• 24 Шілде, 2018
Абай хакімнің даналығына жіті үңілсек, әлемді ең әуелі махаббат пен мейірім құтқаратынын аңғарар едік. «Әлемді сұлулық құтқарады» дейді Достоевский. Осы сұлулықтың негізі де махаббат пен мейірімде жатыр. Мейірбандық болмаса жан сұлулығы жайында айтып та қажет емес. Сөйтіп әлемді мейірім құтқарады десек, бұл арадағы әлеміміз – адамзат. Ал адамзатты түрлі бәле-батырлардан, кесір-кесапаттан, әсіресе ауру-сырқаудан Алладан кейінгі басты қорғаушы құтқарушылардың бірегейі медицина екені аян.
• 11 Шілде, 2018
Жақында жастық шағында жарқылдап дәурен сүрген, марқұм ағамызбен бақытты ғұмыр кешкен, қазір сексеннің сеңгірін саялаған бір жақсы апамыздың көңілін сұрап, халін білгенбіз.
• 28 Маусым, 2018
Анық қазақ журналистикасының Алаш баласының асыл мұраты хақында ақиқи сөзін әр уақытта айта отырып бір ғасырдан астам жүріп өткен шырғалаң жолы, бұралаң өрі, Абылай аспас асуларды алып асқақ сөйлеген биік белі көз алдыңа келеді. Сонда байқағанымыз, қандай қиын-қыстау уақыттарда да қазақ баспасөзінің қайраткерлері қалам сертінен, ел-жұрт алдындағы адал сертінен ешбір таймағанын көреміз.
• 01 Маусым, 2018
Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңдердің қайсысында болсын ең бақытсыз, ең дәрменсіз, ең мүшкіл де қорғансыз халде балалар қалады. Өткен ғасырдың 30-жылдарының басында Қазақстанды жайлаған ашаршылық кезінде де солай болды. Қазақ ұлтына жасалып жатқан қара қастандық зұлматтың ең ауыр да аянышты азабын балалар кешті.
• 23 Мамыр, 2018
Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгермес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адамның көзіне шел қаптататын қара қызғаныштардан кекшілдік пен күншілдік, бақастық пен бақталастық қоздап, неше түрлі қылмыстар жасалып жататыны да ешкімге құпия емес.
• 17 Мамыр, 2018
Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік.
• 04 Мамыр, 2018
«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт!» деп толғаған екен жыр алыбы Жамбыл. Иә, батырлық сонау ықылымдағы Гомер заманынан бері қастерленіп келе жатқан ерлердің ерекше қасиеті. Ел үшін қырғын шайқастарға кіріп, жаудың жағасын жыртқан батырларын ардақтап асқақтатуға келгенде қазақтың алдына түсер халық бар ма екен, сірә?!
• 30 Сәуір, 2018
Қазақтың жолы үлкен, үш әріптен кейіптелген кішкене бойына көп мағына сыйғызған салиқалы да салмақты сөздерінің бірі – жол. Қазақтың жолы десек, ол халқымыздың ықылым заманнан бергі бастан кешкен тарихын білдіреді. Сонымен бірге ұлттық жөн-жоралғымызды, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді де осы жол деген сыр-сипаты мол сырбаз сөзбен әдемі айшықтап жатамыз.
• 20 Сәуір, 2018
Жер бетінде сонау да сонау көз жеткісіз, көңіл сенгісіз небір ықылымдардан бері жасап келе жатқан заты адам баласының ең зарлы мақсаты не десе, ол – адам болу дер едік. Түр-сипатыңмен, тәніңмен ғана емес, жаныңмен, алпыс екі тамырыңдағы қаныңмен, бүкіл болмыс-бітіміңмен.
• 13 Сәуір, 2018
Әдебиет пен әдеп – мағынасы әртүрлі болғанымен, тегі бір, түбі бір, туыс сөздер екенін байқасақ керек-ті. Рухи тұрғыдан жақын. «Әдебиет – ардың ісі» деп қайталаудан жалықпай келеміз. Ал ар-ожданның көрнекті тұсында, алдыңғы шебінде әдеп тұрады емес пе. Шынымен-ақ қазақтың бас хакімі айтқандай, «ар ұялар іс қылмас ақыл зерек». Демек әдептен аттаған, ар ұялар іс қылған, қарапайым кісілік мәдениетінен құралақан адам қанша дарынды, тумысынан талантты болса да, халық сүйген ардақты ақын, жампоз жазушы болып та жарытпасы хақ.