темір жолы еңбек майданы болып жарияланады. 1948 жылға дейін 680 шақырымдық темір жол төсеп, стансалар мен көпірлер, депо салады. Бригадасымен бірге Дүйсенбек Адырбайұлы үлкен абыройға жетеді. Ал 1955 жылдың қыркүйегі Дүйсекең үшін тарихи сәт болғаны рас. Аманкелді аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Т.Бодамбаев, экспедицияның саяси бөлімінің бастығы М.Бүркітов және Дүйсенбек Адырбаев үшеуі болашақ Арқалық қаласының орнын белгілеп, алғашқы қазығын қақты. Сол жерде Дүйсекеңнің бригадасы салған алғашқы төрт үй бой көтерді. Зейнетке шыққан кезінде де ғибратты, саламатты істердің басы-қасынан табылды. Өзі құрметті азаматы атанған Арқалықта мешіт ашылуына ұйытқы болды. Ал 1990 жылы Торғай облысы қайта шаңырақ көтергенде аймаққа келген Елбасын ұшақтан қарсы алған топтың ішінде Торғай халқының арман-тілегін жеткізіп, ақ бата берген абыз ақсақал да Дүйсенбек Адырбайұлы болатын. Мұндай өнегені ұмытуға бола ма? Өзі алғашқы қазығын қағып, бастап салған Арқалықтың бір көшесі осы кісінің атына неге берілмеске? Мұражайын да неге ұлықтамасқа? Құрметті теміржолшысын ардақтаудан Қазақстан темір жолы мекемесі де сырт қалмағаны дұрыс-ау. Иә, қазаққа қызмет еткен Адырбайдың қос қыраны туған елі мен жерінде құрметке лайықты.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»
Қуат Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді
ANTIKOR • Бүгін, 18:42
ШҚО-да жоғалған бала көпір маңындағы шұңқырдан табылды
Қоғам • Бүгін, 18:25
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарады
Тағайындау • Бүгін, 18:03
Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 18:00
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:57
Атырауда нан қалдықтарына арналған арнайы контейнерлер орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс шығарылды
Елорда • Бүгін, 17:42
Түркістанда заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін 3 цех анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:30
ШҚО-да жоғалған балаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды
Қоғам • Бүгін, 17:22
12 жастағы қызды зорлаған ақмолалық ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Елордада Ironman жеңімпаздары анықталды
Елорда • Бүгін, 17:13
Орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылуы мүмкін бе?
Білім • Бүгін, 17:03
Еліміздің солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Экономика • Бүгін, 16:42
Докторантураға түсу емтихандары басталды
Білім • Бүгін, 16:31
Павлодар облысында алимент төлемей жүрген 270 адам іздестірілуде
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Педагог мамандығында оқып жүргендердің тәжірибеден өту тәртібі өзгереді
Білім • Бүгін, 16:15
Жеңілдетілген лизингпен алғашқы ауыл шаруашылығы техникасы беріледі
Қоғам • Бүгін, 16:07
Қазақстанда мектептегі оқу жылы 2 аптаға ұзарды
Білім • Бүгін, 16:00
Жыл басынан бері 4,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 15:52
Өскеменде 29 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Тайтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 15:33
Қазақстандық жазушылардың детектив шығармалары бір кітапқа топтастырылады
Қазақстан • Бүгін, 15:25
Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға айыппұл мөлшері артады
Үкімет • Бүгін, 15:16
«Баланы мектепке жинайық» акциясы басталды
Қоғам • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Ядролық медицина орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:00
Қазақстанда ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады
Білім • Бүгін, 14:57
Алматы қалалық соты неге қоршалғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Қызылорда облысында жолаушыдан 154 келі балық тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:45
Ресейден заңсыз әкелінген алкоголь өнімдері тәркіленді
Қазақстан • Бүгін, 14:39
Елордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:30
Петропавлдағы қалалық сотқа «бомба» қойылды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Жалған дипломмен лауазымды қызметке орналасқандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 14:10
Солтүстік өңірлерде қант қымбаттады
Аймақтар • Бүгін, 14:01
«Қарасора» 607 қылмыстың бетін ашты
Қоғам • Бүгін, 13:40
Экономика • Бүгін, 13:23
Есірткі жарнамалаған 1,6 мыңнан астам сайт бұғатталды
Қоғам • Бүгін, 13:01
Киікті атқан Ақмола тұрғынына қатысты іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Нұр-Сұлтанда «Арқар» көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Елорда • Бүгін, 12:42
Қостанайлық көлік жүргізуші қала орталығының астаң-кестеңін шығарды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Ұқсас жаңалықтар