Мәдениет • 24 Қыркүйек, 2023
Әдебиет • 10 Қазан, 2021
Қазақ руханиятының заңғар тұлғасы, кешегі алып могикандардан қалған асыл тұяқ Роллан Сейсенбаев әсіресе дәл биылғы мерейлі 75-ке келер қарсаңында қабырғаны қайыстырардай қайғылы жайларды, зіл батпан ауыртпалықтарды бастан кешті. Тән мен жан азабының қат-қабат қосарлана, қара бұлттай үйірілген арпалысына түсті. Жүректің жиі-жиі жан алқымнан ала еселенген ескі дертіне миға жасалған ауыр ота қосылды... Шыдады, төзді, күресті... Бірақ жазмыштың сынағы мұнымен тоқтамады.
Қазақстан • 11 Маусым, 2021
Қайрат пен ақыл бизнес баһадүрін биік шыңдарға өрлетті
Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға.Әділет, шапқат кімде бар,Сол жарасар туғанға.Абай
Руханият • 10 Қыркүйек, 2020
Абыздың абыздығын айқара ашқан
«Абыз Әбіш»... Алаштың аймаңдай дара тұлғаларының біріне айналған Әбіш Кекілбаевтың ойшылдығын толғаған осынау кітапты жазуға салиқалы қаламгер, майталман мәдениеттанушы Сауытбек Абдрахманов сонау жас шағынан бастап өмір бойы іштей, үзбей, терең дайындық жасағандай көрінеді. Алаштың Әбішін қырық жыл қатар жүрген Сауытбек інісінен артық білер, кеңінен түсінер адам бар да шығар, бірақ некен-саяқ болар.
Таным • 19 Ақпан, 2020
Қолтаңба... Жо-жоқ, автограф емес, қаламгер Жақау Дәуренбековтің сөз өнеріндегі машық, мәнерін, шығармашылықтағы өзіндік болмыс, бітімін айтамыз. Жақау ағамның жуырда «Қолтаңба» атты кітабы шыққан екен. Осынау эсселер жинағында да автор әңгімесіне өзек етіп алған санаткер һәм зияткер тұлғалардың дәл осындай қолтаңбаларын айшықтап көрсетуді мұрат тұтыпты. Және де сол мұрат-мақсатына жеткен. Міне, бұл арада Жақаңның өзінің де қашаннан бергі, Мұқағали ақын айтқандай, ізденімпаздығы, шығармашылық қолтаңбасы аңдалып, атой салып тұрғандай көрінді бізге.
100 • 21 Қараша, 2019
Руханият • 24 Қазан, 2019
Сенімен қоштаспаймын, «Егеменім...»
Біраз жылдар еңбек етіп, журналистік қым-қуыт қарбалас тірліктің ыстық-суығын, қызығы мен шыжығын бастан бір кісідей өткерген, өткен жылдың қарашасында құрметтеп шығарып салып, қимай қоштасқан қара шаңырағым, өмірдегі бас газетім – «Егемен Қазақстанымды» сағынамын. Әуелі газеттің түр-сипатын, кескін-келбетін, атауының нақышты жазылуын, өзге басылымдардан өзгешерек, өзіме ыстық өзіндік өрнегін, жаныма соншалықты жақын ондаған айдарларын, беттерінің сырт көркемдігімен қатар ішкі мазмұн-мағынасын...
• 12 Қыркүйек, 2018
Qazaq áıeli qaı zamanda da qatparly taqyryp bolǵan. Epostyq jyrlar men ertegilerde, jyraýlar poezııasynda qazaq áıeliniń, qazaq qyzynyń asqaq beınesi áspetteldi, sulýlyǵy jyrlandy, jan dúnıesiniń izgilikti qasıetteri pash etildi. Baǵzydaǵy Tumar hanym men Umaı anadan bastap qazaq tarıhy da Domalaq ana, Aıpara ana, Qyzaı ana, beridegi Bopaı hansha men uly Abaıdyń ájesi Zere syndy ardaqty esimderge kenen bolyp kelgeni belgili. Qashannan-aq halyq qasıetiniń qormaly, ulttyń uıaty áıel bolǵan.
• 17 Тамыз, 2018
Әлеуметтік желіден «Астана қаласының қаракөз балдырғандары қазақша сөйлемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұраулы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық.
• 10 Тамыз, 2018
Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды.