20 Қаңтар, 2017

Астанада екі автобус бағдары өзгерді

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада екі автобус бағдарының қозғалыс сызбанұсқасы өзгерді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты. Елордалық Жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, қаланың бағдарлық желісін оңтайландыру аясында 2017 жылдың 23 қаңтарынан бастап № 29 және № 76 бағдарлардың қозғалыс сызбанұсқасына келесідей ішінара өзгерістер енгізілетін болады. №29-бағдар соңғы «Дархан» балабақшасы аялдамасынан - «Астана-Қарағанды тас жолы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Төлебаев көшесіне бұрылмай, Абылай хан даңғылының бойымен жүреді. Кері бағытта өзгеріссіз. 1c222208f123d44522b038b2085 №76-бағдардың қозғалысына келесідей өзгерістер енгізілді: Соңғы «Азамат» шағын-маркеті аялдамасынан - «Балқантау көшесі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай бағдар Балқантау көшесіне бұрылмай, Айнакөл көшесінің бойымен жүреді. Кері бағытта соңғы «Рита» дүкені аялдамасынан - «Мереке» СҮ аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Балқантау көшесіне кірмей, Айнакөл көшесінің бойымен жүреді. aaa2d093627767a67a9189dc4c9