Мәдениет • 24 Қыркүйек, 2023

Қазақ – қашанда қазақ!

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ!

Бұл қазақ бала десе нұр жүз еді,

Жорасы жөн-жосығын білгізеді.

Жеткізіп жеткіншегін ашамайға,

Ырымдап тай-құнанға мінгізеді.

выа

Атқа мінсе, азамат болды дейді,

Бақ туы ат үстінде желбірейді.

Арманы әр баланың – атқа міну,

Тілегін ол баланың ел тілейді.

 

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ