19 Қаңтар, 2017

2016 жылы қазақстандықтар 900 млн долларға көлік сатып алды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20170119173144 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында ресми дилерлер 43 845 жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөліктерді өткізді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 53,6 пайызға төмен, деп хабарлады ҚазАқпарат.  Шетел валютасында нарық 869,9 млн. АҚШ долларын құрады. Былтырғы қорытынды бойынша сатылған 32 959 көлік импортқа, ал 10 886 машина қазақстандық автозауыттардың үлесіне тиесілі. Елімізде сұранысқа ие брендтердің көшін «Toyota» бастап тұр. Яғни есепті кезеңде жапондық 8 809 машина өткізілді. «Lada» дилерлері 8 146 көлік сатса, үштікке еніп отырған «Renault» компаниясының 3 742 автомобилі өз иелерін тапты. Модельдер арасында бірінші орында «Toyota Camry» тұр. Жапондық седанды 3 148 мың сатып алушы қалаған. Сұранысқа ие модельдер бестігіне  «Lada Priora» (2285 көлік), «Lada 4x4» (2 221), «Lada Granta» (1883), сондай-ақ «Renault Duster» (1749)  еніп тұр. Сонымен қатар, қаңтар-қазанда жаңа көлікті сатып алу жағынан Алматы тұрғындары белсенділік (13155 автомобиль) танытқан. Осы ретте екінші орында Астана (7740 ) болса,  ал үшінші орыннан Атырау (3258) байқалды. Автокөлік саласы кәсіпорындарының салықтық төлемі жыл нәтижесі бойынша 18,9 млрд. теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2015 жылғыдан 40 пайызға төмендеу болды. Белгілі болғандай, төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша ақшалай мәнде нарықта өсім болды, яғни желтоқсанда ел тұрғындары көлік сатып алуға 293 млн. доллар жұмсады.