• 05 Сәуір, 2018
Абай хакімнің айтуында, адамның жүректен аяулы жері жоқ. Айрықша бөліп айтқан адамдық үш қасиеттің бірі де – жылы жүрек. «Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі» дейді. Ал ғақлия қара сөздерінің соңын: «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет, сезім» деп тұжырымдайды. Осыған ой жүгіртіп пайымдағанда дүниені ұстап тұрған адамдық асыл қасиеттердің асқар шыңында әділет пен мейірім тұрмағы лазым.
• 27 Наурыз, 2018
Атам қазақтың «алақан» деген бір тамаша сөзі бар. Дүниедегі ең ғажайып мейірім – аналардың алақанында. Ал енді алдыңғы толқын ағалардың ізгі жүректі, игі тілекті қамқор алақаны ше? Ағалар алақанының шарапаты тимеген, жақсылығын көрмеген жан бұл өмірде, сірә, да жоқ болар.
• 12 Наурыз, 2018
Тіл мен сөз өнері, ақындық пен жазушылық, хакім Абайдың пайымына жүгінгенде, дертпен тең, көк бұлттан ашылған, Тәңірінің берген өнері, табиғаттың тартқан өзгеше сыйы дейміз. Бұл бір құдіреттің күшімен дарыған ерекше қасиет. Туабітті талант иесінің жан-жүрегі пәк сезімдерге шүпілдеп, нұрлы сәулелерге шомылып, ізгіліктің қайнарындай, жақсылықтың жайлауындай жадыратары бар.
• 16 Ақпан, 2018
Гумилев анықтамасына жүгінсек, пассионарлық – жұлдыздардың әсерімен, табиғат пен тарихаттың қилы дүмпулерімен қайталанып тұратын заңды құбылыс. Пассионарлар бойларында тасыған күш-қуатты, жүректеріндегі жалын жігерді айнала төңірегін, келе-келе күллі қауым-жұртын өзгерту орайындағы мақсатты жұмысқа жұмсайды. Олай болса, пассионарларды қоғамдық қозғалыстың неғұрлым белсенді тегершіктері, жаңашылдар, жасампаздар десек те жарасады.
Медицина • 08 Ақпан, 2018
Халықнама немесе Тәтімов мұраты
Бүгінгі қазақ қоғамы демограф Мақаш Тәтімовтің деректеріне жиі жүгінеді, болашақта да жүгіне бермек. Ол қазақтың демография ғылымының негізін салып қалыптады, әділетті түрде еліміздің бас демографы атанды. Халықнама пырағын ерттеп мініп, ақтық деміне дейін туған халқына адал қызмет етуден, өзінің өмір бойғы айнымас асыл мұратынан жазбады.
• 26 Қаңтар, 2018
Адамзат тарихында нақ жиырмасыншы ғасырдай әрі ұлы, әрі дүлей ғасыр сирек кездескен-ақ шығар. Осынау алапат ғасырда демографиялық тұрғыдан алғанда дәл қазақтай шығын көрген халық жоқ екендігін жаны жаннатта болғыр бас демограф-ғалымымыз Мақаш Тәтімов ағамыз да әркез ізерлеп айтып отырушы еді. Халқымыздың саны ғана еселеп кеміп қойған жоқ, сапасы да құлдырады. Әсіресе 1937-38 жылдардың сүргіні қазақтың ақыл-ойына, зиялысына келген ғаламат зауал болды.
• 18 Қаңтар, 2018
Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сіңген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енетініміз бар.
• 10 Қаңтар, 2018
Ой жүгіртіп, көңіл көзін кеңірек ашып қарасаңыз, бұл дүниеде уақыттан құдіретті не бар?!
• 01 Қаңтар, 2018
Ықылымнан келе жатқан ынсап деген ұғым-түсінік бар. Біле білгенге ынсаптың мағынасы өте терең. Әрбір ізгілікті һәм иманды адамның өмірлік мұратының, адамшылық қағидасының алтын арқауы осы ынсап деп білгеніміз абзал. Ата қазақ: «Ынсапсызда ұят болмайды» деп бекер айтпаған. Хакім Абай: «Ынсап, ұят, терең ой – Ақыл, зейнет, біліп қой» деп қайырған. Олай болса, адам бойындағы ең асыл қасиеттердің қатарында да осы ынсап, ынсаптылық тұрмақ.
• 15 Желтоқсан, 2017
«Қазақ елі үшін ең басты құндылық не?» десе, мың-миллиондаған отандастарымыз: «Ол біздің алтыннан да ардақты, күмістен де салмақты Тәуелсіздігіміз!», деп жауап қатары шүбәсіз.