• 06 Шілде, 2017
Байқар болсақ, «астана» деген сөз қазақта ежелден бар. Мұның өзі халқымыздың бағзы замандардан бері іргелі ел, тегеурінді бел болғандығын айғақтап көрсеткендей. «Тауға да керек астана, тасқа да керек астана» деп қазақтың аяулы ақыны Төлеген Айбергенов жырлағандай, ұйысқан ұлыс, еншілескен ел болған соң астаналы жерге, асқаралы белеске елордасы да тігілмей тұрмасы анық. Бұл ақиқатты қазақ тарихының қатпарлы шежіресінен көреміз.
• 29 Маусым, 2017
Алаш ұранды, ағаш керегелі халқымыз үшін қазақтың бірлігі қашаннан-ақ қастерлі сөз, қасиетті ұғым болған. Абылай баһадүр ханның әйгілі үш арманының, үш өкінішінің бірі де осы бірлікке саяды.
• 22 Маусым, 2017
Қазір қалада тұратын аға буын ұрпақтың басым көпшілігінің санасындағы, жалпы жан дүниесіндегі, ұғым-түсінігіндегі алтын бесік ауыл бейнесі балалық шақтың бал дәуренінде қалыптасқан ғой. Содан да болар, қашанда көл көңілді қазақы мінездің, астың асыл-дәмдісін көпке сақтайтын дархан пейілдің, айтпай келетін қыдыр қонаққа қуанатын мырза бейілдің нұр шуағына малынып өстік десек те болады. Қарап отырсақ, осындай ақ-адал пейіл, көңілдің кеңдігі қазақтың құты екен-ау.
• 06 Маусым, 2017
Біздің әңгімеміз жеке адамның мәдениеті, кісілік келбеті, халқымыздың дәстүрлі әдебі, жалпы адамгершілік құндылықтар орайында өрбімек. Сонымен, мәдениет емес, мәдениеттілік туралы сөз қозғамақпыз.
• 26 Мамыр, 2017
Қазақтың әзелден ардақ тұтып қастерлейтін қасиетті ата құндылықтарының арасында Ер мен Жердің алатын орны ерекше. Ер қашанда туып-өскен жеріне тартып туады. Осы бір жайды «Тау баласы тауға қарап өседі» деп жырлаған тұма жырлы Тұманбай Молдағалиевтай ақын ағамыз да кезінде жақсы аңдатқан еді. Себебі, ер жерге кіндігімен байланады, туған жерінің барша қадір-қасиетін тұла бойына сіңіріп, көкірегіне құйып, соған бүкіл жан-жүрегімен ізгілік қайнарына бас қойғандай сусындап өседі. Осылайша туған жер алдындағы перзенттік парыз жүгі салмақтана бермек, туған жерге деген перзенттік ыстық ілтипат пен махаббат тұрпаттанып толағайлана түспек.
• 19 Мамыр, 2017
Қай заманда болсын туған елі үшін толарсақтан саз кешіп, етікпенен су кешіп, желдің өтінде, жау жақ бетінде жүрер ерен тұлға, біртуар перзенттердің жөні де, жолы да бөлек. Бұл қазақта ел қамын жеп еңіреген Едіге сынды не сан ерлер өткен. Оларды «Есіл ерім!Асыл азаматым!» деп асқақтатады. «Ел бағына туған ер» деп әспеттейді. Ер деп, азамат деп жаяу борасын, жай жөпшеңділерге айтылмайды. Шын мәніндегі ер деген атаққа ілігу ілуде біреудің қолынан келмек.
• 05 Мамыр, 2017
Жарықтық Сәбеңнің – Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романының аяқталар тұсында Көкшенің кеудесінде тұрып қазақ даласының ұлы тауларын жіпке тізіп шығатыны әсіресе көнекөз, түрік құлақтардың есінде болар. Ел мен жердің қасиет-киесін бір ауыз сөзбен түгендегендей сол ғибратты жолдарды тағы бір көкейде тоқып, көңілде өрнектеудің тарихи сәті енді түскендей.
• 25 Сәуір, 2017
«Қазағымның көп тарихы Көкшеде, қаланып тұр Оқжетпестей текшеге»... Осыдан біраз жылдар бұрынғы бір өлеңімізде осылай деппіз. Шын мәнінде де Көкшетау халқымыздың кенен тарихы қатпарланған қасиетті жерлерінің қатарынан ойып тұрып орын алатынына сөз бар ма?
• 11 Сәуір, 2017
Қазақта: «Мал құлағы саңырау» дейтін ежелден келе жатқан бір қанатты сөз бар. Жантүршігерлік сұмдық сойқандар, қаражүрек қиянаттар болғанда, соны естігенде, көргенде шарасыздықтан, сондай бір азғындық істі жеккөру мен жиіркеніштен айтылған сөз.
• 04 Сәуір, 2017
Біздің қазақ «кіндік» деген сөзге ежелден кең мағына, үлкен мазмұн бергендігі байқалады. Сөйтіп, бірте-бірте, бірден-бірге кіндік қасиетті ұғымға айналып, қала берді, философиялық категория жүгін арқалау деңгейіне жеткен.